Сайрам ауданында тұрғындарды толғандырып жүрген түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Соның ішінде, жол мәселесі аудан әкімі Арман Сәбитовтің тұрақты бақылауына алынған. Бүгінде ауданға қарасты елді мекендерде жергілікті көшелердің жолдары кезең-кезеңімен жөнделіп, қалыпқа келтіріліп жатыр.
Биыл Қарамұрт ауылында жыл соңына дейін 7 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2,8 шақырымды құрайтын Абай, 1,4 шақырымды құрайтын Жеті мама, 710 метр шамасындағы М.Шерметов көшелеріне асфальт төселді. Аталған көше тұрғындары атқарылған жұмыстар үшін жауапты тұлғаларға өз алғыстарын білдіруде.
Алдағы уақыта ауылдық округтегі көлік қатынасының сапасы мен қарқынын жақсарту мақсатында Жамбыл, Сайрам, Р.Нематуллаев, Полатов көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Айтпақшы, орайы келгенде атап өтер маңызды ақпарат, Түркістан облысының Сайрам ауданында жаңа бастама қолға алынды. Аудан әкімі Арман Сәбитовтің тапсырмасына сәйкес, «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиосының хабарлары ауданға қарасты ауылдарда күнделікті таратылуда.
Жаңадан іске қосылғалы жатқан аталмыш радиотолқын желілері тұрғындарға мемлекеттік тілде тәулік бойы елден айшықты ақпараттар жеткізеді. Бұдан бөлек, тұрғындардың әсем әуен, рухты күймен сусындап, рухани тұрғыда қуаттануына өзіндік үлесін қоспақ.
Осылайша, халық көп орналасқан қоғамдық орындар мен орталық көшелерде, мәдениет ошақтарында көпшілікке түрлі тақырыптардағы танымдық дүниелердi тыңдауға мүмкіндік туады. Осы арқылы өскелең ұрпақтың салиқалы тұлға ретінде қалыптастыру, қазақ тіліндегі құнды дүниелерді көпшіліктің санасына сіңіру көзделіп отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.