Түркістан облысы: Сайрам ауданында каналдар тазаланып жатыр

Сайрам ауданы әкімінің Арыс ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген, елді мекен ішінен өткен ұзындығы 4 шақырымды құрайтын «Қалмақтоған» каналының су алып (шайып) кететін қауіпі аймақтарын ретке келтіріп беру мәселесі айтылған болатын. Аталған мәселе бойынша шаруа қожалығы жерлеріне ағын су баратын «Қалмақтоған» каналының су алып кетуі мүмкін болған қауіпті жерлерін «Ақсу» МКК тарапынан қазып, ретке келтіріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді және бұл мәселе өз шешімін тапты.

Сайрам ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының техникаларымен Құтарыс ауыл округі аумағында орналасқан Мұсабек, Қызылжар, Оймауыт каналдарының 15 шақырымын механикалық тазалау жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңда аталған каналдардың 6 шақырымы тазаланып су өткізу қабілеті жақсарды.

Сонымен қатар Сайрам ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының техникаларымен Қарамұрт ауыл округіндегі «Олжалы» каналының 5 шақырымын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2,5 шақырымы тазаланды. Нәтижесінде, 250 гектар сурмалы жердің сумен қамтамасыз етуі жақсарады.

Бұдан бөлек Сайрам ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының техникаларымен және мекеме қызметкерлерімен Ақсукент ауыл округіндегі «Көтерме» каналының 2,5 шақырымын күл-қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 200 гектар сурмалы жердің сумен қамтамасыз етуі жақсарады.

Аудандағы суармалы жерлерді 53 канал ағын сумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 47-сі — коммуналдық меншікте, 6-ы — жеке меншікте. 2023 жылдың бүгінгі күнге дейін жалпы ұзындығы 22,1 шақырымды құрайтын Көлкент (Анарарық — 6 шақырым), Манкент (Соқақ — 2,5 шақырым), Қайнарбұлақ (ішкі арықтар — 3,5 шақырым), Қарамұрт (Қыдыр — 5 шақырым), Ақбұлақ (Күшік — 1,8 шақырым), Қарасу (ішкі арықтар — 0,8 шақырым), Құтарыс (Мұсабек — 2,5 шақырым), Ақсукент (Көтерме — 2,5 шақырым) ауылдарындағы каналдар мен арықтар механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда, Қарамұрт ауыл округіндегі Олжалы каналының 5 шақырымын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Сайрам ауданында 11 ауылдық округте 42 елді мекен бар.

Сайрам ауданының барлық жер көлемі 114761 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 76820 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 51862 гектар, оның ішінде суармалы егістік — 15466 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер — 2110 гектар, аудан аумағындағы жайылымдар — 22090 гектар, шалғайдағы (аудан аумағынан тыс жерлерде пайдаланылатын жайылымдық) жерлер — 8234 гектар.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 76820 гектар, Елді мекендердің жерлері — 22342 гектар.

Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 1940 гектар.

Орман қорының жерлері — 243 гектар. Су қорының жерлері — 1028 гектар.

Арнаулы жер қорының жерлері — 12388 гектар.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Сайрам ауданында 11 ауылдық округ (Ақбұлақ, Ақсукент, Арыс, Жібек жолы, Қайнарбұлақ, Қарабұлақ, Қарамұрт, Қарасу, Құтарыс, Көлкент, Манкент), 42 ауылдық елдімекен орналасқан.

Ауданда туризм және демалыс орындары үшін пайдалануға болатын табиғи ландшафтар мен шырайлы жерлер көп.

Соңғы деректерге қарағанда аудан территориясында құстың 167, сүт қоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 және балықтың 5 түрі мекендейді. Шыбын-шіркей, құрт- құмырсқаның 2124 түрлері бар.

Сайрам ауданы өсімдіктер дүниесіне бай, аудан аумағында мүктің 63 қынаның 64-тен астам қозықұйрықтың 235, жоғары сатыдағы өсімдектердің 1312 түрі өседі. Соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 16 түрі кездеседі. Бұл — бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі.

Аудан тау етегінде орналасқан, суық болмайтын күндері 185-200 күнді құрайды, жылдық ауаның ылғалдылығы 330-390 мм. Қыс айларында қардың қалындығы 20-30 см-ге барады. Ұзақтығы 120-126 күнге созылады. Жер қыртысы ылғалды ашық сұр топырақты болып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы көп салалы егіншілік және мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның тура ортасынан тау етегінен бастау алатын Ақсу өзені өтеді.

Егін шаруашылығында басты егілетін — дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), мақсары, көкөніс, бау, жүзім, мал азықтық жоңышқалар.

Аграрлық құрылымында 8030 шаруа қожалығы, 244 өндірістік кооператив пен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін мекемелер жұмыс істейді. Олардың ішінде бір неше консервілеу зауыты. Бүгінгі таңда Сайрам ауданында алма бау өсірумен айналысатын «Қара казим» ӨК, «Галия», «Сарман тәжі», «Нұрлы жол», «Айша» ШҚ-ры, жүзім 98 гектар, интенсивті баумен айналысатын «Dala Fruit», «Алмалы-С» ЖШС-і және «Dala Fruit» АШӨК-дері алма бау өсіріп, бүгінгі таңда жоғары өнім алынуда. Жазы ыстық шілде айының орташа температурасы — 27-42 градус.

Ауданның дамыған гидрографиялық жүйесі бар. Аудан аумағынан өтетін Ақсу, Арыс және Машат өзендері негізгі суландыру көздері болып табылады. Құрамында минералды бай қоспалары бар емдік жылы суы арқылы Республика көлемінде жақсы танымал «Манкент» шипажайы бар.

Сайрам ауданы аумағын ағын сумен барлығы 53 канал қамтамасыз етеді. Бұл каналдардың 47-сі Сайрам аудандық коммуналдық меншігінде, бұдан бөлек 6 канал — жеке меншікте. Сайрам ауданы әкімдігінің «Ақсу» МКК-ның шаруашылығына жалға берілген 47 каналдың жалпы ұзындығы — 362 шақырым, оның ішінде бетонды канал — 6, ұзындығы — 51,44 шақырым, жер каналдар — 41, ұзындығы — 302 шақырым. Осы каналдарда 173 су бөлу бекеті орнатылған. Бұл каналдардың су басы Ақсу, Арыс өзендерінен және кішігірім көл, бұлақтардан басталады. Ақсу өзенінен су бөлетін 2 бөгет — Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының «Тұран — су» МКК меншігінде. Арыс өзенінде су бөгеті жоқ.

Аудан көлемінде 17254 гектар суармалы жер көлемі орналасқан. Аудан көлемінде үлкенді-кішілі 3 өзен бар. Аудан аумағында өзендер таулы аймақтардан бастау алады.

Өзендер: Ақсу өзені, ұзындығы — 53 шақырым, Арыс өзені, ұзындығы — 37 шақырым, Машат өзені, ұзындығы — 5 шақырым. Жалпы ұзындығы — 95 шақырым.

Сайрам ауданы Түркістан облысының ірі агро-өнеркәсіптік аудандардьң бірі болып саналады. Аудан негізінен ет-сүт, дәнді дақылдар, май өнімдері, жеміс-жидектер, көкініс өнімдерін өндірумен айналысады.

Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы — 76820 гектар. Оның ішінде егістік жерлер — 51862 гектар, оның ішінде суармалы егістік — 15466 гектар, көп-жылдық екпе ағаштары — 2110 гектар, жайылымдық — 22090 гектар.

Халқымызды азық-түлікпен толық қамтамасыз ету — бірінші кезекте, мал шаруашылығы азығының негізі болып табылатын табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану болып табылады.

Сайрам ауданы — мал шаруашылығы дамып келе жатқан өлке. Сондықтан, табиғи жайылымдарды басқару және оларды тиімді пайдалану жөніндегі жоспар-жайылымдарды ұтымды пайдалану, ауыл       шаруашылық малдарын жем-шөпке деген қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбаудың негізгі мақсаты болып табылады.

Бүгінгі заман талабына сәйкес қалыптасып отырған меншік иелері үшін табиғи жайылымды сақтау мен пайдалану арасындағы қатынасты сақтай отырып, мал шаруашылығын тұрақты дамыту талабы — кезек күттірмейтін міндет. Әрине, бұл мәселені шешудің төте жолы – жайылымдық жерлердің жағдайын жақсарту шараларын іске асырып, жайылымдарды тиімді де ұтымды пайдалану болып табылады.

Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: ветеринариялық станциялар 11, ұсақ малдарды шомылдыру орындары 20, жасанды ұрықтандыру пункттері14, биотермиялық шұңқырлар 11.

Аймақтағы мал өсірудің негізгі қорлары шөп шабындық болып табылады, ол жылдық тұтынылатын жемнің 20-35 пайызын құрайды. Қолайлы жылдары ұсақ мүйізді ірі қара мен жылқылардың көпшілігі табиғи жайылымнан тамақтану кезінде қажет қоректік заттарды алады.

Ауыл шаруашылығындағы мал өрісін тиімді пайдалану шарасын іске асыру үшін әр үйде ұсталынатын мал басын (сауынды сиыр) анықтап елді мекендер шегіндегі ортақ пайдаланудағы жайылымдық жерлерге қалдыру қажет. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес анықталуы тиіс.

Сүт өніміндерін өндірумен айналысатын сауынды сиыр басы 100-150 ден астам қожалықтарды жайылыммен қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты мақсаты.

Сонымен қатар, жайылымдардың тиімді алаңдарына жүктемені азайту мақсатында, жас малды Қайыршақты және Құрмашат тауларында жаю ұйымдастырылған.

Аудан бойынша арнайы жер қорындағы жайылым жерлерімен өз малдарын қамтамасыз етіп, өзге аудандарға жалға беруге мүмкіндігі бар Бәйдібек ауданын атауға болады.

Сайрам ауданы қолданыстағы ортақ пайдаланудағы жайылымдық жерлеріне малдарын қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмауына байланысты мүмкіндігі бар аудандарға бекітіп, қажетті жайылымдық өрістерін бөлу мәселесі жайылымдық мал жаю салмағын төмендетудің негізгі жолы ретінде ұсынылады.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 бұйрығымен ауданның ауылдық округтердің топырақ климаттық және метерологиялық жағдайларына байланысты жайылым жерлерде азықтық массасының шығымдылығы мен желінгіш азықтық үлесін есептей отырып, аудандағы ауылдық округтерде орта есеппен: уақ малға – 2 гектар, ірі қара малға – 8,0 гектар, түйеге – 9,0 гектар, жылқыға – 9,0 гектар болып нақтыланған.

Сайрам ауданы әкімдігінің есебімен, мал санына сәйкес жайылым жермен қаматмасыз ету үшін көлемі 653 388 гектаржайылым керек. Ауданымыздағы жалпы жайылым жер көлемі 22090 гектар құрап отырғанын ескерсек, 631 298 гектар жайылым жерінің жетіспейтіндігі мәлім болып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.