Түркістан облысы: Сайрам ауданында мектеп ұстаздарының арасында «Әдебиет әлемі» облыстық байқауы ұйымдастырылды

Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 19 сәуір күні Сайрам ауданындағы «Д.Қонаев атындағы ЖОМ» ЖШС базасында «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: орта білім беру ұйымдарының филолог мамандары арасында ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, ұстаздардың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту.

Байқау үш бағыт бойынша өтті:

  1. «Өлең — сөздің патшасы» (поэзия аталымы).
  2. «Қазіргі білім беру парадигмасындағы филологиялық зерттеулер» (ғылыми жоба аталымы).
  3. «Көңіл сазы» (музыкалық өнер аталымы).

Байқауға үш бағыт бойынша қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, өзбек, тәжік тілі мен әдебиеті және ағылшын тілінің педагогтері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен жеңімпаз және жүлдегер атанған педагогтер Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және мадақтамалармен марапатталды.

Сонымен қатар осы күні «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 жылдарға арналған облыстың жол картасы аясында ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Төлеби ауданындағы «Қазығұрт» ЖББМ базасында «Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолдары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Мақсаты: білім сапасын жақсарту үшін басқару мен бақылауды ұйымдастыруда әдістемелік қолдау көрсету.

Білім беру саласындағы инновациялармен байланысты динамикалық өзгерістер мектеп әкімшілігінен білім беру процесін тиімді іске асыру үшін өзгерістерді жоспарлау мен басқаруда жаңа тәсілдерді талап етеді.

Білім беру ұйымының заманауи басшысында басқару құзыреттілігі болуы тиіс, өзінде стратегиялық көшбасшылық дағдыларын дамыта отырып, бүкіл мектеп командасының тиімді жұмыс нәтижесін көрсете алуы керек. Білім беру процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру маңызды.

Бақылауға және жақсартуға байланысты басқарушылық міндеттерді іске асыру үшін жыл сайын әрбір мектеп «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттардың Тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес мектепішілік бақылау жоспарын әзірлейді (МІБ).

Мектепішілік бақылау жоспары 6 бағыттан тұрады:
1. Нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау;
2. Оқу процесінің сапасын бақылау;
3. Оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша және үлгерімі төмен оқушылармен
жұмысты бақылау;
4. Оқу-зерттеу қызметі;
5. Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай-күйін бақылау;
6. Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау.
Мектепішілік бақылауды жоспарлау алдында аналитикалық деректерге сүйене отырып, білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мәселесін шешу үшін күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерді анықтау мақсатында SWOT талдауын жүргізген жөн.
6 бағытқа назар аудара отырып, әр мектептің әкімшілігі оқу жылының соңында бақылау объектілерін анықтайды және нақты білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін жетілдіру идеясына бағытталған басқару шешімдерін болжайды.
Мектепішілік бақылау жоспарын іске асыру бойынша әзірленген Нұсқаулық мектеп басшысы мен орынбасарларын қамтитын басқару тобына мектепішілік бақылауды іске асыруға жауапты барлық бағыттар бойынша тиімді басқару шешімдерін қабылдаудың пәрменді моделін құруға көмектеседі.
Нұсқаулықта нақты мектептің жағдайына бейімделуге болатын келесі материалдар берілген:
1. Бақылаудың әрбір бағыты бойынша «Басқару шешімдерінің матрицасы»;
2. Мектепішілік бақылау Жоспарының үлгілері мен жалпыланған нұсқалары.
Ұсынылатын материалдың әр нұсқасы тәжірибелік тұрғыдан құнды, өйткені оқу-тәрбие процесінің барлық көрсеткіштерінің жақсаруымен қатар, күшті жақтарын арттырып, қауіптерді азайту үшін МІБ жоспарын қолайлы, өзекті етуге мүмкіндік береді.
«Басқару шешімдерінің матрицасы» — қауіптерге негізделген объектілерді анықтауға арналған ыңғайлы алгоритм, ол сонымен қатар анықталған мәселені түзету немесе жою үшін басқарушылық шешімнің нұсқасын ұсынады. Жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен тартылған әкімшілік ресурстардың орындылығы басқарушылық шешімдерді таңдауға байланысты болады.
МІБ жоспарының үлгілері мен жалпыланған нұсқалары бақылау жоспарының тақырыбын, мақсатын, түрін және басқа элементтерін анықтауда қиындықтары бар мектеп командалары үшін пайдалы болады.
МІБ жоспарлау кезінде SMART критерийлеріне сәйкес келетін (нақты, өлшенетін, қолжетімді, шынайы, уақытпен шектелген) бақылау мақсатын қоюға ерекше назар аудару қажет.
Әдістемелік бірлестік жетекшілерін, тәжірибелі педагогтарды, шығармашылық топтарды жұмысқа тарта отырып, мектеп командасының әрбір субъектісінің жауапкершілік дәрежесін дұрыс бөлу маңызды. Әр мұғалім мен сынып жетекшісі өз жұмысының әлсіз жақтарын дербес анықтап, жағдайды өз құзыреті шегінде түзететін өзін-өзі бақылау құралдарын әзірлеу басқарудың тиімді қадамы бола алады.

Семинар барысында «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Р. Алтынбеков «Мектептің даму жоспары және оның принциптері», «Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, түсіндірді. Кафедра әдіскері С.Нұржанова «Мектептегі өзгерістерді басқару жолдары» тақырыбында әдістемелік қолдау жасап, семинар соңы практикалық жұмыс және сұрақ-жауап әдісімен жалғасын тапты.

Елімізде білім беру мен ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. Қазіргі жағдайда білім беру процесіне қатысушылардың қызметі білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

Мектептегі әкімшілік және қоғамдық бақылаудың педагогикалық процестің әрбір қатысушысының өзін-өзі талдауы, өзін-өзі бақылауы және өзін-өзі бағалауымен үйлесуі мектеп жұмысына тән тәжірибе. Өзін-өзі басқару тәсіліне көшу барысында мектептің қызметін бағалау мектептің әдеттегі жұмысы.

Бақылау – басқарудың маңызды міндеттерінің бірі. Бақылау процесі стандарттарды (критерийлерді) орнатудан, қол жеткізілген нақты нәтижелерді өлшеуден және егер қол жеткізілген нәтижелер белгіленген стандарттардан айтарлықтай өзгеше болса, түзету әрекеттерінен тұрады.

Мұғалімнің жұмысының сапасы, оқушылардың білімі, олардың тәрбиесі сапаны басқарудың кешенді мақсатты бағдарламалары негізінде педагогикалық процесті мектепішілік басқарудың тиімділігі тұрғысынан зерттеліп, бағаланады. Мектептің инновациялық қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында бақылау, зерделеу, тексеру, мониторинг, ақпарат жинау және өңдеу, оны талдау, жүйелеу, жүйенің жай-күйін айқындайтын мектепішілік бақылау.

Басқарудың мақсаты: мектепішілік бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру, білім беру процесінің сапасын мониторингілеу жолдарымен бөлісу.

Міндеттері:

 — мектепішілік бақылауды жоспарлау алгаритмі;

 — МІБ ұйымдастыр кезеңдері;

 — МІБ іске асыру жолдары;

Педагогикалық бақылау түрлерінің, оның ұйымдастырушылық формалары мен құрылымдарының көптеген жіктелімі бар. 

Соның ішінде: 

Сыртқы бақылауды – білім беруді басқару органдары жүзеге асырады. Сыртқы бақылаудың мазмұны, әдетте мыналардан тұрады:

  1. білім беру процесі жағдайларының лицензиялық талаптарға сәйкестігін бағалау
  2. білім беру мазмұнының, деңгейі мен сапасының аттестаттау талаптарына сәйкестігін бағалау.
  3. білім беру процесінің мақсатының, жағдайларының, мазмұны мен нәтижелерінің мәлімделген үлгідегі және оқу орны үшін аккредиттеу көрсеткіштеріне сәйкестігін бағалау. Акредиттеу 5 жылда бір рет расталады.
  4. профилактикалық бақылауды жүзеге асыру.

Ішкі бақылау – білім беру ұйымдарының уәкілетті тұлғалары білім беру және тәрбие процестерінің жағдайын диагностикалау мақсатында жүргізілетін білім беру қызметін кешенді талдау. 

 Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері:

Мақсаттары:

а) мектептегі педагогикалық процестің қызмет етуі мен дамуының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес келуіне қол жеткізу;

ә) білім алушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім алу мүмкіндіктерін,  денсаулық жағдайын ескере отырып, білім беру процесін жетілдіру.

          Міндеттері:

білім беру саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзу және орындамау жағдайларын анықтау және олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;

педагог қызметкерлер қызметінің тиімділігін талдау және сараптамалық бағалау;

білім беру процесін ұйымдастырудағы жағымсыз және оң үрдістерді анықтау және оларды  жою мен дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

мектептегі бұйрықтар мен өкімдерді іске асыру нәтижелерін талдау;

педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.

Семинарға Төлеби ауданы білім бөлімінің шағын жинақты мектептерге жауапты әдіскері мен мектеп директорлары (меңгерушілері), директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтер қатысты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin