Түркістан облысы: Сайрам ауданының шаруаларымен ағын су проблемасы талқыланды

Бүгін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігінің, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының, «Ақсу» МКК-ның басшыларының қатысуымен ағын сумен шаруаларды қамтамасыз ету проблемасы талқыланды.

Сайрам ауданы бойынша суармалы жер көлемі — 18 500 гектар, оның ішінде үй іргелік жерлер — 5 073 гектар, суармалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірет жерлер — 13 427 гектарды құрайды.

Суармалы жерлер ағын сумен 53 канал арқылы қамтамасыз етіледі және Ақсу өзеніндегі судың деңгейі төмендеуіне байланысты ағын су тапшылығы туындауда (қажетті 140-150 миллион текше метр ағын су орнына 82,4 миллион текше метр су келуде), осыған орай аудан бойынша ағын су шаруаларға кестемен беріліп жатыр.

Аталған проблеманың өзектілігі мен маңыздылығын ескеріп, жергілікті шаруалармен егістік алқабының басында кездесу өткізіліп, қалыптасқан жағдай бойынша түсіндірме жүргізілді.

Сонымен қатар, шаруалардың ағын сумен қамтамасыз ету барысында туындаған жекелеген мәселелері тыңдалып, канал бойындағы заңсыз құрылыстарды («Янги» каналының бетін бетондау мәселесі) тоқтатуға шаралар қабылдау туралы ұсыныстары қабылданды.

Аталған іс-шаралар нәтижесінде, прокурормен туындаған проблемалық мәселелер бойынша құзырлы органдарға нақты нұсқаулар беріліп, алдағы уақытта осы мағыналас шаралар өз жалғасын табатыны туралы жеткізді.

Ақсу өзені – Түркістан облысындағы өзен. Түркістан облысының Төлеби және Сайрам аудандары аумағындағы өзен, Арыс өзенінің сол саласы. Ұзындығы — 133 шақырым, су жиналатын алабы — 766 шаршы шақырым. Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі 4042 метр биіктіктегі мұздықтан басталады. Жоғарғы ағысында тар шатқалмен ағып, орта тұсында аңғарының ені 150 — 200 метрге, жайылмасы 40 — 50 метрге жетеді. Негізгі толысу көзі — мұздық пен қар суы. Көп жылдық орташа су шығымы Сарқырама ауылы тұсында 9,68 м3/с, кей жылдары төменгі ағысында сарқылып қалады. Суы тұщы, минералдылығы 200 — 400 мг/л. Ақсу өзенінің алабында Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Өзеннің суы негізінен егістікті және бау-бақшаны суғаруға пайдаланылады. Ақсу өзенінің суы негізінен егістікті және бау-бақшаны суғаруға пайдаланылады. Өзен алабында ежелгі Сайрам (Испиджаб) қаласының орны бар. Өзеннің «Ақсу» аталуы: тереңдігі 500 метрге дейін жететін аңғардың табанымен жөңкіп ағатын өзен суы жарқабақ, ақшыл жыныстар арқылы өтетіндіктен, ақшыл болып көрінеді. Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Белые воды» елді мекенінің де атауы осыдан келіп шыққан.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Сайрам ауданында 11 ауылдық округте 42 елді мекен бар.

Сайрам ауданының барлық жер көлемі 114761 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 76820 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 51862 гектар, оның ішінде суармалы егістік — 15466 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер — 2110 гектар, аудан аумағындағы жайылымдар — 22090 гектар, шалғайдағы (аудан аумағынан тыс жерлерде пайдаланылатын жайылымдық) жерлер — 8234 гектар.

Жер санаттары бойынша

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 76820 гектар, елді мекендердің жерлері — 22342 гектар.

Өнеркәсіп, көлік байланыс,қорғаныс және ауыл шаруашылығы емес, басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 1940 гектар.

Орман қорының жерлері — 243 гектар. Су қорының жерлері — 1028 гектар.

Арнаулы жер қорының жерлері — 12388 гектар.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Сайрам ауданында 11 ауылдық округ (Ақбұлақ, Ақсукент, Арыс, Жібек жолы, Қайнарбұлақ, Қарабұлақ, Қарамұрт, Қарасу, Құтарыс, Көлкент, Манкент), 42 ауылдық елді мекен орналасқан.

Ауданда туризм және демалыс орындары үшін пайдалануға болатын табиғи ландшафтар мен шырайлы жерлер көп.

Соңғы деректерге қарағанда аудан территориясында құстың 167, сүт қоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 және балықтың 5 түрі мекендейді. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның 2124 түрлері бар.

Сайрам ауданы өсімдіктер дүниесіне бай, аудан аумағында мүктің 63 қынаның 64-тен астам қозықұйрықтың 235, жоғары сатыдағы өсімдектердің 1312 түрі өседі. Соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 16 түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттенбірі.

Аудан тау етегінде орналасқан, суық болмайтын күндері 185-200 күнді құрайды, жылдық ауаның ылғалдылығы — 330-390 мм. Қыс айларында қардың қалындығы 20-30 см-ге барады. Ұзақтығы 120-126 күнге созылады. Жер қыртысы ылғалды ашық сұр топырақты болып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы көп салалы егіншілік және мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның тура ортасынан тау етегінен бастау алатын Ақсу өзені өтеді.

Егін шаруашылығында басты егілетін дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), мақсары, көкөніс, бау, жүзім, мал азықтық жоңышқалар.

Аграрлық құрылымында 8030 шаруа қожалығы, 244 өндірістік кооператив пен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін мекемелер жұмыс істейді. Олардың ішінде бір неше консервілеу зауыты. Бүгінгі таңда Сайрам ауданында алма бау өсірумен айналысатын «Қара казим» ӨК, «Галия», «Сарман тәжі», «Нұрлы жол», «Айша» ШҚ-ры, жүзім 98 гектар, интенсивті баумен айналысатын «Dala Fruit», «Алмалы-С» ЖШС-і және «Dala Fruit» АШӨК-рі алма бау өсіріп, бүгінгі таңда жоғары өнім алынуда.Жазы ыстық шілде айының орташа температурасы 27-42С.

Ауданның дамыған гидрографиялық жүйесі бар. Аудан аумағынан өтетін Ақсу, Арыс және Машат өзендері негізгі суландыру көздері болып табылады. Құрамында минералды бай қоспалары бар емдік жылы суы арқылы Республика көлемінде жақсы танымал «Манкент» шипажайы бар.

Сайрам ауданы аумағын ағын сумен барлығы 53 канал қамтамасыз етеді. Бұл каналдардың 47 Сайрам аудандық коммуналдық меншігінде, бұдан бөлек 6 канал — жеке меншікте. Сайрам ауданы әкімдігінің «Ақсу» МКК-ның шаруашылығына жалға берілген 47 каналдың жалпы ұзындығы 362 шақырым, оның ішінде бетонды канал 6, ұзындығы 51,44 шақырым, жер каналдар 41, ұзындығы 302 шақырым. Осы каналдарда 173 су бөлу бекеттері орнатылған. Бұл каналдардың су басы Ақсу, Арыс өзендерінен және кішігірім көл, бұлақтардан басталады. Ақсу өзенінен су бөлетін 2 бөгет — Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының «Тұран су» МКК меншігінде. Арыс өзенінде су бөгеті жоқ.

Аудан көлемінде 17254 гектар суармалы жер көлемі орналасқан.

Аудан көлемінде үлкенді-кішілі 3 өзен бар. Аудан аумағында өзендер таулы аймақтардан бастау алады. Ақсу өзені, ұзындығы — 53 шақырым, Арыс өзені ұзындығы — 37 шақырым, Машат өзені ұзындығы — 5 шақырым. Жалпы ұзындығы — 95 шақырым.

Сайрам ауданы Түркістан облысының ірі агроөнеркәсіптік аудандардың бірі болып саналады. Аудан негізінен ет-сүт, дәнді дақылдар, май өнімдері, жеміс-жидектер, көкініс өнімдерін өндірумен айналысады.

Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы — 76820 гектар. Оның ішінде егістік жерлер 51862 — гектар, оның ішінде суармалы егістік — 15466 гектар, көп жылдық екпе ағаштары — 2110 гектар, жайылымдық — 22090 гектар.

Халқымызды азық-түлікпен толық қамтамасыз ету бірінші кезекте, мал шаруашылығы азығының негізі болып табылатын табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану болып табылады.

Сайрам ауданы — мал шаруашылығы дамып келе жатқан өлке. Сондықтан, табиғи жайылымдарды басқару және оларды тиімді пайдалану жөніндегі жоспар-жайылымдарды ұтымды пайдалану, ауыл шаруашылығы малдарын жем-шөпке деген қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбаудың негізгі мақсаты болып табылады.

Бүгінгі заман талабына сәйкес қалыптасып отырған меншік иелері үшін табиғи жайылымды сақтау мен пайдалану арасындағы қатынасты сақтай отырып,мал шаруашылығын тұрақты дамыту талабы кезек күттірмейтін міндет. Әрине, бұл мәселені шешудің төте жолы – жайылымдық жерлердің жағдайын жақсарту шараларын іске асырып, жайылымдарды тиімді де ұтымды пайдалану болып табылады.

Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: ветеринариялық станциялар 11, ұсақ малдарды шомылдыру орындары 20, жасанды ұрықтандыру пункттері14, биотермиялық шұңқырлар — 11. 1970-1980 жылдардағы геоботаникалық зерттеу нәтижесінде аудан территориясының басым бөлігі эфемерлі-жусанды жайылым түрлеріне жататындығы анықталды. Қазіргі таңда, жайылым жерлерден орташа 3,6 ц/га құрғақ жем-шөп алынуда.

Сусыз жайылымдарда, далалы және шөлейт жайылымдарда шөп тым аласа өседі, ауа райы қолайсыз жылдары шөп пішенге шабуға келмейді.

Жайылым жерлердің құрғақ массасының орташа түсімділігі 5,3 ц/га, азықтық бірлігі 3,1 ц/га.

Бұдан шығатын қорытынды. Ауыл шаруашылығындағы мал өрісін тиімді пайдалану шарасын іске асыру үшін әр үйде ұсталынатын мал басын (сауынды сиыр) анықтап елді мекендер шегіндегі ортақ пайдаланудағы жайылымдық жерлерге қалдыру қажет. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес анықталуы тиіс. Сүт өніміндерін өндірумен айналысатын сауынды сиыр басы 100-150 ден астам қожалықтарды жайылыммен қамтамасыз ету — бүгінгі күннің басты мақсаты. Сонымен қатар, жайылымдардың тиімді алаңдарына жүктемені азайту мақсатында, жас малды Қайыршақты және Құрмашат тауларында жаю ұйымдастырылған. Аудан бойынша арнайы жер қорындағы жайылым жерлерімен өз малдарын қамтамасыз етіп, өзге аудандарға жалға беруге мүмкіндігі бар Бәйдібек ауданын атауға болады. Сайрам ауданы қолданыстағы ортақ пайдаланудағы жайылымдық жерлеріне малдарын қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмауына байланысты мүмкіндігі бар аудандарға бекітіп, қажетті жайылымдық өрістерін бөлу мәселесі жайылымдық мал жаю салмағын төмендетудің негізгі жолы ретінде ұсынылады. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 бұйрығымен ауданның ауылдық округтердің топырақ климаттық және метерологиялық жағдайларына байланысты жайылым жерлерде азықтық массасының шығымдылығы мен желінгіш азықтық үлесін есептей отырып, аудандағы ауылдық округтерде орта есеппен: уақ малға – 2 гектар, ірі қара малға – 8,0 гектар, түйеге – 9,0 гектар, жылқыға – 9,0 гектар болып нақтыланған.

Сайрам ауданы әкімдігінің есебімен, мал санына сәйкес жайылым жермен қаматмасыз ету үшін көлемі 653 388 гектаржайылым керек. Ауданымыздағы жалпы жайылым жер көлемі 22090 гектар құрап отырғанын ескерсек, 631 298 гектар жайылым жерінің жетіспейтіндігі мәлім болып отыр.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығында мал басына белгіленген жайылымның шекті мөлшерін тұрғылықты жерге байланысты қайта есептеу ұсынылады.

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында ауыл шарушылығы жақсы дамыған. Егістік жерлерде егін егуден бөлек, жылыжай шаруашылығын дамытып отырғандар да көп. Кетпенін күнге сүйдірген еңбекқор дихандар үшін ағын су мәселесі бірінші орында тұр. Еккен егіннің бітік шығуы үшін, бау бақшаның мол өнім алуы үшін ағын судың алар орны ерекше. Бүгінде Сайрам ауданы бойынша суармалы жер көлемі – 18 500 гектарды құрайды. Оның ішінде үй іргелік жерлер 5 073 га болса, суармалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірет жерлер 13 427 гектарды құрайды. Суармалы жерлерді ағын сумен 53 канал арқылы қамтамасыз етіледі және Ақсу өзеніндегі судың деңгейі төмендеуіне байланысты ағын су тапшылығы туындайтыны да рас. Осыған орай, аудан бойынша ағын су шаруаларға кестемен беріледі кейде. Жуырда Сайрам ауданында «Ақсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында осы мәселе бойынша кездесу өткізілді. Қазіргі таңда ағын су бойынша шаруаларға егістікке беріліп жатыр. Сайрам ауданында пайдаланушылардың ағын суға жылдық қажеттілігі 140-150 млн м3 құрайды.Ағын су 2016 жылмен салыстырғанда, судың деңгейі 2023 жылға 35 пайызға азайған. “Жоғарғы Ақсу” су бөгетінен “Ақсу” өзенінен келе жатқан судың деңгейі 9,5 м3/сек азайған кезде каналдарға су аударма жасау кестеге сәйкес жіберіледі. Кәсіпкерлер палатасы “Ақсу” МКК гидротехниктері, су бақылаушылары мамандарының қатысуымен жиналыс өткізіп түсіндіру жұмыстары жүргізілу келісімімен каналдарға су жіберу кестесі бекітілді. Аймақта су ресурстарын дамыту мәселесі ұдайы назарда тұр.

Түркістандық диқандардың көктемгі қарбалас тіршілігі ақпан айынан-ақ бас­талып кеткен. Әсіресе, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Келес аудандарының еңбеккерлері ерте қамданады. Әрине, биылғы көктемде жауын-шашын мол болды. Дегенмен өңір үшін ағын судың жеткілікті болуы маңызды.

Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округіндегі К-25-16 каналының сын көтермес жағдайы көптен бері айтылып келеді. Жалпы ұзындығы 5 шақы­рымға жуық канал 810 гек­тардай егістік алқабына ағын су жеткізеді. Осыдан бес-алты жыл бұрын каналды жөн­деу жұмыстарына 49 млн тең­ге қаржы қаралған. Алай­да жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген. Су өткізу деңгейі өте төмен. «Қазсушар» мекемесі қойып берген құбыр тесіліп, су сыртқа ағып жатыр. Шаруалар су ақысын төлесе де егістік алқаптарын насоспен суаруға мәжбүр. Алайда оған да жетпейтіндіктен су сорғыларын кезекпен қосады екен. Аудандық мәслихат депутаты Қаршыға Ақтөреева шаруалардың жанайқайын төрт-бес жылдан бері көтеріп жүргенімен, билік тарапынан құлақ асқан жан болмапты. Сондықтан диқандар жыл сайын бірігіп, өз қаржылары есебінен каналды шама-шарықтарынша тазалап, егістік алқаптарын суарып келген. Бұл мәселенің шешімін табуына жуырда шаруалармен кездескен аудан әкімі Серік Мамытов ықпал етпек. Аудан әкімі жауапты сала мамандарына аталған проблеманы қысқа мерзімде шешуді тапсырып, нәтижесін өз бақылауына алатынын айтқан. Облыстағы егіс алқаптарын ағын сумен қамту мәселесіне қатысты кезекті рет жауапты басшылардың басын қосқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды шаруа­ларды ағын сумен қамтуды жүйелеп, тұрақ­ты бақылауда ұстауды тапсырды.

Өңірде биыл 860 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Оның ішінде суармалы жер көлемі – 552 мың гектар. Өңірдегі жалпы суармалы жердің 30%-ы облыстың оңтүстік бөлігі Жетісай, Мақтаарал аудандарына тиесілі. Осы аумақтағы суармалы жерлердің барлығы Өзбекстан Республикасынан келетін трансшекаралық «Достық» магистралды каналы арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні сұранысқа сай шаруаларға қажетті суды жеткізу үшін машиналық канал іске қосылып, қосымша қажетті су жеткізілуде. Сонымен қатар облыстың Шардара, Отырар аудандары мен Арыс қаласындағы 75 мың гектар суармалы жерлерге шаруалардың сұранысына сәйкес «Қызылқұм» магистралды каналы арқылы секундына 50 текше метр ағын су босатылып отыр. Қажеттілік толықтай қамтамасыз етілген.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды каналдар қайта жаңғыртылатыны туралы айтқан болатын. Мемлекет басшысы сонымен бірге жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшіруді тапсырды. Бұл ретте осы су нысандарын жергілікті деңгейде тиімді пайдалану арқылы Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Сауран аудандары мен Арыс, Кентау қалаларының 80 мың гектарға жуық суар­малы жерін және Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарын ағын сумен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік беріліп отыр. Еліміздегі суармалы алқаптардың 4/1 бөлігі Түркістан облысына тиесілі. Сондықтан ағын су мәселесі өте өзекті және тұрақты назарда», — деді Дархан Сатыбалды.

Бүгінде өңірде шаруалардың суды қажеттіліктен артық пайдалануына, ағын су ысырабына жол бермеу және су беру тәртібін реттеу үшін нақты тариф бекітілген. Шаруаларға ағын суды тек қажеттіліктеріне сәйкес бөлу тәртібі енгізілген. Сонымен қатар су шығынын үнемдеу мақсатында «Түркістан» магистралды каналының бір бөлігін темір бетонмен қаптау жұмыстары аяқталып, барлық шлюздардағы су өлшегіштер есепке алынған. Су балансын сақтау жұмыстары бір жүйеге келтірілген. Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде, «Қосқарған» және «Кеңсай-Қосқарған-2» су қоймаларында су жеткілікті. Өңірдегі су тапшылығы мәселесін шешу үшін бірқатар су нысандарының жобалары әзірленуде. «Бәйдібек ата» су қоймасы салынғанда суару маусымында «Бөген» су қойма­сына 68 млн текше метр, сондай-ақ аталмыш су қоймасына «Боралдай» су қоймасы жобасы нәтижесінде суару мау­сымында 65 млн текше метр ағын су қосымша жеткізіледі. Екі қойманы салу есебінен алдағы жылдары Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, су нысандарын қалпына келтіру, мелиоративтік жағ­дайын жақсарту мақсатында, облыс әкі­мі­нің тапсырмасымен 15 су нысанын күрделі жөндеу, 5 нысанды ағымдағы жөн­деу жұмыстарына облыстық бюджеттен 3,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 63 шақырым канал күр­делі және ағымдағы жөндеуден өткі­зіліп, 11,2 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Ал «Тұран су» ШЖҚ МКК өз қаржысы есебінен биыл Ордабасы, Сауран аудандары мен Арыс қаласында жоспарланған 230 шақырым каналдарға механикалық тазалау жұмыстарының бүгінде 72 шақырымы атқарылған. Тозығы жеткен су нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру мақсатында Сайрам ауданында төтенше жағдай қаупі бар «Ақбай қарасу» каналын, Шардара ауданында каналдарды күрделі жөндеу, Келес ауданында жалпы 75 каналды ағымдағы жөндеу көзделіп отыр. Сондай-ақ 5 ауданда орналасқан 12 су қоймасын аудандық меншіктен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау шаралары атқарылуда.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов мол өнім алу диқандарға ғана емес, сала мамандарына да үлкен жауап­кершілік жүктейтінін айтады. «Енді егіс көлемін арттырып қана қоймай, сапаға мән беретін кез жетті. Сапалы өнім диқанның маңдай терінің ғана жемісі емес, ол тұқымның сор­ты мен тыңайтқышқа да, суға да тәуелді. Тұ­қым жақсы болмаса алқапты қанша кеңейт­кенімен, өнім молаймайды», дейді басқарма басшысы. Аталған бас­­қар­маның ресми мәліметтеріне сүйе­н­сек, биыл облыс бойынша егістік­ті әртараптандыруға сәйкес дәнді да­қылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға артып, барлығы 318 мың гектарға ұлғайтылған. Ал мал азығы дақылдары алқабы 6,7 мың гектарға көбейіп, 227,7 мың гектарға жетті. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарын егетін алқап 9,7 мың гектарға ұлғайтылып, 129,1 мың гектар болады. Керісінше мақта плантациясы өткен жылмен салыстырғанда 14,9 мың гектарға қысқарады. Майлы дақылдар алқабы да 6,3 мың гектарға қысқартылып, 73,5 мың гектар болады. Жалпы, облыс­та жоспарланған 488,6 мың гектар жер жырту және 115 мың гектар сор шаю жұмыстары толығымен аяқталған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.