Түркістан облысы: Сайрам ауданының Қарасу ауылындағы ауыз су қалыпқа келді

Қарасулық тұрғындар ауылдағы ауыз судың келмей жатқандығын айтып мәселе көтерген болатын. Себебі, екі күннен бері Қарасу ауылындағы су сақтау орнындағы су сорғыш құрылғысы (насос) бұзылған.

Аталған мәселе негізінде аудан әкімі Арман Сәбитов жауапты мамандарды жинап, шұғыл тапсырма беріп, бақылауға алды. Нәтижесінде дер кезінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда Қарасу ауылына тұрақты ауыз су беріліп жатыр.

Сондай-ақ, тұрғындардың көтерген мәселесі бойынша ауданы басшысы ауыл азаматтарымен кездесіп, толғандырып жүрген мәселелерін тыңдады. Оның маңызды – ауыз судың жиі өшуі болса, тағы бір мәселе Жаңақұрылыстағы 50 гектар аумақта инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы жайында. Яғни, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта мердігер мекеме тарапынан 8 көшеге су құбырына, 5 көшеге газ жүргізу жүйесіне қазу жұмыстары қолға алынған. Бұл бойынша да тұрғындардың талабына сәйкес, тиісті тапсырмалар берілді.

— Су – тіршілік көзі. Шілденің ыстығында сусыз отырған тұрғындардың ызалануы — заңдылық. Ал бұндай мәселелерді шешу — біздің жұмысымыз әрі міндетіміз. Сондықтан да, қандай да бір мәселе болса менің есігім тұрғындар үшін қашанда ашық. Бірлесіп жұмыс жүргізуге дайынбыз, — деді аудан әкімі Арман Сәбитов.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.