Түркістан облысы: Сайрам ауданы бойынша үсіктің салдары өнімділіктің кемуіне және вегетация кезеңінің ұзаруына әсер етеді

Сайрам ауданы бойынша сәуір айының 18-не күннің суытуына орай аудан бойынша егілген ерте пісетін картоп үсік шалған. Алайда картоптың беткі өскіндерін үсік шалғанымен астыңғы түйнектері мен сабақтары үсімегендігі өнім беруге жарайтындығы анықталды. Бұл биылғы жылы өнімділіктің кемуіне және вегетация кезеңінің ұзаруына әсер етеді.

Сонымен қатар, 1163 гектар жүзімдіктердің 950 гектары яғни 81% үсік тиген.

Басқа да аудан бойынша егілген масақты дақылдар, мал азықтық дақылдар, көкөністер мен майлы дақылдарға үсік қатты әсер етпегендігі анықталды.

Шенеуніктер мәселені шешуге көмектесе алмайды. Түркістан облысының фермерлері биыл шығынға ұшырауы мүмкін. Екі күн бұрын оңтүстікте аяз болған. Сайрам ауданында жеміс ағаштары мен көкөніс көшеттері үсіп қалған. Шаруалар егіннің көп бөлігі босқа қалғанын айтып, жергілікті биліктен көмек сұрап отыр.

Ауа райының қолайсыздығынан Ақсуабат ауылында жүздеген шаруа қожалықтары зардап шеккен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, температура -3-ке дейін төмендеген. Ауыл тұрғындары түнде от жағып, егінді құтқаруға тырысқанымен одан нәтиже шықпаған. Олар өнімнің 80%-на дейін жоғалтты.

«Қарызға батып кеттік. Миллионнан аса тыңайтқыш қажет болды. Миллион теңгеге тұқым сатып алдық, суаруға ақша кетеді. Картоптың барлығы дерлік қатып қалды. Егіннің шамамен 15-20%-ы ғана қалды», – дейді шаруа қожалығының иесі Жавланбек Әбубәкіров.

Фермерлердің көпшілігінде форс-мажорлық сақтандыру жоқ. Енді олар залалдың бір бөлігін өтеуге көмектесу үшін жергілікті билік органдарынан қаржылық қолдау сұрауға мәжбүр. Бұл маусымда жергілікті картоп қымбаттауы мүмкін, оны негізінен ішкі нарық қамтамасыз етеді.

«Баға өткен жылмен салыстырғанда жоғары болады. Үкімет Пәкістаннан немесе Орта Азиядан картоп импорттауды қолға алатын шығар. Бірақ бұл мәселені шешпейді. Қаржылық жағдайымызға әсер етеді. Іс жүзінде бұл аймақ бүкіл Қазақстанды картоппен қамтамасыз ете алатын еді. Енді мұндай мүмкіндік жоқ», – дейді шаруа қожалығының иесі Рустамбек Абдурасулов.

Бейінді басқарма өңірде ауыл шаруашылығы өнімдері бар қанша жер аяздан зардап шеккенін білмейді. Аудандардан залал туралы деректер әлі түспеген. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы айтты. Тұрғанбек Оспанов қолайсыз ауа райынан зардап шеккен фермерлерге мемлекет өтемақы қарастырмағанын жеткізді. Шенеуніктер мәселені шешуге көмектесе алмайды.

«Бұл төтенше жағдай емес. Тек төтенше жағдайда ғана мемлекеттен өтемақы қарастырылған. Ал бұл жағдайда ақшаны тек сақтандыру компаниясы төлейді. Ауа райы нөлден төмен болды. Бұл туралы алдын ала хабарланды, сондықтан көптеген адамдар өз алқаптарын жауып үлгерді», – деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов.

Зардап шеккен фермерлер бірігіп, облыс әкімінен көмек сұрауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі шығын көлемін анықтай бастады.

Алдағы уақытта Түркістан облысында күн тағы суиды. Синоптиктердің айтуынша, аяз аймақтың солтүстігінде және оның таулы аймақтарында болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.