Аудан әкімдігінде аудандағы инфрақұрылым жүйелерін жақсарту мақсатында мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімі Арман Сәбитұлы төрағалық етті.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев аудан тұрғындарын коммуналдық жүйелермен қамту барысы мен жоспарларын кеңінен баяндады.
Аудан аумағындағы 42 елді мекен 100 % орталықтандырылған ауыз су желілері арқылы ауыз сумен қамтылған. Аудан көлемінде 9 ауылдық округіне қарасты 39 елді мекенге «Сайрам тазалық» ЖШС-і, Қарамұрт және Низамабад-2 елді мекені «Қарамұрт су» ӨК, Қарабұлақ ауылына «Қайтпас су» ЖШС-і қызмет көрсетуде. Су құбырларының жалпы ұзындығы 1338,1 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 32658 тұтынушы бар.
42 елді мекеннің ауыз су жағдайы зерделеніп, нәтижесі таныстырылды. Тұрақты ауыз сумен қамту мақсатында Ақсукент-2 ауылындағы көпқабатты үйлерге ауыз судың қысымын жоғарылату үшін су ұңғымасын қазу және су мұнарасын орнату жұмыстары атқарылуда. Нұржанқорған және Қожақорған елді мекендеріндегі тозығы жеткен құбырларды ауыстыруға қаражат қаралып, мердігер тарапынан жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қарабұлақ ауыл округіне жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, сараптама қорытындысын алу үшін тапсырған құжаттары маусым айында алу жоспарлануда. Ақбай және Ақбастау ауылдарындағы ескі құбырларды жаңалауды, ал Шіркін, Қосбұлақ және Оразалиев ауылдарының жаңақұрылыс аумақтарына инфрақұрылым жүйелерін тартуды қажет етеді. Көлкент, Манкент және Ханқорған ауылдарында ауыз су құрылыстары басталған.
Бұдан кейін электр жарығы мәселесі қаралды. Барлық елді мекен орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Аудан аумағында 884 дана электр трансформатор орналасқан. Ауылдық округтерінде электр бағаналары мен электр желілеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 51 % тозғаны анықталды. Электр энергиясының сапасын арттыру үшін қосымша 40 дана трансформатор қажеттілігі туындауда.
Келесі кезекте 34 елді мекеннің тұрғындары «көгілдір отынды» тұтынады. Елді мекендерге газ тарататын 3 дана газ таратушы станциясы бар. Қарасу ауылдық округіне қарасты Береке және Шапырашты елді мекендерін табиғи газға қосылу нүктесі бойынша Ақсуабад елді мекені арқылы құрылысы жүргізілуде. 4 жоба бойынша 6 елді мекенге табиғи газды жеткізу бойынша мердігер мекеме анықталып, биыл құрылысы басталған. Қарабұлақ ауылын газбен қамтамасыз ету құрылысы 2 кезеңнен тұрады. Нысанға қаржы қарастырылып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Іске қосылған жағдайда 1100 тұрғын үй газбен қамтылмақ.
Мәжіліс соңында аудан әкімі құрылыс нысандарын қадағалауды, апатты жағдайларды қалпына келтіруді, ауыл халқының қай инфрақұрылым жүйелеріне мұқтаж екендерін анықтап, осы бағытта нақты жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Арман Сәбитұлы Абылайхан көшесінде орналасқан көтерме сауда орындарынан бастап, темір жол торабына дейінгі аралықты жаяу жүріп өтті. Аудан басшысы орталықтың көрінісі сын көтермейтінін атап өтті. Атап айтқанда, көлік кептелісі, тозығы жеткен жер өткелі, қараусыз тұрған ғимараттар мен заңсыз құрылыстар, көріктендіру-көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық жағдайдың тұрақты сақталмауы және басқалары.
Мұнан кейін «Манкент» станциясының аумағында болып, ескі жағдайда тұрған көпірдің орнына аспалы көпір салу жобасымен танысып, Ақсукент-2 ауылы мен аудан орталығына қарай екі аралықта қатынайтын халық үшін тиімді құрылыс жобасын салу және қаражатын қарастыру мәселелері талқыланды.
Аралауда аудан әкімінің орынбасарлары Мадияр Оразалиев, Ш.Убайдуллаев, Ақсукент ауылдық округінің әкімі Ә.Бөрібеков және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Сала басшылары ауылдық округінің әкімдерімен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде шара қабылдап, нақты жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсырды. Орталықтың сәулеттік келбетін жақсарту және қоғамдық тәртіпті орнату мақсатында нысан иелеріне түсіндірме беру, заң аясында қалпына келтіру, абаттандыру, заңсыз құрылыстар, қызыл сызыққа түскен сауда нүктелері мен жабайы сауда орындарын жою, жер иелерін анықтап, заңға сәйкес мемлекет меншігіне қайтару, көшелерді кеңейту, тазалық жұмыстары мен кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін ретке келтіру.
Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, орындаушылық тәртіпті күшейтудің қажеттілігі ескертілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.