Түркістан облысы: Сайрам ауданы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын 52,8 мың гектарға егу межеленген

Сайрам ауданы бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 52,8 мың гектарға орналастыру межеленген. Бүгінгі таңға 49,6 мың гектар егістік орналастырылды, жоспар 94%-ға орындалды, оның ішінде 13,0 мың гектары — күздік бидай, 2,9 мың гектары — арпа, 7,9 мың гектары — майлы дақылдар, 16,0 мың гектары — мал азықтық дақылдары, оның ішінде жаңадан егілген жоңышқа — 3,3 мың гектар, 5,1 мың гектар — көкөніс, 4,2 мың гектар жерге картоп егілді.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Сайрам ауданына 2990 тонна жанармай «Майсс» ЖШС және «MTS XXI» ЖШС арқылы бөлінді. Оның ішінде ақпанға – 780 тонна, наурызға – 780 тонна, сәуірге – 910 тонна, мамырға – 520 тонна. Бүгінгі таңда ақпан, наурыз және сәуір айларына бөлінген 2470 тонна жанармайдың 1904 тоннасы агроқұрылымдар тарапынан алынды. Жанармайдың бағасы еркін саудада 295 теңге болса, агроқұрылымдарға берілетін жеңілдетілген жанармайдың бағасы 203 теңгені құрайды.

Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл 23,4 млн гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, жемшөп дақылдарының, сондай-ақ қант қызылшасының егіс алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар күнбағыс, көкөніс-бақша, картоп және қарақұмық алқаптары ұлғайтылады.

Айта кетейік, тұқым себу 100% жүзеге асырылды. Фермерлер 2,3 млн тонна көлемінде тұқым қорын қалыптастырды. Сондай-ақ, өңірлерде қоймаларда тұқым қоры қалыптасты. 2023 жылға жергілікті бюджеттерде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 млрд теңге қарастырылған.

Бүгінгі таңда өңірлерге бөлінген 419 мың тоннадан 284,4 мың тоннаға жуық жеңілдетілген дизель отыны жөнелтілді. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, фермерлер үшін республика бойынша орташа баға нарықтық бағадан үштен біріне арзан және литріне 204 теңгені құрайды.

Жалпы, «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға 140 млрд теңге қарастырылған, ол шамамен 2 млн га алқапта егіс егіп, егін жинауды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта фермерлерге 133,8 млрд теңге төленді, — делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы форвардтық сатып алу бағдарламасын жалғастырып, ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тауарлық кредиттер беруді бастады, оған кемінде 70 млрд теңге көзделіп отыр.

Көктемгі жұмыстарды жүргізуге өңірлерге 413 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылғы деңгейден 13 мың тоннаға көп.

Энергетика министрлігімен бірлесіп облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі және мұнай өңдеу зауыттарымен ақпан айына белгіленген баға – тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып бекітілді. 

Биыл арзандатылған жанар-жағармай тек оңтүстік облыстарға ғана емес, солтүстік астық егетін облыстарға да ақпаннан бастап тиеп-жөнелтіле басталды.

Облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша тұқым құю жоспары 100%-ға жүзеге асырылды. Фермерлер 2,4 млн тонна көлемінде тұқым қорын қалыптастырған. Сараптамаға 1,4 млн тонна жаздық дақылдар тұқымы келіп түсті. Тексерілген тұқым көлемінің 99,7%-ы кондицияланған деп танылған, 93,4%-ы себу стандартының 1 және 2 кластарына сәйкес келеді. Сондай-ақ өңірлердегі қоймаларда тұқым қоры қалыптасты. 2023 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 млрд теңге қарастырылған. 

Мемлекеттік қолдаудың арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша соңғы 10 жылда алғаш рет тыңайтқыштар енгізу 667 мың тоннаға немесе ғылыми қажеттіліктің деңгейі 26%-ға жетті.

Биыл шамамен 704 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған, оның 63%-ы отандық тыңайтқыштарға (аммиак селитрасы мен аммофос) тиесілі. Бүгінгі таңда көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға 55 мың, оның ішінде оңтүстік өңірлерге 27 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді. Тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына жергілікті бюджеттерде 31,3 млрд теңге қарастырылған.

Бұл ретте диқандардың айтуынша, оңтүстік өңірлерде аммофоспен қамтамасыз етуде қиындықтар туындап, қазіргі таңда мәселе шешілуде.

 «Биыл қаңтар айынан бастап алғаш рет көктемгі егіс жұмыстарын 140 млрд теңге көлемінде қаржыландыру пысықталды. Аграрлық несие корпорациясы бұл қаражаттың бөлінуін күтпей-ақ, қолда бар ресурстар есебінен желтоқсан айынан бастап қаржыландыруды бастады. Мәселен, желтоқсанда 794 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 22,6 млрд теңгеге, қаңтардан бері 564 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 17,1 млрд теңгеге қаржыландырылды», — деп мәлімдеді Е. Қарашөкеев.

Жалпы, 2 млн гектарға жуық алқапта егін егу мен оны жинауды қамтамасыз ету үшін 3 200-ден астам ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 123,6 млрд теңгеге 3,4 мыңға жуық өтінім қабылданып, 71,7 млрд теңгеден астам сомаға 1 669 өтінім мақұлданды.

Сондай-ақ Азық-түлік келісім шарт корпорациясы арқылы да қаржыландыру жалғасады. Биыл Азық-түлік корпорациясы салаға 55 млрд теңге бөлген. Оның 20 млрд теңгесі форвардтық сатып алу бағдарламасы, ал 35 млрд теңгесі тауарлық несие беру бойынша бағытталған.

«Барлық проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін Министрлік жанынан барлық қажетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сондай-ақ облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларын тарта отырып, Жедел штаб құрылды», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

Өз кезегінде энергетика министрі Болат Ақшолақов 2023 жылы көктемгі егіс жұмыстарына барлығы 413 мың тонна дизель отыны бөлінетінін жеткізді. Құны тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданды:

ақпан-мамыр айларында дизель отыны біркелкі іріктеумен 2023 жылға арналған көктемгі егіс жұмыстарының графигі бекітілді;

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алынды;

электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіндегі Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дизель отыны үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының жеке виртуалды қоймасын құруы.

Мұнай өңдеу зауытынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дейін дизель отынын жеткізу құнын оператор дербес айқындайды.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің операторлары шарттарға, өтінімдерге, төлемдерге қол қоюды аяқтағаннан кейін және Мұнай өңдеу зауытына вагон-цистерналар қойғаннан кейін Мұнай өңдеу зауыты дизель отынын тиеп-жөнелтуді бастауға дайын. Жалпы ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге арналған жоспар толық көлемде орындалуда, мәселе ҚР Энергетика министрлігі мен “ҚазМұнайГаз” компаниясының тұрақты бақылауында», — деді Б. Ақшолақов.

2022 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. 

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес:

мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай берушілер жыл сайын көктемгі егіс (1 наурыздан 31 мамырға дейін) және күзгі егіс жұмыстары (1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін) кезеңінде мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес стационарлық автожанармай құю стансаларының атына мұнай өнімдерінің (автобензин және дизель отыны) көлемін беруге міндетті;

Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша өкілеттіктерге ие.

Осы түзетулер қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі осы түзетулер негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындау қағидаларының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті дизель отынының көлемін қалыптастыру және бөлу тәртібінің жобасын әзірлеуде.

Сонымен қатар Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (МАЖ) жеңілдікті дизель отыны квоталарын алушылардың тізілімін (дерекқорын) қалыптастыруды көздейтін, мәлімделген егіс алаңының 1 гектарына және ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша дизель отыны шығысының нормативтері мен егіс алаңдарына байланыстыра отырып, іс-қимыл алгоритмі әзірленеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпараты бойынша, мемлекеттік ақпараттық жүйесінде дизель отынын электрондық бөлу және тарату функционалын іске қосу 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарланған.

2023 жылдың 20 ақпанынан бастап минералды тыңайтқыштардың 50%-ын субсидиялау бағдарламасы «Госагро» субсидиялаудың автоматтық жүйесі арқылы өтінім қабылдануда.

Айта кету керек, Қазақстанда АӨК-ті мемлекеттік қолдау тәсілдері қайта қаралды. Құрамына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, салалық одақтар мен қауымдастықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ парламент депутаттары кіретін арнайы жұмыс тобы 9 отырыс өткізді, олардың қорытындысы бойынша қолданыстағы қағидалардың негізгі контурларын сақтай отырып, субсидиялаудың жаңа жүйесі әзірленді.    

Қаражат бойынша субсидиялаудың барлық бағыттары өзгеріссіз қалады:

бағытына байланысты 15% -дан 80% -ға дейінгі нормативтермен инвестициялық субсидиялау; 

қарыз алушы үшін мөлшерлемені жылдық 6% — ға дейін төмендете отырып, кредиттер мен лизингер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау. Норматив 50% — дан 80% — ға дейін ұлғайтылды, бұл барлық туындайтын тәуекелдерді азайтуға, сақтандырылған егіс алқаптарын кеңейтуге, сондай-ақ мал мен құстарды сақтандыруды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

кепілдік мөлшері негізгі борыштан 50% -ға дейін, басым бағыттар бойынша 85% — ға дейін қарыздарға кепілдік беруді сақтандыруды субсидиялау.

Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығындағы бағыттар мен нормативтер сақталды. Қант қызылшасын өсірудің тартымдылығын арттыру үшін оны өндіруді субсидиялау нормативі тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылады.

Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және әкімшілендіруді оңайлату үшін аударым өтінімдерінің күші жойылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын, минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді субсидиялау бағыттары мен нормативтері бойынша әкімдіктердің қаулыларын келісу рәсімі министрлікке субсидиялаудың ұсынылатын көлемін электрондық форматта беру рәсімімен ауыстырылады, сондай-ақ тұқымдардың қозғалысын бақылаудың ақпараттық жүйесі енгізілетін болады.

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал басын сатып алу кезінде шошқа шаруашылығын қоспағанда, барлық қолданыстағы субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Шошқаның басы үшін өтеу нормативі құнының 50% құрайды, бірақ бұрын қолданыста болған 140 мың теңгенің орнына бір бас үшін 100 мың теңгеден аспайды. 

Селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс саласында жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты бұқалар мен қошқарларды жалға беруді субсидиялау ғана жойылады.

Тауар-спецификалық субсидиялар өзгеріссіз қалады. Алайда келесілер күшін жояды:

күркетауық еті мен суда жүзетін құстар субсидиялау, өйткені олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жатпайды;

меншікті аналық басы жоқ кооперативтерге дистрибьюторлық орталықтар көрсеткен қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді субсидиялау;

асыл тұқымды мал импорты кезінде екінші деңгейлі банктегі қаржы институтының арнайы шотына субсидиялар аудару.   

Жұмыртқа шаруашылығы бойынша норматив бір жұмыртқа үшін 3 теңге болып қалады. Бұл ретте 1-санаттағы жұмыртқаларды сатудың шекті бағалары әкімдіктермен жасалған меморандумдар негізінде белгіленеді.

Бұқашықтар мен тоқтыларды бордақылауға және ет комбинаттарына тапсыру бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Алайда, малды өздерінің бордақылау алаңдарына көшіретін шаруашылықтар үшін орын ауыстыру нормасы жойылады.

Жемшөпті субсидиялау бойынша субсидияларды алудың нормативтері мен критерийлері ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде әкімдіктердің қаулысымен бекітіледі. 

Қайта өңдеу

Терең өңделген өнімдерді өндіру үшін сатып алынған шикізат құнын субсидиялауда глютен және биоэтанол өндіру үшін бидай құнын субсидиялау жойылды, өйткені бұл тауарлардың әлеуметтік маңызы жоқ.

Осы ретте субсидиялар өндірілген тауарлар үшін емес, дайын өнімді өткізу фактісі бойынша төленетін болады, бұл субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі электрондық шот-фактуралармен расталатын болады. Өзгерістер қаржыландыруды бөлудің барынша ашық, әділ және адал тәртібін қамтамасыз етеді.

Инвестициялық субсидиялау

Инвестициялық субсидиялаудың барлық түрлері мен бағыттары жүйеленген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялау облыстық Құрылыс және сәулет басқармаларының қызметкерлерін салынған объектілерді қарау жөніндегі мамандар тобына қосу туралы міндетті талаппен сақталады.

Бұл ретте еріген суларды жинауға арналған жасанды су айдындарын салу үшін вагондардың құнын субсидиялау жойылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары деңгейіне және әкімшілендірудің күрделілігіне байланысты «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес және тәуелді компаниялары мен екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, аванстық түрде инвестициялық субсидиялар алу мүмкіндігі алынып тасталады. 

Жайылымдарды суландыру үшін ұңғымалар мен құдықтар қазу кезінде бұрғылау жөніндегі материалдар мен қызметтердің құны ғана субсидияланатын болады. Бұл ретте жабдықтың құнын субсидиялау жойылады, өйткені оның нарықтық құны өндіруші елге байланысты ондаған есе өзгеріп тұрады. Ал қызмет көрсетушілер арзан жабдықты жеткізу арқылы бюджет қаражатын заңсыз игеріп келген.

Отандық машина жасауды дамыту үшін Қазақстанда локализациясы жоқ импорттық техниканың құнын субсидиялау нормативі 25% деңгейінде белгіленді, ал локализациясы барлар 15% — ға дейін төмендетілді.  

Арнайы тұқым өсіру техникасын субсидиялау нормативтері 80% — ға дейін, қызылша және суару техникасын субсидиялау нормативтері 50% — ға дейін көтеріледі.

Қарсы міндеттемелер

Субсидия алушылар үшін қарсы міндеттемелер енгізіледі. Өндірілген өнімді өткізу әкімдіктермен нарықтық бағалар бойынша жасалған меморандумдарға сәйкес (3000 АЕК-ке тең немесе одан асатын сомаға субсидия алған АӨК субъектілері үшін)  СИМ-нің ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетін болады.

Осылайша, субсидиялаудың жаңа қағидаларының негізгі сәттері мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою және цифрландыру есебінен субсидиялар алу рәсімін оңайлату болып табылады.

Сайрам ауданында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы кеңінен іске асырылуда. Үстіміздегі жылы аталған жобаны 337,4 гектарға жүзеге асыру жұмыстары жоспарлануда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.