Түркістан облысы: Сайрам ауданы әкімінің халықпен кездесуінде «Ауыл аманаты» жобасын халыққа түсіндіру, ағын су, жерді мемлекет мұқтаждығына алу мәселелері сөз болды

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Аталған кездесуге аудан прокуроры Д.Тлемисов, аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадов, аудандық мәслихаттың депутаты А.Керімов, аудан әкімінің орынбасарлары Мадияр Оразалиев және Ш.Убайдуллаев, аудандық мекеме-ұйым, бөлім басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

Ауылдық округінің әкімі М.Оразбаев аудан әкімінің ағымдағы жылдың екінші тоқсанында өткен кездесуінде көтерілген ұсыныс-пікірлердің нәтижесін таныстырды. Олардың ішінде ағын сумен қамту және қайтарымсыз грант алу туралы өтініштер орындалған. Ал, бақылауға алынған мәселелерден «Ауыл аманаты» жобасын халыққа түсіндіру, интернет желісін жақсарту, жаңақұрылыс аумағына балалар алаңшасын салу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы аталып өтті.

Сұрақ-жауап кезегінде 94 жастағы қарт, еңбек ардагері Қ.Көмекбаев ауылда отырғызылған ағаштардың уақтылы суарылмайтыны, сонымен қатар аудан әкімінің қабылдауына кіруіне кедергі жасалғаны туралы тілге тиек етті. Айтылған сын шұғыл ескеріліп, нақты жауабы берілді. Бірінші мәселе бойынша ауылдық округінің әкіміне тапсырылса, ал екінші мәселе бойынша алдағы аптаның сәрсенбі күні кестеге сәйкес белгіленген уақытта қабылданатын болады.

Мұнан кейін ауыл тұрғындары атынан сөз алған ауыл биі Р.Сәбденов ауа райының қолайсыздығы кезінде электр жарығының сөну жағдайы орын алатыны жөнінде уәжін жеткізді. Көшелердегі тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстырып, кәсіпкерлік нысандарға өз алдына бөлек трансформаторларды орнатуды ұсынды. Бұдан басқа, 3 көшенің тұтынушыларын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді, облыстық маңызы бар «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолындағы Ақсу өзені арқылы өтетін көпірді орта жөндеуден өткізуді, кезінде жеке меншікке беріліп кеткен, мектеп жанындағы мақсатсыз пайдаланылмай жатқан 0,62 га жерді мемлекеттің мұқтаждығына алып, жергілікті жастар үшін спорт кешенінің құрылысын салуды, жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын және үлкен жүк көліктерінің ауыл аумағынан кіріп-шығуын, олардың шектік мөлшерден артық жүк артуын болдырмауды қадағалауды сұранды.

Соңғы кезекте ақбұлақтықтар қоқыстардан тазарту, «көгілдір отынның» бағасын төмендету, жеке меншікте тұрған газ құбырларын мемлекеттің меншігіне алу секілді қосымша талап-тілектерін жеткізді.

Аудан басшысы тұрғындардың көкейіндегі мәселелерін тыңдап, бірқатар тапсырмаларды жауапты сала басшылары мен өкілдеріне жүктеді. Талқыланған мәселелердің тиісті шешу жолдары алдағы уақытта заң аясында зердене отырып, қарастырылатынын түсіндірді.

Жиын соңында ақсақал ақ батасын беріп, басшылардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Бұдан бөлек бүгін аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің басталмас бұрын кадрға қатысты жаңа тағайындауларды таныстырып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Аудан әкімінің 2023 жылғы 11 шілдедегі тиісті өкімдеріне сәйкес, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына Есполай Рысқұл Оспанұлы тағайындалды. Сонымен қатар, Бегалиев Жандос Қалдыбайұлы аудан әкімінің кеңесшісінің міндетін арнайы тексеруден өткенге дейін уақытша атқаратын болады.

Күн тәртібінде облыс және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және аудан әкімінің жеке қабылдауында берілген тапсырмалардың орындалу барысы мен аудан аумағындағы өзекті мәселелердің шешу жолдары пысықталды.

Күн тәртібіне сәйкес, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Е.Керімбеков тапсырмалардың орындалу деңгейіне жүргізілген талдау нәтижелерін кеңінен баяндады. Бөлімше басшының мәліметінше, облыс әкімдігі тарапынан 82 хаттамалық тапсырма берілген. Оның ішінде 30-ы орындалып, 17-і тұрақты бақылауға алынып, 32 тапсырманың мерзімі келмеген, қалған 3 тапсырманың мерзімі ұзартылған. Қорыта айтқанда, бақылауға алынған 52 тапсырма орындалу үстінде. Сонымен қатар, облыс әкімінің 2022-2023 жылдары аудан тұрғындарымен өткен кездесулерінде 30 ұсыныс-пікір мен сын-ескертпенің және аудан әкімінің тарапынан берілген 169 тапсырманың орындалуына кеңінен тоқталды. Сөзінің соңында, бюджетті нақтылау кезінде әлеуметтік, коммуналдық салаларға қатысты мәселелер бойынша құжаттарды мерзімінде дайындау немесе ұсыныстарды енгізу секілді нақты атқаратын жұмыстарды жүргізу мәселесін жауапты басшылардың назарына жеткізді.

Кейінгі кезекте аудан әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету, жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғаныс бөлімшесінің басшысы Ж.Сауытбек қосымша мәлімет берді. Сөзінше, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын іске асыру аясында ауданда облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша 3 рет қабылдауы өткізіліп, 21 азамат қабылдауда болып, 36 мәселе көтерілген болатын. Сонымен қатар, аталған қабылдаулар қорытындысымен, аудан әкімі аппаратына жалпы 29 тапсырма беріліп, қазіргі таңда берілген тапсырмалар тиісті ауыл округтерімен және дербес бөлімдер тарапынан орындалу үстінде.

Жиында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева аудандағы 11 ауылдық округ бойынша жинақталған 123 өзекті мәселені атап өтті. Салалар бойынша жасалған талдау нәтижесі көрсеткендей, олардың 38%-ы инфрақұрылым саласына қатысты болып келеді. Атап айтқанда, электрмен жабдықтау 23, ауыз су 11, инфрақұрылым жүргізу 10, газдандыру 3 мәселе. Аудандағы жолдардың 37,6%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда, сәйкесінше ауылдық округтерде 19 мәселе жол жөндеуге қатысты. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігіне қатысты 5 мәселе туындаған. Елді мекендерді абаттандыру мен санитария бойынша 16, ағын суға қатысты 10 мәселе көтерілген. Әлеуметтік салаға, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша 19 мәселе анықталды. Жалпы алғанда, 123 өзекті мәселенің 117-сі қаржы көзін қарастыруды талап етеді.

Талқыланған соң, аудан аумағындағы туындаған өзекті мәселелерді түбегейлі шешу мақсатында әзірленген Жол картасын қайта қарап, әрбір көтерілген өзекті мәселелер бойынша заң талаптарына сәйкес зерделеу жүргізіп, жер мәселесін анықтау, ЖСҚ-ы дайындау, өтінімдерді жоғарғы бюджетке мерзімінде ұсыну және тағы басқа да нақты жұмыстарды атқару жөнінде тапсырма жүктелді.

Аудан басшысы Арман Сәбитұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жұмысты жандандыруды, тапсырмаларға немқұрайлы қарамай, орындаушылық тәртіпті күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, тапсырмалар орындалмаған жағдайда, яғни жауапсыздық танытқан дербес бөлім басшылары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне тиісті шара көрілетіндігі ескертілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.