Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында таза ауыз сумен қамту мен жер учаскесі мәселелері — жергілікті биліктің назарында

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Мәжілістің күн тәртібі бойынша облыс, аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының және жеке қабылдау барысында берілген тапсырмаларының орындалуы туралы, аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтылуы және өзекті мәселелері туралы, Жемісті ауылдық округінің 2022 жылға атқарылған және 2023 жылғы жоспары туралы мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімшесінің басшысы Н.Қанатбаев және аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Б.Утемисовтың хаттамалық тапсырмалар және жеке қабылдау барысында берілген тапсырмалар бойынша баяндамалары қаралды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М. Байгабулов елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі туралы баяндап өтті. Ауданның жалпы 34 елді мекен тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылып, оның ішінде 23 елді мекенге тәулігіне 24 сағат ауыз су беру қамтылған.

Келесі кезекте, Жемісті ауылдық округінің әкімі Т.Азимбердиев ауылдық округтің есептік кезеңдегі атқарылған жұмыстары және ағымдағы жылдағы жоспарлары, округті дамыту жұмыстары туралы баяндап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі, баяндамашыларға мәжіліс барысында бірқатар сұрақтар қойып, күн тәртібіндегі мәселелер кеңінен талқыланып нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелер тұрақты бақылауда болатындығын атап өтті.

Сонымен қатар аудан әкімі Арман Абдуллаев әр аптаның бейсенбі күні тұрғындарды бірыңғай қабылдауды жүйелі түрде өткізіп келеді. Бұл жолы аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 18 тұрғынның өтініштері қаралды.

Қабылдауға келген тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, тегін медициналық көмек алу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, заңсыз құрылыс мәселелері және табиғи газға қарыз мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Аудан басшысы қабылдау барысында тұрғындар көтерген барлық сұрақтарға заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.

Сонымен қатар, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Арман Абдуллаев жеке кәсіпкер Бахтияр Нарбаевты та қабылдады. Жеке кәсіпкер өзінің

Құркелес ауылдық округі, Келес ауылынан 11 жылдық мектеп салу бойынша жобасын аудан басшысына таныстырды. Қабылдауда жеке кәсіпкер Б.Нарбаевтың өз қаражаты есебінен 11 жылдық мектеп салып беру бастамасын аудан әкімі Арман Абдуллаев қолдап, келесі кезекте жер мен өзге де құжаттандыру мәселесіне қатысты түйінді мәселелер талқыланды.

Қазіргі таңда Келес ауылында №47 С.Көбеев атындағы шағын жинақты 60 орындық бастауыш мектеп қана бар. Ол жерде 1-4-ші сынып аралығындағы 105 бала білім алады. Ал 5-11-ші сынып аралығындағы 95 бала көрші ауылдардағы мектептерге тасымалданып оқуда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Hello! This is my first visit to your blog! We are a collection of volunteers and starting a new project in a community in the same niche.

    Your blog provided us beneficial information to work on. You have done a outstanding job!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.