Түркістан облысы: Сарыағаш ауданындағы каналдардың жағдайы – тұрақты бақылауда

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы, Құркелес, Тегісшіл, Жартытөбе ауылдық округтеріне арнайы барып, каналдардың жағдайымен танысты.

Айта кетсек, аталған ауылдық округтердегі 54-тармақ, Қаратұқым, Сарыүйсін және Шеңгелді каналдарының су өткізу қабілеті төмендегендіктен, ағымдағы жылы бюджеттен қаржы бөлініп, «Тұран-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын тарапынан механикалық тазалаудан өткізіліп жатыр.

Механикалық тазалау жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне және тиісті бөлім басшысына, ауылдық округ әкімдеріне жұмысты сапалы орындап, тұрғындарға ағын су жеткізуден мәселе болмау керектігін ескерттіп, механикалық тазалау жұмыстары барысында шығып жатқан мәселелерді дер кезінде шешілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрақты түрде бақылауында болатынын жеткізді.

Оған қоса бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың жеке қабылдауында алдын ала жазылған 20 тұрғынның өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан түрлі мәселелер қозғалды.

Дәлірек айтсақ, жеңілдетілген несие, фельдшерлік амбулаториялық пунктын салу, жолға шағал және асфальт төсеу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жер учаскесін құжаттандыру, коммуналдық тұрғын үйден пәтер беру, қоқыс, тұрғын үй кезегі мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Сондай-ақ, аудан әкімі жеке қабылдауға келген ерекше қажеттілігі бар азаматты арнайы 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады. Аталған тұрғын коммуналдық-арендалық тұрғын үй мәселесі бойынша келгенін баяндады.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдауға келген азаматтар тарапынан айтылған арыз-шағымдар мен өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты заң аясында жауап берді.

Сондай-ақ, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдеріне әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Тағы бір атап өтерлігі, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту бойынша арнайы аралап көрді. Алдымен С.Дүйсебаев көшесі мен Майлықожа көшелерінің қиылысындағы алаңшада болып, абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Айта кетсек, бүгінгі таңда алаңшаны көгалдандыру мақсатында Рамадан каналынан суару жүйесі тартылып, су бұрқақтары құрылғылары арқылы бүркіп суғару жүргізілген. Суғару жүйесі автоматтандырылған болып, тәуліктің белгіленген уақыттарында суару жүйесі өздігінен іске қосылып, аумақты ылғалдандырып отырады. Сонымен қатар, дәл осындай жүйені А-15 тас жолының бойындағы «Ер-Ай-Би» жекеменшік мектеп маңында да жүргізіліп, бүгінде осы орында егілген жасыл екпелерді тұрақты суғару жүргізілуде.

Одан әрі аудан әкімі Арман Абдуллаев А-15 тас жолының бойындағы жасыл екпелерді орталық суғару жүйесін құру жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінгі таңда аталған жерде суғару құбырларының орнын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, көшелер мен кәсіпкерлік нысандарға кіру бөлігінде техникалар өткен уақытта құбырларға зақым келтірмеу үшін арнайы темір құбырлармен қаптау арқылы полиэтиленді құбырлар жүргізілуде.

Айта кетсек, ағымдағы жылғы А-15 тас жолының темір жол көпірінен бастап, «Ана мен бала» аллеясына дейінгі аралықта жол бойындағы жасыл екпелерді суғару жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Қала аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстарды саралаған аудан басшысы Арман Абдуллаев қаланың көркі жасыл желектер екенін, оларды күтіп ұстаудың тиімді әрі оңтайландырылған жүйесімен жұмыс атқару қажеттігін айтып өтіп, қала әкімі мен мердігер мекеме өкіліне арнайы тапсырмалар жүктеді.

Суғару демекші, Сарыағаш ауданы экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан, ауданда аталған саланы дамыту мақсатында аудан шаруалары бір алқаптан 2-3 өнім алуды жақсы қолға алған. Солардың бірі — Дербісек ауылдық округінің Дербісек елді мекенінде орналасқан «Исламбек» шаруа қожалығының төрағасы А.Умаров. Жеке кәсіпкер бүгінгі таңда өзінің үй іргелік жер теліміне 2,40 га жылыжай тұрғызып, жылына екі рет өнім алып жатыр. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жылыжайға қызанақ өсіріп, 120 тонна өнім алды. Жалпы 25 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған жылыжай өнімдерін еліміздің барлық ірі қалаларына саудалау үстінде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. I was pretty pleased to discover this website. I need to to thank you for
    ones time for this fantastic read!! I definitely liked every little bit of it and
    i also have you book marked to look at new information in your blog.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.