Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында түйеқұс өсіріліп жатыр

Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақ үй елді мекенінің тұрғыны Б.Жанұзақов бүгінгі таңда ерекше құс түрлерін өсірумен айналысып жатыр. Осы күнге дейін түйеқұс аталмыш аудан үшін таңсық құс болатын.

Аталған құс түрін қазір Б.Жанұзақов алғашқылардың бірі болып өсіруді қолға алған. Сонымен қатар, сүйікті ісі құс шаруашылығы болғандықтан, бөдене, бүркіт, үкі, кептер, тотықұс, тауыс (павлин) құстарын бағумен де айналысып жатыр.

Қазіргі таңда сырттан әкелінген құстарды Б.Жанұзақов жерсіндіріп, қолға үйретті. Кәсіпкердің айтуынша, түйеқұс өсіру еш қиындық тудырмайды, тек оны күтіп-бағудың жолын меңгеріп алсаң болғаны.

Ал, одан түсетін пайда көп. Оның терісі, тұяғы, тұмсығы, әсіресе, еті нарықта үлкен сұранысқа ие. Өйткені, етінің құрамында май мен холостерин аз болғандықтан, өте өтімді. Бойы 2-3 метр келетін түйеқұс 100-150 кг дейін ет береді. Бір маусымда 120 жұмыртқа табатын түйеқұстар табиғи жем шөбі, күтімі болса 80-100 жыл өмір сүреді. Жұмыртқасының салмағы 3-3,5 келі тартады.

Айта кетсек, аудан тұрғыны Б.Жанұзақов құс өсірумен қатар, марал, бұғы және қоян бағумен де айналысып келеді.

Атап өтерлігі, түйеқұс (орысшасы Страус) — Ұшпайтын құстар тобына қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді. Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың қауырсыны тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққандықтан, кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан.

Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 килограмға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан, ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі. Түйеқұстардың Африка, Оңтүстік Америка және Австралияда өмір сүретін үш түрі кездеседі. Олар бір-бірінен башпайларының саны және іріліктерімен ажыратылады. Бұл үш түрге жататын түйеқұста артқа да, алға да 400 килограмға дейін жететін күшпен тебе алады. Түйеқұс уақытының 30 пайызын жем іздеумен өткізеді. Көбіне түрегеп тұрған күйі немесе кетіп бара жатып та қоректене береді. Ұзын мойны мен өте қырағы көздері арқылы кішкене жәндікті да іліп алып жей береді. Тұмсықтарының түбін де көре алатын түйеқұстардың бір көзінің салмағы 60 граммға жетеді. Яғни, адам көзімен салыстырғанда төрт есе ауыр. Шөлдегі құмды борандардан сақтану үшін көздің үстіңгі және астыңғы қабағымен қоса, көздің тазалануын қамтамасыз ететін жұқа қабықтан құралған тағы бір көз қабығына ие.

Осы замандағы құстардың ең ірісі (Struthio camelus) деген бір ғана түрге жатады. Ересек еркегінің бойының биіктігі 260-275 сантиметр болады. Орта салмағы — 50 келі, ал өте ірілерінің салмағы 90 килограмға жетеді. Бұлардың ерекшелігі — аяғының башпайы екеу ғана болады (қазіргі кездегі құстарда сирек кездесетін жағдай деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің салдарынан жабық жамбас сүйектерін құрайды. Қанаттары едәуір үлкен. Оларды қатты жүгірген кезде төмен түсіріп жібереді. Жалпы еркектерінің түсі қара, ал ұрғашыларының түсі қоңыр-сұр болып келеді. Құйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. I am curious to find out what blog platform you’re using?
    I’m having some minor security problems with my latest website and I’d like to find something more
    safe. Do you have any solutions?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.