
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округі аумағындағы ұзындығы 3 шақырымды құрайтын «Ескі құлақ» каналын механикалық тазалау жұмыстарының барысын бақылап қайтты.
Бұл жұмыстар су беру маусымында өз тиімділігін көрсетіп, егістікке баратын ағын су шығынын азайтуға мол септігін тигізбек. Бүгінгі таңда аталған канал облыстық «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және Сарыағаш аудан әкімдігінің тізе қосуымен механикалық тазалаудан өткізіліп жатыр.
Ағымдағы жылы аудан көлеміндегі егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында 163 шақырым су нысандарын механикалық тазалаудан өткізіу жоспарланғаны белгілі.
Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы А-15 республикалық маңызы бар тас жолының бойындағы жасыл екпелерді суғару жүйесін құру жұмыстарының барысын арнайы барып көрді.
Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін А-15 тас жолының бойында егілген жасыл екпелерді күтіп ұстау жұмыстары арнайы техникалармен тасымалдап суғару арқылы жүргізіліп келеді.
Суғару жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қазіргі таңда Рамадан каналының бойына су насостарын орнату және А-15 тас жолының бойында суғару жүйесін құру жұмыстары жүргізілу үстінде.
Аудан басшысы Арман Абудллаев жұмыс барысын аралау кезінде тиісті жұмыстарды атқару барысында тұрғындар мен көліктердің қозғалысына ыңғайсыздық туғызатын бөліктерді дер кезінде қалпына келтіру қажеттігі жөнінде ескертпелер айтты.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
227549 593146hi!,I like your writing so a great deal! share we communicate far more about your write-up on AOL? I need to have a specialist on this area to solve my difficulty. Might be thats you! Searching forward to see you. 516386
985032 658322Sweet web site , super pattern , rattling clean and use friendly . 857342
539573 647732Maintain up the fantastic piece of work, I read couple of posts on this internet site and I believe that your blog is actually intriguing and holds bands of fantastic information. 481894