Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында ауыз су құрылыстары қатаң бақылауда тұр

Аудан басшысы жұмыс барысымен арнайы Қабланбек ауылдық округінде болып, Ақниет, Қанағат, Жонарық елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, Ақниет елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су қоймасының құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысып, сапасын тексерді.

Аудан басшысы Арман Айдарұлы елді мекендердегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысып жүргені белгілі. Көп жағдайда мердігерлер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тұрғындардың сын-ескертпелер айтылып жатады. Сондықтан елдің игілігіне бағытталған істер сапалы әрі өз уақытында жүргізілуі тиіс. Бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.

Айта кетсек, Қабланбек ауылдық округіне қарасты Ақниет, Жонарық және Қанағат елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыс-монтаж жұмыстары бүгінгі таңда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 878 тұрғын үй, яғни үш елді мекеннің 7 мыңнан аса тұрғындарын таза ауыз сумен қамту жоспарлануда.

Атап өтер мәселе, Сарыағаш ауданының су қоры жер беті мен жер асты суларынан тұрады. Сарыағаш ауданы аумағындағы су жүйелерінің жалпы саны 329 дана, ұзындығы 2232,7 шақырым, оның ішінде каналдар — 168 бірлік, ұзындығы 1401,7 шақырым және қашыртқылар — 161 бірлік, ұзындығы 831 шақырым. Ағын су жүйелері арқылы аудандағы 27,6 мың гектар көлеміндегі суармалы жерлер сумен қамтамасыз етіледі. Сарыағаш ауданы арқылы 3 ірі және кіші (Сырдария, Келес және Құркелес) өзендері ағып өтеді. Келес өзенінің ұзындығы 241 шақырымды құрайды, Шардара су бөгеніне келіп құяды. Келес өзеніне 10 шақты су тармақтары келіп құйылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.