Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында ағын су жүйелерінің жағдайы және вегетациялық мерзімде ағын су тапшылығын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды

Аудан әкімі Арман Айдарұлының төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Мәжілісті бастамас бұрын аудан басшысы Дербісек ауылдық округінің әкімі Ералхан Есенбаевты зейнет жасына шығуына орай қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, арнайы сыйлығын табыстады. Сондай-ақ, ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте абыройлы қызмет атқарғаны үшін өз ризашылығын білдірді.

Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе аудан көлеміндегі құжатсыз салынған тұрғын үйлердің жерін құжаттандыру мәселесі туралы ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Кукеев баяндама жасады. Оның айтуынша тұрғын үйлердің жерін заңдастыру бойынша алгоритм құрылып, бүгінгі таңда аталған алгоритм бойынша заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Екінші мәселе бойынша «Сарыағаш аудандық мал дәрігерлік қызметі» МКК директоры Ж.Доспуловтың аудан аумағында ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы туралы есебі тыңдалды.

Келесі мәселе аудан аумағындағы ағын су жүйелерінің жағдайы және вегетациялық мерзімде ағын су тапшылығын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК директоры Н.Алданазаров хабарлама жасап, суару маусымы барысында су тапшылығын болдырмау мақсатында кезекпен су беру жұмыстары және қайталама суларды пайдалану әдістері қолданылатынын жеткізді.

Атап өтер мәселе, Сарыағаш ауданының су қоры жер беті мен жер асты суларынан тұрады. Сарыағаш ауданы аумағындағы су жүйелерінің жалпы саны 329 дана, ұзындығы 2232,7 шақырым, оның ішінде каналдар — 168 бірлік, ұзындығы 1401,7 шақырым және қашыртқылар — 161 бірлік, ұзындығы 831 шақырым. Ағын су жүйелері арқылы аудандағы 27,6 мың гектар көлеміндегі суармалы жерлер сумен қамтамасыз етіледі. Сарыағаш ауданы арқылы 3 ірі және кіші (Сырдария, Келес және Құркелес) өзендері ағып өтеді. Келес өзенінің ұзындығы 241 шақырымды құрайды, Шардара су бөгеніне келіп құяды. Келес өзеніне 10 шақты су тармақтары келіп құйылады.

Соңғы мәселе бойынша Жібек жолы ауылдық округінің әкімі А.Сейтжапбаров Жібек жолы ауылдық округінің 2022 жылға атқарылған және 2023 жылғы жоспары туралы баяндады.

Баяндамашыларды мұқият тыңдаған аудан әкімі тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне жұмысты жандандыруды, жұмыс жүргізу барысында заң бұзушылыққа жол бермеуді тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.