Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының әкімі ауыз су қоймалары құрылысының сапасын тексерді

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округінің Дербісек елді мекеніне, сондай-ақ Қабланбек ауылдық округіне қарасты Ақниет елді мекеніне арнайы барып, онда жүргізіліп жатқан ауыз су қоймаларының құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысып, сапасын тексерді.

Сонымен қатар, аудан басшысы су құбыры өтіп жатқан аталған елді мекендердің көшелерін арнайы аралап, жөндеу жұмыстарын бақылады. Бүгінгі таңда аталған су қоймаларының қалыптары құйылып, бетін жабу кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілу үстінде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 70 пайызы орындалып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр.

Құрылыс нысандарында болған аудан басшысы Арман Абдуллаев елдің игілігіне бағытталған істер сапалы әрі өз уақытында жүргізілуі тиістігін, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшыларына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.

Бұдан бөлек бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев кезекті жеке қабылдауды аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 11 тұрғынның өтініштері қаралды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімі қатысты.

Қабылдауға келген тұрғындар: тұрғын үй кезегі , қайтарымсыз грант, қаланың тазалығы, жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Сондай-ақ аудан әкімі жеке қабылдауға келген ерекше қажеттілігі бар азаматты және ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбилеп отырған ананы 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады. Аталған азаматтар тұрғын үй мәселесі бойынша келгендерін баяндады.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдауға келген әрбір тұрғынның жеке мәселелерін мұқият тыңдап, заңдылыққа сәйкес жауап беріп,алаңдатқан мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.