Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының әкімі Келес өзенінен келетін қауіптің алдын алу мақсатында Жаскешу елді мекеніне қайта барды

Бүгін Сарыағаш ауданының басшысы Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекеніндегі Келес өзенінің суы арнасынан шығуы себебінен, жарлардың құлау мәселе бойынша аталған елді мекенге арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыс деңгейін тексерді.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев аталған мәселе бойынша ауылдық округ әкіміне су арнасының туралау үшін арнайы техникалық көліктері бар тұрғындармен бірге атқаруды тапсырған болатын.

Бүгінгі таңда Жаскешу елді мекенінде аталған мәселе бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде және аудан басшысының бақылауында тұр.

Осы тұста ескерер жайт, Сарыағаш ауданының су қоры жер беті мен жер асты суларынан тұрады. Сарыағаш ауданы аумағындағы су жүйелерінің жалпы саны — 329 дана, ұзындығы — 2232,7 шақырым, оның ішінде каналдар — 168 бірлік, ұзындығы — 1401,7 шақырым және қашыртқылар — 161 бірлік, ұзындығы — 831 шақырым. Ағын су жүйелері арқылы аудандағы 27,6 мың гектар көлеміндегі суармалы жерлер сумен қамтамасыз етіледі. Сарыағаш ауданы арқылы 3 ірі және кіші (Сырдария, Келес және Құркелес) өзендері ағып өтеді. Келес өзенінің ұзындығы 241 шақырымды құрайды, ол Шардара су бөгеніне келіп құяды. Келес өзеніне 10 шақты су тармақтары келіп құйылады.

Еске салайық, Келес – Сырдария алабындағы өзен. Түркістан облысы Қазығұрт, Келес аудандары арқылы ағып өтеді. Ұзындығы — 241 шақырым, су жиналатын алабының ауданы — 3310 шаршы шақырым.

Бастауын Қаржантау жотасының батыс беткейінен алып, қасиетті Қазығұрттың бұлақтарынан қуаттанып, ішінара Өзбекстан жерін басып өтіп, Шардара бөгеніне құяды. Ақыр соңында Сырдарияны қоректендіріп отырған, жағалауындағы жұртшылықтың асыраушысына айналған киелі өзен. Бастау алатын жерінен оңтүстік-батысқа қарай ағады. Қаратас ауылының тұсында оңтүстікке бұрылады.

Жоғары ағысындағы арнасы тар және тік жарлы келген, төменгі ағысындағы арнасы кең. Ірі салалары Көкпарсай, Қаржансай, Ұялысай, Ащықарабаусай, т.б. Суы тұщы. Қар және жер асты суымен толығады. Қапыланбек ауылы тұсындағы көп жылдық орташа су ағымы — 5,9 текше метр/секунд шамасында. Өзен суы бау-бақша, егін суаруға пайдаланылады.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.