Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының әкімі Келес өзенінің арнасынан тасып кетпеуі үшін техникаларды жұмылдырды

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінің Жаскешу елді мекеніндегі Келес өзенінің суы арнасынан шығуы себебінен, жарлардың құлау мәселе бойынша аталған елді мекенге арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыс деңгейін тексерді.

Осы күнге дейін аудан басшысы аталған мәселе бойынша ауылдық округ әкіміне су арнасының туралау үшін арнайы техникалық көліктері бар тұрғындармен бірге атқаруды тапсырған болатын. Бүгінгі таңда Жаскешу елді мекенінде аталған мәселе бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп, аудан басшысының тұрақты бақылауында тұр.

Орайы келгенде, аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінің Жаскешу елді мекенінде жаңадан салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда елді мекендегі қолданыстағы мектептің сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектептің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы: «Аталған ғимарат балалардың болашағы үшін бой көтеріліп жатқан білім ордасы болғандықтан, бірінші кезекте сапалы болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы және мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру маңызды» — деді.

Айта кетсек, бүгінгі таңда мектептің қазаншұңқыр топырағын нығыздау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Кездесу барысында аудан басшысы наурыз айында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.

— Бүгін өздеріңізбен арнайы жүздесіп, маңызды мәселелерді талқылау үшін келіп отырмын. Ең алдымен атқарылған жұмыстарлы саралап, жоспарларды нақтылайтын боламыз, – деді аудан басшысы Арман Абдуллаев.

Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан аудан басшысына электр энергиясы және табиғи газбен қамтамасыз ету, асфальт төсеу, аяқ жол салу, жарықтандыру мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді. Кездесуден кейін аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Аудан басшысы Арман Абдуллаев наурыз айында өткен кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды және алдағы жоспарларды баяндап өтті.

Айта кетсек, Жаңақұрылыс елді мекеніндегі орталық көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға мен жарық шамдарын орнату, Қарабау елді мекеніндегі ішкі көшелерді асфальттау, табиғи газ кіргізуге, асфальт төсеу өзекті мәселелері тұрғындар көтерген болатын. Аудан басшысы Арман Абдуллаев қазіргі таңда аталған мәселелер оң шешімін тауып, атқарылу үстінде екенін айтып өтті. Кездесуден кейін аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Бұдан бөлек бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округі, Дихан баба елді мекеніндегі 200 орындық Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының сапасымен танысты. Құрылыс жұмыстарын аралап көрген аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарын жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме өкіліне жұмысты жүйелеп жандандыруды тапсырды.

Бүгінгі таңда нысанның іргетасы қаланып, ғимараттың шатыры жабылып, есік- терезелері де, орналастырылған. Сонымен қатар, нысанның ішкі және сыртқы әрлеу, кәріз жүйесі, жылу жүйесі, көрермендер залының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Мәдениет үйі – адамға ізгілік дәнін сеуіп, өнерді сүюге тәрбиелейтін мәдени кешен. Қоғамда Мәдениет үйінің алатын орны бөлек. Ауылдарда мәдениет үйлерін көбейту арқылы ауыл мәдениеті өркендейді. Ауыл – ұлттың қаймағы, ұйытқысы. Еліміздің даңқын асырып жүрген таланттардың көбі ауылдан шықты. Ауылдың өнері өркен жайса, қазақтың мәдениеті қанатын кең жаяды.

Тағы бір атап өтерлігі, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 46 тұрғынның өтініштері қаралды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Қабылдауға келген тұрғындар дәрігерлік көмек, жеке меншік мектеп салу, асфальт төсеу, тұрғын үй кезегі, жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімі жеке қабылдауға келген ерекше қажеттілігі бар азаматты және ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбилеп отырған ананы 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады. Аталған азаматтар тұрғын үй мәселесі бойынша келгендерін баяндады. Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдауға келген әрбір тұрғынның жеке мәселелерін мұқият тыңдап, заңдылыққа сәйкес жауап беріп, алаңдатқан мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына және қала мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен кездесуі Қабланбек ауылдық округінде жалғасты. Аудан басшысы наурыз айындағы кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтіп, тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

– Әкімдердің басты бағыттары – тұрғындардың табысын арттыру, жұмыспен қамту, өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті инженерлік инфрақұрылым мен сапалы білім, медициналық көмек және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Міне, бүгін өздеріңізбен жүздесіп, аудандағы көкейкесті мәселелерді бірге талқылап, оның шешу жолдарын қарастыру үшін кездесуге келіп отырмын, – деді аудан басшысы Арман Абдуллаев.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары каналды бетондау, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, асфальт төсеу, дәрігерлік амбулатория салу, қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, заңға сәйкес тиісті жауап берді.

Реті келгенде, аудан басшысы Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысты.

— Бүгінде аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында, дәрігерлік амбулатория құрылысына басымдық берілуде. Нысан құрылысы аяқталған соң тұрғындар орталыққа бармай-ақ алғашқы медициналық көмекті осы дәрігерлік амбулаториядан алатын болады, — деді аудан басшысы.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына бірінші кезекте құрылыс жұмыстарына қолданылып жатқан материалдардың сапасына аса мән бере отырып, нысанның құрылысын мерзімінен кешіктірмей аяқтау қажеттігін ескертті.

Айта кетсек, бүгінгі таңда аталған нысанның қабырғасы қаланған. Медициналық нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылған соң бір ауысымда 25 азаматқа медициналық алғашқы көмек көрсете алады. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.