Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының әкімі тұрғындармен ашық форматта кездесу өткізіп, таза ауыз сумен қамтамасыз ету және жайылым жер мәселелері бойынша атқарылатын жоспарларымен бөлісті

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы Абдуллаев Жылға ауылдық округіндегі Шеңгелді елді мекеніне арнайы барып, АШЫҚ форматта тұрғындармен еркін кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында аудан басшысы өткен кездесуде көтерілген 8 өзекті мәселе жол картасына енгізілгенін айтып, оларға жеке-жеке тоқталып өтті. Атап айтсақ, елді мекен тұрғындарын табиғи газ және таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жолға асфальт төсеу, жайылым жер, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі және тұрғын үйлерді заңдастыру, электр энергиясымен қамтамасыз ету, мәселелері бойынша алдағы атқарылатын жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерімен ашық сұхбаттасуға келген аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, ауыл ақсақалы алдағы жоспарланған жұмыстарына ақ батасын берді.

Орайы келгенде айта өтейік, аудан әкімі Арман Абдуллаев Шеңгелді тұрғындарымен кездесуден кейін ауыл тұрғындары көтерген өзекті мәселелер бойынша тұрғындармен бірге арнайы барып, аралап көрді. Дәлілер айтсақ, ауыз су, тасқа айналған ағашты мәдени мұра ету, жол және тазалық мәселелері.

Аталған мәселелермен танысқан аудан басшысы тұрғындарға заң аясында жауап беріп, тиісті бөлім басшылары мен ауыл округ әкіміне арнайы тапсырмалар жүктеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.