Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қаратұқым каналының жағдайымен танысты

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округінің Жаңаталап елді мекеніне арнайы барып, Қаратұқым каналының жағдайымен танысты.

Айта кетсек, аудан аумағындағы Қаратұқым каналының жалпы ұзындығы 14,1 шақырымды құрайды. Аталған канал күрделі жөндеуден өтпеуінен су өткізу қабілеті төмендеп, егіншілікпен айналысатын тұрғындарға қиындық тудырып жатқаны жасырын емес. Осыған байланысты, ағымдағы жылы аталған каналға мердігер мекеме тарапынан механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңдағы каналдың жағдайымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты мердігер мекеме өкіліне және тиісті мекеме басшысына жұмысты сапалы атқару жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сонымен бірге бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне арнайы барып, Береке елді мекенін таза ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша да ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындар бүгінгі таңда ауыз су елді мекендегі өзекті мәселеге айналғанын айтып өтіп, табиғи газ бойынша өз ойларын ортаға салып, ұсынып-пікірлерін жеткізді.

Ауыл тұрғындарын мұқият тыңдаған аудан әкімі Арман Абдуллаев алдағы аптада елді мекенді таза ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары басталатынын айтып, тұрақты түрде өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.