Түркістан облысы: Саурандық білім ошағы еліміздің 100 үздік мектебінің қатарында тұр

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты №1 жалпы білім беретін мектеп 2022 жылы 31 наурызда 444 оқушымен өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда мектепте 560 оқушы білім алуда. Білім ордасында шығармашыл, заманауи, білімді, еңбекқор мұғалімдері оқушыларды өз білімдері мен сусындатып келеді. Мектеп жаңа әрі жас болғанына қарамастан мектеп бітірушілері қорытынды емтихандар нәтижесінде жоғары дәреже көрсетіп, жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанып келеді.

Мектеп базасы заманауи құралдармен жабдықталып, онда түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, білім беру сапасын арттыру, білім беру ісін жаңа бағытта дамыту мақсатында инновациялық жобалар да өз нәтижесін беруде.

Бұл мектептің тағы бір ерекшелігі әрбір дарынды оқушының дамуы үшін қолайлы орта құру мақсатында олимпиада резервін дайындау жұмысы жолға қойылған. Соның нәтижесінде 2022-2023 оқу жылында 3 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі орын иегерлері атанса, 1 оқушысы – Гузал Исмаилова қазақ тілі және әдебиеті пәнінен республикалық кезеніңе қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.

Ал 2023-2024 оқу жылында 6 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлдегелері атанса, 1 оқушы – Дилафруз Низамова қазақ тілі және әдебиеті пәнінен республикалық кезеніңе қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы қорытындыланып, еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингісі жасалды. Үздік олимпиадалық мектеп атану үшін республика бойынша 590 мектеп бақ сынады.

Олимпиада қорытындысы бойынша Сауран ауданы білім бөліміне қарасты №1 жалпы білім беретін мектебі 100 үздік олимпиадалық мектеп қатарына енді. Бұл жеңіс — мектеп директоры Хамида Чалданованың қажырлы еңбегінің, мектеп мұғалімдерін және шәкірттерін жұмылдыра білген ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілетінің жемісі.

Осы ретте атап өтерлігі, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен ауданда орналасқан білім ошақтарында демеушілер тарапынан жаңа 20 дана жиналмалы бассейн орнатылуда. Тың жобаның негізгі мақсаты – бала қауіпсіздігін сақтай отырып, жазғы демалыста оқушылардың уақытын тиімді пайдалану. Ағын су қауіпінен болатын оқыс оқиғалардың алдын алып, бала өміріне араша түсу.

Жазғы маусымда оқушылар көп уақытын сыртта өткізеді. Әйтсе де көптеген қайғылы оқиға да сыртта, оның ішінде су айдындарында орын алып жатады. Сондықтан аудан басшысы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Биыл Сауран ауданында 23 364 оқушының жазғы демалысы басталады. Оның 1451-і — 11-сынып түлегі. Бастауыш сынып оқитын жастар үшін мектеп жанындағы лагерьлер 3 ауысымда жұмыс істейді. Онда 9666 бала қамтылды. Қазіргі таңда 1 ауысым жұмысына 3150 бала баруда. Мыңнан астам оқушылар қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі. Сонымен қатар, ауыл мектептерінен 150 оқушы «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен демалады. 1 маусым күні 50 бала аталмыш қор арқылы сауықтыру лагерьлеріне барады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin