Түркістан облысы: Сауран ауданындағы «Тоған» су қоймасын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жасыл белдеудегі ағаштардың өнімділігін арттыру үшін облыс әкімінің қолдауымен бірқатар жоба жүзеге асуда. Солардың бірі – Сауран ауданына қарасты «Тоған» су қоймасын қалпына келтіру құрылысы.

Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасының сыйымдылығы 1,3 миллион текше метрді құраған. Қайта реконструкциялау арқылы су сыйымдылығын 2,1 мың текше метрге жеткізу көзделуде. Тоғанға тәулігіне 2,4 текше метр су жыл бойы Иқан су өзенінен үздіксіз келіп құйылады.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков су қоймасына барып, құрылысын бақылады. Мұндағы жұмыс «Тұран су» мекемесімен бірлесе жүзеге асуда. Су қоймасы толық қуаттылықта іске қосылған жағдайда жиналған су 22 шақырым қашықтық аралығындағы, яғни жаңа әуежай жолының екі жағындағы ағаш көшеттерін вегетациялық кезеңде суғаруға толық мүмкіндік береді.

Нұрбол Тұрашбеков көктемгі суғару науқанына тоған толық дайын болуы қажеттігін ескертті:

– Жұмыс барысында жобаға қатысты қайта қарауды қажет ететін мәселелер туындаса, шұғыл хабарлауды тапсырамын. Ертеңге немесе елеусіз қалдыратын кезең емес. Жоспар өз нәтижесін беруі үшін бүгінгі тірлік тиянақты болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінгі таңда жасыл белдеудегі ағаш көшеттерін сумен нормаға сәйкес қамтамасыз ету үшін 2019-2020 жылдары қазылған ұңғымалар электрогенератор арқылы тәулігіне 8 сағат жұмыс атқарады.

Мамандардың мәлімдеуінше, ағаш саны артып, жасыл белдеу аумағы кеңейген жағдайда ескі әуежай учаскесіне, «Қосқорған» су қоймасынан келген су арналарына және Қарашық өзенінің бойына орнатылған мотопомпалардың орнына электр насостар орнату арқылы су тапшылығының алдын алуға мүмкіндік бар.

Көтерілген мәселені мамандармен заң аясында зерделеу, қорытындысымен ұсыныс әзірлеу келісілді.

Атап өту керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су нысандарын реттеу, тиімді пайдалану тапсырмасын бергені белгілі. Сол тапсырмалар аясында Түркістан өңірінде қарқынды жұмыс жүріп жатыр.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы су қоймасын қалпына келтіру бағытындағы құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде тоғанның жері тегістеліп, жан-жағын биіктету, бөгеу жұмыстары атқарылуда. Өңір басшысы жауапты басшыларға жұмысты жүйелі атқаруды тапсырды.

Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасының сыйымдылығы – 1,3 миллион текше метр. Қайта реконструкциялау арқылы су сыйымдылығын ұлғайту көзделіп отыр.

Ескі тоғанды реконструкциялау жұмыстарына «Тұран су» мекемесі тартылған. Су қоймасы толық қуаттылықта іске қосылған соң жиналған су 22 шақырым қашықтықтағы, яғни, жаңа әуежай жолының екі жағындағы ағаш көшеттерін вегетациялық кезеңде суғаруға толық мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 1200 гектар аумаққа егіліп жатқан сексеуіл отырғызу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда бұл алқап 400 мың түптен аса сексеуіл көшетімен толықтырылды. Одан бөлек 900 гектар аумақта күзгі тұқым себу жұмыстарына жер дайындалып, 6 000 келі сексеуіл тұқымы себілді. Мамандар сексеуіл алқабын ұлғайту туралы ұсыныстары мен пікірлерін айтты.

Дархан Сатыбалды «Шағын өнеркәсіптік парк» маңындағы «Жасыл белдеуде» ағашты күтіп-баптау, толықтыру жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінгі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойына 250 мың түп ағаш көшеті қосымша толықтырылып, отырғызылды. Отырғызылған көшеттерді желден қорғау мақсатында 32 мың түптен аса қада орнатылып, сым тарту және байлау жұмыстары жүргізілуде. «Жасыл белдеу» аумағында ағаштарды толықтыру, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерден тазарту жұмыстары атқарылуда.

Өңір басшысы «Жасыл белдеуді» жайқалту, көгектарлдандыру, абаттандыру жұмыстарын сапалы атқару жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен бірге нақты өсетін ағаш түрлерін ғана егуді жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда болады.

Естеріңізде болса, қарашаның 25-інде Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте күзгі ағаш егу науқаны мен «Жасыл белдеуді» дамыту бағытындағы жұмыстар талқыланған-ды. Өңір басшысы облыстың елді мекендерін көгектарлдандыру, күтіп-баптау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

– Ағаш отырғызуда кемшіліктер бар. Егер де суғару жүйелері жоқ болса, онда ағаш отырғызудың қажеті жоқ. Тұрақты суғарып, күтім жасау керек. Егілген ағаштар жерсіне ме жоқ па соны да қадағалап, осы іспен айналысыңыздар. Бүгінгі күнге дейін қанша ағаш егілді? Оның ішінде қаншасы өнгені туралы мәлімет әзірленіп ұсынылсын. Сондай-ақ «Жасыл белдеуді» ұлғайту мен көгектарлдандыру жұмыстары күшейтілсін, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында республика бойынша елді мекендерде 15 миллион көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдары Түркістан облысында 1,1 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Осыған байланысты «Түркістан облысының елді-мекендерін көгектарлдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған Кешенді іс-шара жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес, облыстың елді мекендерін көгектарлдандыруға 2024 жылдың көктем айларында 491 106 түп көшет егілді. Биылғы жылдың күз айында 467,5 мың түп көшет отырғызу көзделіп отыр. Бүгінгі таңға 438 970 түп көшет босатылды.

Орман шаруашылығы мекемелерімен 2024 жылдың күзі мен 2025 жылдың көктеміне жоспарланған көшеттерді босатуға толықтай мүмкіндік бар. Көшеттерді тарқату бағытында жұмыстар жалғасуда.

Жалпы, Түркістан қаласының айналысынан қазіргі таңға жасыл белдеу құруға 30 000 гектар жерге мемлекеттік акт алынып, мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылуда. Ағымдағы жылдың күз және 2025 жылдың көктем айларында «Жасыл белдеу» аумағында орман екпелерін отырғызу және толықтыру жұмыстары 17 019 гектар жерде атқарылады. Негізгі басым жұмыстар Түркістан қаласын айнала қоршап тұрған «Жасыл белдеудің» 8 185 гектар аумағында жүргізілмек. Бұл жерге толықтыру жұмыстарын жүргізу көзделуде. Оған мекеменің тұқымбағындағы Түркістан қаласы аумағына жерсінген көшеттер пайдаланылады. Сонымен қатар басқармаға қарасты мекемеде 120 гектар жерге заманауи орман тұқымбағын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 47 гектары тұрақты пайдаланылуда. Орман тұқымбағында 21 түрлі ағаш-бұта көшеттері өндірілуде. Атап айтсақ, онда ағаштардың қылқан жапырақты 5 түрі, жапырақты 11 түрі және бұта тектес ағаштардың 5 түрі бар. Түркістан қаласының айналасындағы жасыл белдеуге және қаланы көгектарлдандыруға бір жылда 2,5 миллион түп әртүрлі ағаш-бұта көшеттері мен 150 мың түп бір және көпжылдық гүл көшеттері қажет. Осы орайда, жаңадан құрылып жатқан тұқымбақтың 120 гектар жерін «Жасыл аймақ» КММ-нің теңгеріміне алу үшін Сауран ауданы әкімдігінен жерді заңдастыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта орман тұқымбағының 120 гектар жер көлемі ұлғайып, толық игерілген жағдайда, жылына 14,3 миллион түп көшет өсіріледі деп күтіліп отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin