Түркістан облысы: Сауран ауданында «Ауыл аманаты» жобасы өз жемісін бере бастады

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес «Сауран — Жібек жолының жауһары» атты баспасөз туры өтті. Оған облыстық телеарна мен басылым журналистері қатысты. Баспасөз туры аудандағы туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

БАҚ өкілдері ауданның тарихи-мәдени орындарында болды. Оның бірі — Ескі Иқан ауылындағы Жүсіп ата кесенесі. БАҚ өкілдері кесенені тамашалап, зиярат етті. Жүсіп атаның тарихынан мол ақпарат алды. Тарихи деректерге сүйенсек, Жүсіп ата — Қожа Ахмет Ясауидің замандасы, шәкірті, тағы бір аңыздарда жиені болғандығы айтылады. Ол туралы деректер көп сақталмаған. Аңыз, әпсаналар мен жергілікті көнекөз қариялардың айтуы бойынша Жүсіп атаны жергілікті халық «Ғашық Жүсіп» деп атаған. Оның мәнісі «Аллаға ғашық» дегенді білдіреді. Кесенеге демеушілер есебінен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылған. Жыл санап мұнда келушілердің саны артуда. Қолдау тапса, кесенеге тағы да жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін.

БАҚ өкілдері мұнан соң соңғы үлгіде салынған AVICENNA-A» медициналық орталығында болды. Жобаға 2 миллиард 400 миллион теңге инвестиция тартылған. Құрылтайшысы: А.Усманкулов. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталған. Орталықта басы ауырып, балтыры сыздап келген науқасқа барлық жағдай жасалынған. Ота жасау бөлмелері бар. Онда заман талабына сай лазерлік эндоскопиялық соңғы үлгідегі аппараттар қойылған. Жан сақтау бөліміне бір мезетте 4 адамды қабылдауға қауқарлы. Соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Сонымен қатар физотерапия, оңалту, зертхана бөлмелері бар. Емхана тәулігіне 500 адамды қабылдай алады. Емханаға қосымша құрал жабдықтарды алуға кәсіпкерлікті қолдау ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген 7 пайызбен 700 миллион теңге несие алған.

Бұдан бөлек Сауран ауданында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Жоба арқылы 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиеге қол жеткізгендер қатары күн санап артып келеді. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі несиені мал шаруашылығына алуда. Солардың бірі — жылқы бордақылау ісін қолға алған Оранғай ауылының тұрғыны Е.Досжанов. Ол алдымен «Қарызсыз қоғам» бағдарламасы арқылы қаржылық сауаттылығын арттырып, бизнесті жүргізудің қыр-сырын үйренген. Кейіннен «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға өтінім беріп, 7 миллион теңге көлемінде несие алған. Аталған сомаға Батыс Қазақстан облысынан 20 бас қарабайыр жылқы алып, мал бордақылауға кіріскен. БАҚ өкілдері мемлекеттен несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған Е.Досжановтың тыныс-тіршілігімен де танысты.

Атап өту қажет, «Ауыл аманаты» жобасы Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №1 «Қазастан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Жобаның негізгі ережелері мен несие беру шарттары «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2022 жылғы 26 шілде №314 бұйрығымен бекітілген. Бағдарламаны жүзеге асыруға ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 11,0 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бұдан бөлек, қосымша 8,7 миллиард теңге қаржы берілді.

Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық берілуде.

Несиелендіру 6 БАҒЫТТА жүзеге асырылатын болады: 

  • Өсімдік шаруашылығын дамыту;
  • Мал шаруашылығын дамыту;
  • Құс шаруашылығын дамыту;
  • Балық шаруашылығын дамыту;
  • Ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау;
  • Тұрғындардың өз кәсібін ашу.

Жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін — 8 625 000 теңгеге дейін;

Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері үшін — 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі.

Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі — 2,5%;

Несиенің шекті мерзімі – 84-60 айға дейін;

Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін.

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысушы ретінде Сауран ауданына қарасты 4 ауылдық округ таңдалғанын да айта кеткен ләзім. Атап айтқанда: Оранғай, Қарашық, Майдантал, Ескі Иқан ауылдық округтері. Сауран аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, бүгінгі күнге 7 кооператив құрылған.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 175 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 349,4 миллион теңгені құрайтын 45 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 193,0 миллион теңгені құрайтын 37 жоба, Ескі Иқан ауылдық округінен 158,6 миллион теңге 25 жоба және Майдантал ауылдық округінен 91,1 миллион теңгені құрайтын 12 жоба несие комитеті тарапынан мақұлданып отыр. Жалпы, Сауран ауданы бойынша бүгінгі күнге 360,5 миллион теңгені құрайтын 67 шаруа несие рәсімделді.       «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жұмыстар жалғасу үстінде.

Орайы келгенде ерекше екпін түсіре айта кеткен жөн, Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асқалы, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары азайып келеді.

Әлбетте, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер қарастырылған. Бірақ атаулы әлеуметтік көмек мәселені толық шешпейді. Адам өзі жұмыс істеп, кәсіппен шұғылданбай, іс өнбейтіні анық. Бұл ретте «Ауыл аманаты» жобасының берері көп.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында су көздерін үнемдеу мәселесін көтерді. Бұл біздің өңір үшін аса маңызды. Сондықтан суды үнемдейтін әдістерге басымдық берген жөн. Ауыл шаруашылығы тауарларын шығарып қана қоймай, оны терең өңдеуге көшу керек. Ауыл тұрғындары, жастары «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жеңілдетілген несие алып, жұмыс істесе болады. Оған толық мүмкіндік бар, – деген Дархан Сатыбалды егістікті әртараптандыру, ауыл шаруашылығын ғылыммен ұштастыру маңызды екенін атап өтті.

«Ауыл аманаты» жобасы Түркістан облысында өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсете бастады. Ауыл тұрғындары өз кәсібін ашып не дамытуды қолға алған. Тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, табысын молайтуға негізделген «Ауыл аманаты» жобасы аясында Түркістан облысында 3 220 жоба қаржыландырылады. 3500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

АЕК алатындар саны азайып, тұрғындардың күнкөріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарлануда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарланған.

— Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Жаңа жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды. «Ауыл аманатын» іске асыру ауылдарды сақтап қалуға және халықтың қалаға көші-қонын қысқартуға, кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты азайтуға, халықты сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ауқымды жоба. Жобаның тиімді шарттарының бірі – кредиттері бар және аз қамтылған, көп балалы отбасыларға тауарлық кредит беру тетігі болып отыр. Ерекшелігі — бюджет қаражаты жұмсалмайды. Кепіл қажет емес, пайыздар жоқ. Республика бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған бірегей жоба белсенді атсалысып, табыс табуға шақырамын, – дейді Дархан Сатыбалды.

Сонымен қатар облыс басшысы аудандарды аралау барысында несие алуға ниет білдірген тұрғындармен кездесіп, өтініштерін тыңдап, жобаның маңыздылығын түсіндіруден жалыққан емес. Мемлекет басшысының тапырмасымен жүзеге асып жатқан жаңа жобаның мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Айта кету керек, Үкіметтің 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында елімізде «Ауыл аманаты» жобасы басталған болатын. Жоба ауыл тұрмысын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді. Жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсібін ашып, қосалқы шаруашылықпен айналысатын болады. Есік алдындағы жерлерін игеріп, ауладағы мал шаруашылығын дамытып және өзге де кәсіп түрлерімен айналысу тұрғындардың негізгі мақсатына айналмақ.

Пилоттық жобаны Түркістан облысында жүзеге асыруға 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылған. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінген.

 «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапырмасымен жүзеге асып жатқан жаңа жобаның мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

— Өздеріңізге белгілі, облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Биыл облысымызда «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жаңа жоба біздің өңір үшін өте маңызды. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарланған. Біз өзімізге берілген бұл мүмкіндікті тиімді пайдалануымыз керек, — дейді облыс әкімі.

Жеке кәсіппен айналысып, кооператив құрамын» дегендерге 2,5 пайыздық көрсеткішпен жеңілдетілген несие беріледі. Сонымен қатар ауылшаруашылық техникасын алуға лизинг беру қарастырылған. Кооперативтер үшін инвестициялық субсидиялар бөлу тағы бар.

Айта кетейік, бұған дейін, «Ауыл аманаты» жобасы пилоттық режимде Жамбыл облысында алғаш жүргізіліп, оң нәтиже берген. Жұмыссыздар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайған. Ауылшаруашығы мен егін шаруашылығын дамытып, оларды өңдеу, жеткізу, сату барлығын жүргізіп отырған кәсіпкерлердің саны артты.

 «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ — на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 17,9 млрд теңге құрайтын 3409 жобаға өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 3 018 жоба қаралып, жалпы соммасы 14,2 млрд теңгені құрайтын 2437 жоба мақұлданды. 10,3 млрд теңге құрайтын 1 797 жоба қаржыландырылды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 220 жоба қаржыландырылып, 3400 — ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Мұнан соң, БАҚ өкілдері баспасөз турының соңғы нүктесі, ауданның символына айналған Ескі Сауран қалашығында болды. Көне шаһардың тарихымен танысты. Шамамен ХІV ғасырда салынған екінші Сауранның орны Түркістан қаласынан Қызылордаға қарай өтетін теміржолдың бойымен 45 шақырым жерде сақталған. Археологиялық зерттеулер кезінде Уәсифи жазған медресе мен кәріз құбырларының орындары табылды. Сондай-ақ шаһарда болған жұма және айт мешіттерінің қалдықтары қазылып, олардың сақталған бөліктері қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазба кезінде шаһардың бас қақпасы мен оның сыртынан қазылған орға салынған аспалы көпірдің тұғырлары табылды. Қорғаныс қабырғасын қоршай қазылған терең ордың ішіне кезінде су жіберілген. Арнайы салынған қазба 48 қатар қаланған кірпішпен нығайтылған терең ордың тереңдігі үш метрден астам екендігін көрсетті. Қаланы қоршаған жаудың талай жауынгерлері осы ормен қабырғаны ала алмай жер құшқан. Қазба жұмыстары кезінде қабырғаға қадалған және ордың ішіне құлаған жебенің темір ұштары көп табылады.

Баспасөз турынан соң аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев журналистерге ауданның экономикалық дамуы мен әлеуеті туралы сұқбат берді. Алдағы атқарылар жұмыстарды екшеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin