Түркістан облысы: Сауран ауданында “Таза қазақстан” экоакциясы аясында сенбілік өтті

Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен экологиялық акция аясында жаппай сенбілік өтті. Аудан көлемінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарына тұрғындар мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысты.

Әуежай жолы мен Оранғай ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған аймақтарда көше бойларын тазалау, қоқыстарды шығару, ретсіз қоқыстарды жою, аяқжолдарды тазарту сынды бірқатар жұмыстар атқарылды.

Сенбілік жұмысына 324 адам қатысып, 61 тонна қоқыс жиналды.

Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Табиғат баршамызға ортақ. Тазалық — денсаулық кепілі. Өз аулаларыңызды таза ұстауға, тазалық шараларын сақтауға шақырамыз. Туған елді түлету, оның таза болуы — барлығымыз үшін міндет! Тазалық табалдырықтан басталады!

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin