Түркістан облысы: Сауран ауданында “Таза Қазақстан” экоакциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны басталған болатын.

Осыған орай, бүгін «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» бастамасымен тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Сүлейменов пен аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, Жастар ресурстық орталығы мен «Жасыл Сауран» қызметкерлері, «Шорнақ» бастауыш партия ұйымының мүшелері тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты.

Алдағы уақытта «Таза бейсенбі» жобасы аясында әр апта сайын белгіленген аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin