Түркістан облысы: Сауран ауданында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылады

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылында “Самғау” №6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бой көтерді. Оңалту орталығы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетуге бағытталған.

Атап айтқанда, сауықтыру орталығы бір мезетте 200 адамға медициналық, педагогикалық еңбекке баулу бағыттарында қызмет көрсетуге қауқарлы.

Мекеме директоры Гүлнұр Сауртаеваның сөзінше, аталған заманауи бағыттағы оңалту мекемесі 3 қабаттан тұрады. Сондай-ақ ғимарат толыққанды материалдық-техникалық базамен жабдықталады.

Әлеуметтік орталық қазан айынан бастап штаттық режимде жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin