Түркістан облысы: Сауран ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшері төмендетілді

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы №393 «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы №30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы №912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты шешім қабылдады.

Онда Сауран ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін салықтық кезінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілді.

Атап өтерлігі, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің (АСР) қолданылуы қайта басталды. Бұған дейін бұл режим ковид пандемиясы кезінде 2021-2022 жылдары ең көп зардап шеккен экономика салаларын қолдаудың уақытша шарасы түрінде енгізілген болатын.

Бөлшек салықтың АСР түпкілікті жеке тұлға тұтынушы болып табылатын сауда, қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді дамытуға бағытталған.

 Бұл режимнің артықшылығы – бұл режимді қолданатын салық төлеушілер:

1)  қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмауға құқылы;

2)  әлеуметтік салық төлеушілер емес;

3)  әр түрлі елді мекендерде қызметті жүзеге асыруға құқылы;

4) кәсіпкерлік қызметтен алынған табысты қызметкерлер үшін еңбекақы төлеу қорының сомасына азайтады.

Режимді қолдану шарттары:

1) жалдамалы қызметкерлер — 200 адамнан аспауы тиіс;

2) күнтізбелік жылдағы табыс — 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс (2024 жылы – 2,2 миллиард теңге);

3) ҚР Үкіметі айқындаған қызметтің тек бір немесе бірнеше түрін ғана жүзеге асырады.

 Корпоративті және жеке табыс салықтарының ставкалары:

4% — Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған барлық кірістер бойынша. Жергілікті мәслихаттар ставканы 50%-ға төмендетуге құқылы;

8% — мұндай шығыстарға шегерімдер сомасы құжаттамалық расталған жағдайда (электрондық шот-фактураны жазып бере отырып немесе сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып, чекті бере отырып). Ставка төмендетуге жатпайды.

Қандай қызмет түрлеріне қолдануға болады?

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін енгізу жөніндегі бастама өзінің қажеттілігін көрсетіп, осыған байланысты қызметті екі есеге кеңейту қажеттігін атап өтті.

2024 жылдан бастап осы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364 позицияға дейін кеңейтілді.

Осы режим үшін қызмет түрлерін анықтау үшін сауда, қоғамдық тамақтану саласындағы қызмет түрлері және түпкілікті тұтынушы жеке тұлға болып табылатын басқа да қызмет түрлері, сондай-ақ үлкен табыс алу көзделмеген қызмет түрлері қарастырылды.

Ұсынылатын қызмет түрлерінің 43,2%-ы тамақ өнімдерін (балмұздақ, шырындар, нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, кофе және т.б.)  әртүрлі тауарларды (үй жануарларына арналған дайын азық — түлік, баспа өндірісі, газет, фото және кино жабдықтары, зергерлік бұйымдар мен ұқсас бұйымдар және т.б.) өндіруге тиесілі.

Ұсынылатын қызмет түрлерінің 10% – жөндеу (электр қозғалтқыштары, генераторлар мен трансформаторлар, электр жарықтандыру жабдықтары, спорттық және серуендеу қайықтары және т. б.).

Ұсынылатын қызмет түрлерінің 3,2% — басылым (кітаптар, компьютерлік ойындар, журналдар мен мерзімді басылымдар, газеттер және т.б.).

2024 жылдан бастап не өзгерді?

1) Жергілікті өкілді органдарға бөлшек салық ставкасының мөлшерін төмендету туралы шешімдерді ағымдағы жылдың 30 наурызынан кешіктірмей қабылдауға мүмкіндік беретін түзетулер көзделген және бұл шешім қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыста.

2) Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданған кезде оңайлатылған тәртіппен (бұрын табыс салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібімен айқындалған) жиынтық түрде айқындалады.

Сатудан (қызмет көрсетуден) түскен табысқа салық салу бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің бухгалтерлік есепте қалай көрсетілгеніне байланысты кірістер айқындалады:

тауар ретінде, оны сату кезінде кірісі 4% немесе 8% мөлшерінде ЖТС/КТС мөлшерлемесі қолданылады. (8% шегерімге жатқызу үшін сатып алушының шығыстарын растау мақсатында электрондық шот-фактура жазып берілген жағдайда) – 913.00 нысанды салық есептілігі тапсырылады.

негізгі қорларды сату кезінде, оның кірісі жалпыға бірдей белгіленген  салық салу тәртібіне сәйкес салық салуға жатады – 100.00 және 220.00 нысанды салық есептілігі тапсырылады.

Бұдан бөлік Премьер-министр Олжас Бектенов  жаңа Салық кодексінде қандай өзгерістер болатынын айтты.

«Салық кодексінің жобасында бірқатар салық режимдері, соның ішінде жаңаларын, атап айтқанда, «Платформаны жұмыспен қамту» және мобильді қосымша арқылы арнайы салық режимі енгізілген», – дейді Олжас Бектенов.

Ол жеке кәсіпкерлікпен айналыспайтын қазақстандықтар да «Жұмыспен қамту платформасы» арнайы салық режимін қолдана алатынын атап өтті. Олардың табысы айына 1 миллион теңгеден аспауы керек. Салық мөлшерлемесі 4% деңгейінде жоспарлануда (1% – жеке табыс салығы, 3% – әлеуметтік төлемдер).

Патент жойылады. Өйткені ол мобильді қосымша арқылы арнайы салық режимін қайталайды. Соңғы мөлшерлеме 4% (1% – жеке табыс салығы, 3% – әлеуметтік төлемдер). Бүгінде бұл режимді пайдаланатын кәсіпкерлер жеке табыс салығын 1% және зейнетақы, әлеуметтік аударымдар мен медициналық сақтандыру жарналарын бөлек төлейді.

Арнайы салық режимі бойынша шаруа қожалықтары үшін 500 теңгеден кем емес қосымша алым енгізіледі.

Бұл режим бойынша жеңілдетілген декларация негізінде кіріс шегі өзгеріссіз қалады. Яғни жылына 177,5 миллион теңге. Дегенмен шарттар қайта қаралады. Премьер-министр өз жауабында қайсысының шарттары екенін нақтыламады.

Қазіргі уақытта шағын бизнес үшін арнайы салық режимінің бес түрі бар:

патент негізіндегі режим (болашақта жеңілдетілуі мүмкін);

жеңілдетілген декларация негізінде;

тұрақты шегерімді пайдалану;

арнайы мобильді қосымшаны пайдалану;

бөлшек сауда салығы.

Сонымен қатар шаруа қожалықтары үшін және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнайы режим әзірленді.

Бұған дейін кодекстің жобасы мамыр айынан кешіктірмей Мәжіліске енгізілетінін хабарлаған едік.

11 наурыз Ұлттық экономика министрлігі Ашық НҚА порталында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің жобасына консультативтік құжатты жария талқыға шығарған еді. Құжатты мұқият зерттеген экономист Ғалымжан Айтқазин оны сынға алды.

ҚҚС мен КТС туралы

Бұл ретте сарапшы экономиканың әртүрлі салаларында ҚҚС (қосылған құн салығы) және КТС (корпоративтік табыс салығы) бойынша сараланған салық мөлшерлемесіне көшуге қатысты ойын ортаға салды.

«Олжас Бектенов Үкіметі өзінің алғашқы қаулысымен түгел дерлік ҚҚС-ны 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді алып тастады. Себебі бұл бағаның көтерілуі ықтималдығына байланысты жалпы наразылық тудырды. Бұл, шын мәнінде, сол кезде оны ұсынған министрліктің аталған салықтың экономикадағы өндіріс пен тұтынуға әсері туралы нақты әсерін дәлелдейтін негіздемесінің болмағанын айғақтайды», – деп атап өтті экономист.

Сарапшы Ұлттық экономика министрлігі әлі де нақты есептеулер ұсынбаған деп есептейді.

«Бюджет үшін негізгі ҚҚС пен КТС-ті саралау ұсынылды. Бірақ үлгілік есептеулер, нақты сандар әлі жоқ. Оның ішінде секторлар бойынша жүктемені талдау жоқ. Көлеңкелі экономика және тарифтердің өзгеруінің макроәсерлері ұсынылмаған», – деп сынға алды Телеграмм желісіндегі TENGENOMIKA арнасының авторы.

Салықтық жеңілдіктерді 20%-ға азайту ұсынылды

Арнайы режимдерді реформалау және салықтық жеңілдіктер кем дегенде 20%-ға азайту қарастырылған. Сарапшының пайымынша, режимдер өзінің табиғаты бойынша да салықтық преференциялардың қайнар көзі болып табылады.  

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin