
2025 жылғы 17-18 мамыр күндері Сауран ауданының Шаға ауылдық округінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан облыстық ашық біріншілік ұйымдастырылды.
Жарыстың басты мақсаты — жас буын өкілдеріне патриоттық рух беру, салауатты өмір салтын дәріптеу және ауданаралық ынтымақтастықты арттыру болды. Тартысты өткен додада өңірдің әр түкпірінен келген командалар жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша Сарыағаш ауданының командасы — І орынды, Түркістан қаласының командасы — ІІ орынды, ал Сауран ауданының командасы ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.