Түркістан облысы: Сауран ауданында жылына 20 мыңнан астам үй жиһазын шығаратын цех бар

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехы іске қосылды. Өндірістік цехтың жұмысымен аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып танысты. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 20 мыңнан астам үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. «RICH HOME FURNITURE» жиһаз өнеркәсібінің өнімдері бүгінде сұранысқа ие. Экспорттың негізгі көлемі батыс аумаққа Орал, Ақтөбе сондай-ақ Қызылорда, Түркістан қалаларына жіберіледі.

Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті кең. Негізгі арнайы жабдықтарды шетелден алдыртады. Жиһаздардың бірегей үлгісі Ресей, Түркия және беларустық сапа мен дизайны бойынша жасалынуда. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие болып, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.

«Жиһаз өндіру саласы қарқынды дамып, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау тауып келеді. Отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Жылдан-жылға елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады. Осылайша біздің өнімдер сұранысқа ие болып, өз кәсібіміздің кеңейуіне жол ашылуда», – дейді жиһаз цехының басшысы Мақсұт Сайдуллаұлы.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin