Түркістан облысы: Сауран ауданында иесіз деп танылған су ұңғымалары мен құдықтарды мемлекет меншігіне алу бойынша жұмыстар жүйелендірілмек

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың төрағалығымен апталық мәжіліс өтті. Үш мәселе қаралған мәжілісте аудандағы қоқыс полигондары қызу талқыға түсті. ТҮКШ бөлімінің басшысы Самат Рысбековтың баяндауынша, ауданға қарасты қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 10 полигон бар. Олар — ауыл округ әкімдіктерінің теңгерімінде. Қазіргі таңда барлық полигондардың рұқсаттама мерзімдерінің өтуіне байланысты, ағымдағы жылы бюджет есебінен қаржы қаралып құжаттарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы Бабайқорған, Жүйнек, Майдантал, Жібек жолы, Жаңа Иқан, Шаға ауыл округтеріндегі полигонға ағымдағы жылы қоршау мен қарауылханасының құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Қоқыс полигондарының жай-жапсарын баяндаған соң бөлім басшысы бірнеше, яғни жаңадан анықталған полигон орындарына мемлекеттік акт алып, заңдастыру, полигон аумағына дейінгі бейберекет жатқан қоқыстарды полигон аумағына тасымалдау және тазалау жұмыстарын жүргізуді сынды ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар, әрбір ауылдық округ әкімдіктері қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға, сұрыптауға бекітілген тариф бойынша мердігер мекемелерді анықтап, 10 қазанға дейін келісімшарт түзу қажетігін ескертті.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов 9 айдың қорытындысы бойынша индикаторлардың күтілімді орындалуы туралы баяндады. 2021-2025 жылдарға арналған индикаторлардың декомпозициясы бойынша жалпы 56 индикатор жоспарланған болса, 2023 жылы 10 сала бойынша 54 индикаторға қол жеткізу жоспарға қойылған. Ағымдағы жылы іске асыру жоспарланған 54 индикатордың бүгінгі таңға 4-і (7,5%) толық орындалып, 47-сі (87%) орындалу үстінде. Баяндаманы мұқият тыңдаған аудан басшысы орындалмау қаупі бар индекаторларды қатаң қадағалауға алатынын айтты.

Атап өтер жайт, былтыр Сауран ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,1 миллиард теңгені, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 5,3 миллиард теңгені  құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 мыңнан асып, 43,4 миллиард теңгеге өнім өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға артық.

Сауран ауданы құрылғалы бері 26 млрд. теңге инвестиция тартылды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық. Оның ішінде 20 миллиард теңгесі – жеке инвестициялар. 2022 жылы жалпы құны 3 миллиард 429 миллион теңгені құрайтын 4 (жеке) инвестициялық жоба 384 жаңа жұмыс орнымен іске қосылды. Биыл құны 6,3 миллиард теңгені құрайтын 6 жеке инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде 195 жаңа жұмыс орны ашылады. Ауыл шаруашылығында 87 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 1,7%-ды құрады. Егіс көлемі 42 мың гектарға жетті.

Өткен жылы 34 шақырымды құрайтын 18 көшені жөндеуге 1,5 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде қанағатты жағдайдағы жолдар үлесі артты.

Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 4,3 миллиард теңгені құрап, 24%-ға артқан. 30 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, құрылыс көлемі 44%-ға ұлғайып отыр.

Сонымен қатар, Ильяс Мырзахметов аудан аумағында орналасқан су құдықтары туралы да баяндады. Ауыл округтерінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, қазіргі таңда аудан аумағында (11 ауыл округінде) 486 су құдығы бар, оның ішінде 48 су құдығы иесіз. Жаңа Иқан ауыл округінде — 39 дана, Жібек жолы ауыл округі теңгерімінде — 113 тік дренажды, Бабайқорған ауыл округінде -3, Қарашық ауыл округінде жалпы — 60, Иассы ауыл округінде жалпы — 29, Жүйнек ауыл округінде жалпы — 37, Шаға ауыл округінде жалпы — 22, Майдантал ауыл округінде жалпы — 7, Оранғай ауыл округінде жалпы — 9, Шорнақ ауыл округінде жалпы — 74, Ескі Иқан ауыл округінде 93 дана су құдығы бар. Осы ретте аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы иесіз деп танылған су ұңғымалары мен құдықтарды мемлекет меншігіне алу бойынша жұмыстарды жүйелендіру қажеттігін баса айтты.

Су демекші, Сауран ауданы аумағынан бірқатар өзендер ағып өтеді. Таратып айтсақ, Сырдария өзенінің ұзындығы — 95 километр, Қарашық өзенінің ұзындығы — 50 километр, Шылбыр өзенінің ұзындығы — 20 километр, Жаңақорған өзенінің ұзындығы — 30 киломертр, Иқан су өзенінің ұзындығы — 35 километр. Жалпы — 230 километр.

Ауданда бөгендер мен тоғандар да бар. «Қосқорған» су қоймасы, сыйымдылығы — 37,3 миллион текше метр; «Ақтөбе» су бөгені, сыйымдылығы — 7,74 миллион текше метр; «Шерт» су қоймасы, сыйымдылығы — 2,7 миллион текше метр; «Сасықбұлақ» су қоймасы, сыйымдылығы — 5,5 миллион текше метр; «Майдантал» су бөгені, сыйымдылығы — 8,5 миллион текше метр; «Ойық» су бөгені, сыйымдылығы — 0,5 миллион текше метр; «Шылбыр» су бөгені, сыйымдылығы — 4,85 миллион текше метр.

Апталық мәжіліс бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырма берумен қорытындыланды.

«Жыл аяқталып келеді. Осы жылды табысты аяқтау үшін жұмысты ширату қажет. Жұмыстың санынан сапасы маңызды», — деді аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы.

Шындығында да, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан Сауран ауданының әлеуеті өте жоғары. Ауданның ұйымшыл, еңбекқор халқы негізінен кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына ден қойған. Бүгінде жаңарған ауданда жаңа әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеріп жатыр. Сонымен қатар аудан экономикасы да қарыштап дамып келеді. Сауранда биыл бақандай 20 инвестициялық жоба өз кезегінде жүзеге асып халық игілігіне ұсынылмақ. Осы жылы жалпы құны 13 млрд 129 млн теңгені құрайтын 20 ірі инвестициялық жоба іске асырылып, 329 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр. Аудан өнеркәсібіне тоқталсақ, өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі — 7 орта және 26 шағын кәсіпорындар есебінде. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес кәсіпорындар 8 млрд. 072,3 млн. теңгенің өнімін өндірді. Биылғы көрсеткіш бойынша 1 млрд. 843,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,1%-ды құрады.

Жергілікті бюджетке қосымша 106,4 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсек:

— «Балмұздақ» ЖШС-ның – «Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы (Оранғай елді мекені). Инвестициялық құны 2 млрд. 562 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 36,8 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

— «Ныш Ер» ЖШС-ның — Демалыс аймағы және қонақ үй салу жобасы (Оранғай елді мекені). Инвестициялық құны 2 млрд. 200 млн. теңге, 40 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 21,3 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

— «Яссы Agro.kz» ЖШС-ның — Шаға ауылдық округінен жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз өсіру жобасыИнвестициялық құны 578 млн. теңге, 30 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 3,7 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

— «Иманқұл ата» шаруа қожалығының — Балық шаруашылығын дамыту жобасы (Үшқайық ауыл округі). Инвестициялық құны 600 млн. теңге, 12 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 1,8 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

— «Sauran Plast» ЖК-ның — Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы (Шорнақ елді мекені). Инвестициялық құны 675 млн. теңге, 60 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

— «AgroFoodTrade» ЖШС-ның — Мақта майын өндіру цехы жобасы (Ескі Иқан елді мекені). Инвестициялық құны 500 млн. теңге, 10 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Сауран ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің саны — 6 010.

Сондай-ақ биыл Аша елдімекеніне тіршілік нәрі жетті. Ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылатынын, сондай-ақ, 3 шалғай орналасқан елдімекенде кешенді блок модуль орнату қарастырылуда.

Өткен жылы Жүйнек, Шыпан, Қызылжол, Достық елдімекендеріне су мұнарасы орнатылып, Бостандық, Еңбекші Дихан, Шоқтас елдімекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал аудандағы 35 елдімекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. Бір ауылда күн сәулесі батареяларынан қуат алатын құрылғы бар. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, өткен жылы 13 трансформатор орнатылды. Биыл 37 дана орнатылады. Сонымен қатар, елдімекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.

Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен 7,5 шақырымды құрайтын 1 аудандық маңызы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Ауыл — ел бесігі» жобасы шеңберінде өткен жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, жарықтандыру жүргізілді. Биыл бағдарлама аясында 11,2 шақырым, ал жергілікті бюджет есебінен 12,3 шақырым жол жөндеуден өтеді.

Айта кетейік, аудан орталығы Шорнақ елдімекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 5 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда аудан әкімі аппараты ғимараты, аумақтық қазыналық мекемесі, прокуратура, сот, аудандық мемлекеттік мекемелердің ғимараттары және мәдениет үйі бой көтерді. Жаңа ғимараттарға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Жергілікті бюджет есебінен 3 мектептің құрылысы басталды.

Бабайқорған елдімекенінде Спорт зал бой көтеріп келеді. 2023 жылы нысанды тапсыру жоспарланған. Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен Шорнақ, Иассы, Үшқайық, Шаға ауыл округтерінде ветеринарлық бекеттің құрылысына, Үшқайық және Жаңа Иқан ауыл округтерінен Спорт зал құрылысына, Жібек жолы ауыл округі әкімшілігі ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп отыр. Сауран ауданында 100,0 мыңнан астам халық тұрады, аудан аумағы 721,7 мың гектарды құрайды.  Аудан құрамына 12 ауылдық округі, 36 елді мекен кіреді. Жалпы халықтың 43,4 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 41,2 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады. Ауданның ауыл шаруашылық саласы 2023 жылдың І-тоқсанында жалпы өнім көлемі 6 млрд. 304,8 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,1. Былтыр бұл салаға жалпы өнім көлемі 87 млрд. 044,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 101,7%.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша бюджет кірісінің жоспары 1 млрд. 316,5 млн. теңге болса, нақты 1 млрд. 636,1 млн. теңге түсіп, жоспар 124,3%-ға орындалды. Ал бюджеттің шығыс бөлігі жоспарындағы 7 млрд. 598,1 млн. теңгенің 99,9%-ы игерілді, объективті себептермен 5,3 млн. теңгесі игерілмеді.

2023 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 9 млрд. 135,2 млн. теңге құрады, оның ішінде жергілікті кірістер жоспары 2 млрд. 133,5 млн. теңге көлемінде бекітілді. Жергілікті кірістер жоспары 817,0 млн. теңгеге артқан. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 392 100 гектар, оның ішінде:

—      суармалы – 44 441 га;

—      жайылым  – 344 402 га;

—      шабындық – 3 257 га.

Мал басының саны (мың бас):

—      ірі қара – 102,3;

—      қой – 488,9;

—      ешкі – 43,4;

—      жылқы – 17,9;

—      түйе – 3,6;

—      шошқа – 1,4;

—      құстар – 166,6.

Мал шаруашылығы өнімдері:

—      ет, тірі салмақта – 3 098,4 тонна;

—      сүт  – 9 790,5 тонна;

—      жұмыртқа – 1 млн. 644,2 мың дана.

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысушы ретінде Сауран ауданына қарасты 4 ауылдық округ таңдалды. Атап айтқанда: Оранғай, Қарашық, Майдантал, Ескі Иқан ауылдық округтері.  Бүгінгі күнге 7 кооператив құрылды.

    «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 175 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 349,4 миллион теңгені құрайтын 45 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 193,0 миллион теңгені құрайтын 37 жоба, Ескі Иқан ауылдық округінен 158,6 миллион теңге 25 жоба және Майдантал ауылдық округінен 91,1 миллион теңге 12 жоба несие комитетімен мақұлданды. Жалпы, Сауран ауданы бойынша бүгінгі күнге 360,5 миллион теңге 67 шаруа несие рәсімделді.

Аудандағы құрылыс жұмыстарының көлеміне тоқталсақ, биыл 2023 жылы  құрылыс жұмыстары 301,6 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 146,2%Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің алаңы 8 мың 014 шаршы метрді құрап, өсім 123,4% болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары 4 млрд. 270,0 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 124,3%-ға артқан. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 30 мың 124 шаршы метрді құрап, өсім 143,6% көрсеткіші осындай болды.

Сауран ауданындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Бүгінгі таңға ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6 062-ге жетті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны — 6 010 немесе 99,1 пайызы.  Ал өткен жылдың қорытындысымен өткізілген тауар көлемі  1 млрд. 179,7 млн. теңгені құрады, өсім 101,2%. (2021 жылы 444,7 млн. теңге). Тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 313 бірлік, белсенді субъектілерінің саны 5 258 бірлік немесе 99,0% (2021 жылы тіркелген субъектілерінің саны 4 121 бірлік іс-әрекеттегі субъектілерінің саны 4 059 бірлік, 98,5%).

Сауранда аудан бойынша 1 аудандық емхана, 1 бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 13 дәрігерлік емхана (ВА), 13 фельдшерлік–акушерлік бекет, 4 медициналық бекеттер және 4 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Олар: Шорнақ, Ескі Иқан, Жүйнек және Оранғай ауылдық окрутерінде орналасқан. Өткен жылы өлі туылған балалар саны 20 болса, ана өлімі тіркелмеген. Аудандық емхананың жаңа ғимараты құрылысына 8,9 гектар жер бөлініп, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Сонымен қатар, Шаға, Құшата, Жалаңтөс ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Былтыр 810 отбасының 4 мың 904 адамына 316,4 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Әлеуметтік көмек алушылар ішінде еңбекке жарамды 1 мың 462 адамы жұмыспен қамту шараларына тартылды. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен 38 отбасына 4,3 млн. теңгеге материалдық-қаржылай көмектер көрсетілді. Оның ішінде: 8 адам тұрақты, 8 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды. Ал биыл 502 отбасының 3 126 адамына 96,6 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында жыл басынан 32 отбасына материалдық көмектер көрсетілді. Оның ішінде 1 адам тұрақты, 1 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

Өткен жылы аудандағы зейнеткерлердің денсаулығын сауықтыру мақсатында 338 жолдама берілген болса, 2023 жылға 485 азаматты санаторлық-курорттық жолдамамен қамту жоспарланған. Сонымен қатар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы құрылды. Орталықта 7 бағыт бойынша қызметтер ұйымдастырылдыкүнделікті 50-60 адамға әлеуметтік қызмет қөрсетілуде.

Алайда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында, 2023 жылы Сауран ауданы бойынша 5 990 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау шаралары негізінде:

Әлеуметтік жұмыс орнына – 262 азамат;

Жастар практикасына – 85 азамат;

Қоғамдық жұмыстарға – 862 азамат;

Алғашқы жұмыс орындарына – 14 азамат;

Күміс жас жобасына  бойынша – 84 азамат қамтылды.

Мемлекеттік грант – 1-ші лектің қорытындысына сәйкес 20 адамға берілді;

«Бастау бизнес» жобасы аясында 495 азамат оқытылды.

Сонымен қатар, бағдарламалар бойынша 91 мүмкіншілігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылды.

Сауран ауданының коммуналдық сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстары қарқынды. Ауыз су мәселесі бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысына 2023 жылға 229,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ 3 шалғай орналасқан елді мекендерде кешенді блок модуль орнату қарастырылуда (мал шарушылығымен айналысады).

Атап айтқанда:

—   32 Разъезд – елді мекен тұрғындары хаттамасына сәйкес, КБМ бас тартқан;

—   Қаратөбе елді мекен тұрғындарымен хаттама түзіліп, КБМ орнатуға келісім алынған;

— Езізқара елді мекені тұрғындарымен хаттама түзіліп, КБМ орнатуға келісім алынған және бұлақ көзі суының жарамдылығы бойынша СЭС қорытындысын алуға арыз жолданған.

Сонымен қатар, 2022 жылы 4 елді мекенге (Жүйнек, Шыпан, Қызылжол, Достық) су мұнарасы орнатылып, 3 елді мекеннің (Бостандық, Еңбекші Дихан, Шоқтас) ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 12 елді мекенде «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» тарапынан жер асты су қоры зерттелуде.

Сонымен қатар, Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне (құны — 23,0 млн. теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 69 үй таза ауыз сумен қамтылады.

Сондай-ақ, орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендерде нысандардың құрылысына (2-ші кезеңіне) жобалық сметалық құжаттары әзірленуде, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, қаржыландыруға ұсынылатын болады. Атап айтқанда:

— Еңбекші Дихан, Ескі Иқан, Ибата, Шорнақ, Жүйнек және Қарашық елді мекендері. Ауданда биыл 11 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр. 2023 жылы 5 елді мекенге табиғи газ қосылады (Ескі Иқан, Ибата, Ойық, Бершінтөбе, Шоқтас). Табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ, Қосмезгіл, Оранғай елді мекендерінде (4,5 млрд. теңге) және Жүйнек және Қарашық ауыл округтерінде (4,9 млрд. теңге) ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары толық әзірленді.

Сонымен қатар, Бостандық, Қосқорған және Еңбекші Дихан елді мекендерінде ішкі табиғи газ құбыры құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

Ал, Жүйнек, Қарашық, Оранғай, Шорнақ ауыл оуругтеріне магистральді табиғи газ құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын шілде айында алу жоспарлануда. Ауданды жарықтандыру мәселесі бойынша биыл 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. Бүгінде тегіс бір ауыл  күн сәулесі батареяларынан қуат алуда. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, өткен жылы 13 дана трансформатор орнатылды, 2023 жылы 37 дана орнатылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде (Еңбекші Дихан, Шорнақ, Қосмезгіл, Ескі Иқан, Оранғай, Бабайқорған, Жүйнек). «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында 2023-2024 жылдары:  Шорнақ және Ескі Иқан ауылдық округтерінде 10 кВт — 6,4 шақырым электр желісі, Үшқайық, Шаға және Бабайқорған ауылдық округтеріне 0,4 кВт — 10,6 шақырым электр желісі ауыстырылады.  Ал  Шорнақ, Үшқайық, Ескі Иқан ауылдық округтеріне 3 дана трансформатор орнатылады.

Аудандағы жол көлік инфрақұрылымы да айтарлықтай дамыған. Мәселен аудандық  автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы тас және топырақ жолдар. Елді мекендердің ішкі көшелері 731,1 шақырым. Яғни 308,3 шақырымы асфальтталған, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар. Облыстық бюджет есебінен 7,5 шақырымды құрайтын 1 аудандық маңызы бар Құсшыата автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі. «Ауыл — Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2022 жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге Шорнақ  орташа жөндеу жұмыстары, жарықтандыру жүргізілді. Ағымдағы жылы бағдарламасы аясында 11,2 шақырым жол жөнделмек. Нақтылай өтсек:

— Жаңа Иқан ауыл округі, Аль-Фараби, Бостандық, Ұлықбек және Б.Шалбаев көшелері (2,8 шақырым),

— Ескі Иқан ауыл округі, Ұлықбек, Жаңа Иқан, Шымкент, Х.Алимжан, Достық-2, Достық-4, М.Ауезов, Сұлтан Қожа және Салауат көшелері (6,35 шақырым),

— Үшқайық ауыл округі, Молдағұлова, Абай, Үсенов, Бейбітшілік және Қонаев көшелері (2,05 шақырым)

Өткен  жылы аудандық бюджет есебінен 277 дана жол белгісі, 42 дана жол кедергісі, Шорнақ елді мекенінде 2 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылды. Ағымдағы жылы 1 дана бағдаршам (Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысына), 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері (мектеп, балабақша алдындағы жол бойына) орнатылады.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 12,3 шақырым жол жөндеуден өтеді.

— Жүйнек ауыл округінде, Қуаныш және Ғасыр көшелері (2,2 шақырым);

— Бабайқорған ауыл округінде, Б.Майлин және С.Қожанова көшелері (2,0 шақырым);

— Қарашық ауыл округінде, Ақтанбаев көшесі (2,0 шақырым);

— Жібек Жолы ауыл округінде, Т.Ерімбетов көшесі (1,1 шақырым);

— Оранғай ауыл округінде, Мешіт көшесі (1,5 шақырым);

— Шаға ауыл округінде, Фурхат, Жастар, Тағайлы және Темірқорған көшелері (3,5 шақырым)

Бұдан бөлек, 2023 жылы 1 дана бағдаршам (Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысына), 277 дана жол белгісі (аудан бойынша), 42 дана жол кедергісі (аудан аумағында орналасқан мектеп, балабақша алдындағы жол бойына) орнатылады.

Сондай-ақ 58,3 шақырым жолдарды жөндеге жобалық сметалық құжаттар әзірленеді.

— «Оранғай-Қосқорған» автожолы 12 шақырым;

— «Бабайқорған-Абай» автожолы 9 шақырым;

— «Шорнақ — Жібек Жолы — Ескі Сауран қалашығы» автожолы 15 шақырым;

— «А.Үсенов ауылына кіре беріс» 4 шақырым;

— «Самара-Шымкент автомобиль жолынан Құмтүйін ауылына кіре беріс» 3 шақырым;

— «Бабайқорған-Игілік» автожолы 9 шақырым ;

— «Майдантал-Қаражон» автожолы 6,3 шақырым.

Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен «Түркістан – Шорнақ» және «Түркістан — Ескі Иқан» бағыттары бойынша жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған. 2023 жылы ауданда  6 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын ашуға жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда: Құмайлықас – Шорнақ; Ескі Сауран – Шорнақ; Шорнақ – Нұртас; Қаражон – Шорнақ – Қазақстанның 30 жылдығы; Абай – Шорнақ — Қазақстанның 30 жылдығы; Жалаңтөс — Қазақстанның 30 жылдығы.

Жалпы Сауран аудан бойынша жер көлемі – 721,7 мың гектарды құрайды.  Былтыр 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 51,3 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар артығымен орындалған. Биыл жоспар 29,5 мың гектар белгіленген. Осы ретте жұмысшы топпен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Алдағы уақытта жайылым мәселесі толығымен шешілетін болады. Ел экономикасының дамуына әсер ететін кезекті фактор ол- құрылыс нысандары. Сауран ауданы бойынша 36 елдімекен ішінде, тұрғындарының саны 5 мың адамнан асатын 6 елді мекен және 5 мың адамға дейінгі  26 елдімекен бас жоспармен және оңтайландырылған жобалармен қамтылған. Бүгінде аудан орталығы Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 5 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы жүруде. Бабайқорған елді мекенінде «Спорт зал» құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы нысанды тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар, Бабайқорған елді мекенінде «Клуб және кітапхана» құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. (жоба құны – 397,0 млн.тг). Аудандық бюджет есебінен Шорнақ, Иассы, Үшқайық, Шаға ауыл округтерінде ветеринарлық бекеттің құрылысына, Үшқайық және Жаңа Иқан ауыл округтерінен «Спорт зал» құрылысына,  Жібек жолы ауыл округі әкімшілігі ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Биыл мемлекет басшысы білім саласына баса назар аударуды, жан-жақты дамытуды қадап айтқан болатын. Сауран ауданы білім беру саласы бойынша мектептерде бастауыш және жалпы орта білім беретін 48 күндізгі мектеп жұмыс атқаруда. Ондағы балалар саны – 23 мың 719 бала. Оның ішінде 7 жекеменшік мектеп бар. Мәселен, Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл ауылынан 300 орындық мектеп құрылысы және Оранғай ауыл округінде 150 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде, нысандар 2023 жылы пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, “Жайлы мектеп” ұлттық пилоттық жобасы аясында 5 мектептің құрылысы жоспарланған: 2023 жылы Үшқайық ауыл округі, С.Қожанов ауылында 300 орындық мектеп, Иассы ауыл округі, Еңбекші Дихан ауылында 600 орындық мектеп және Шорнақ ауыл округі, Аша ауылында 900 орындық мектеп. 2024 жылы Майдантал ауыл округі, Ынталы ауылында 900 орындық мектеп, Қарашық ауыл округі, Құмтүйін ауылында 900 орындық мектеп құрылысы жоспарланған. Ауданда 12 мектепте оқушылар тасымалы ұйымдастырылған. 2023 жылы барлық қауіпсіздік құралымен қамтамасыз етілген 5 арнайы автобус алынды. Мектепке дейінгі 48 бала бақша, 5 мың 198 баланы қамтып отырСондай-ақ ауданда жалпы саны 41 спорт кешендері жұмыс жасайды. Жалпы ауданда бұқаралық спорттық іс-шаралармен 39,9 мың адам қамтылып отыр. Қазіргі таңда ауданның жастары Кентау және Түркістан қалаларында спортпен шұғылдануда. Осыған байланысты ауданда 2 спорт мектебін ашу бойынша жұмыстар жүруде.

Шорнақ елді мекенінде «Спорт кешені» құрылысына, Ибата және Теке елді мекендеріне спорт зал құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, ауданда 4 мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб және 29 кітапхана қызмет көрсетеді. Биылғы 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ескі Иқан ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді. Қарашық ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға өтінім жолданды. Бүгінде Шорнақ елді мекенінде «500 орындық мәдениет үйі» құрылысының жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin