Түркістан облысы: Сауран ауданында консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті

Сауран ауданы әкімдігі жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы болып өтті.

Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары және тиісті сала мамандары қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

Комиссияның күн тәртібіне сәйкес, пробация есебінде тұратын тұлғалар туралы жалпы ақпарат бойынша аудандық пробация бөлімінің аға инспекторы Медет Мырзатаев, пробация есебінде тұратын тұлғалардың балалары туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы Мейіржан Әділбеков, пробация есебінде тұратын тұлғалардың жұмыспен қамтылуы, мемлекеттік гранттар, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыс орындарының квоталары, несиелер мен бизнес жобаларға оқыту бойынша аудандық мансап орталығының директоры Азамат Әуез баяндама жасады.

Комиссия отырысының күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қорытындылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin