Түркістан облысы: Сауран ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға жер учаскелері қарастырылып жатыр

Кәсіпкерлер санының артуына бірден-бір себеп – жылдан-жылға кәсіпкерлерге қолайлы бағдарламалар ұсынылып, мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Осы ретте Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпкерлермен Қарашық ауылдық округінде кездесу өткізді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету бағытында сөз қозғалды.

Кездесуде Қарашық ауылдық округі аумағындағы кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтармен кеңінен сұхбаттасты. Онда шағын кәсіпкерлік нысандарын (жиҺаз өңдеу цехы) үйіргелік жерлер аумағынан тыс біртұтас кәсіпкерлікпен айналысатын аймаққа шоғырландыру мәселесі талқыланды. Нәтижесінде 4 гектар жер учаскесі қарастырылып, әкімдік тарапынан жер учаскелерінің құжаттамалары әзірленіп жатқандығы айтылды.

Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакировтың сөзіне сенсек, Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды түрде даму үстінде. Бүгінгі таңға ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6867 жеткен. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны 6751-ді құрап отыр.

​Осы салада жұмыс істейтін адамдардың саны 9286 адамға жетіп, пайыздық көрсеткішткер өскен. «Кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген 7-8% несиемен қамтамасыз етілді. Атап айтар болсақ, банк несиелерін субсидиялау бойынша 19 жобаға 1 990,5 миллион теңге жұмсалды. Банк несиелерін кепілдендіру бойынша 11 жобаға 625,2 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5% несиелендіру бойынша «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 191 адам 1 267,3  миллион теңге несие алған» — дейді С.Шакиров.

Ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі сауда-саттық қызметі екені рас. Мәселен, есепті мерзімде бөлшек сауда көрсеткіші 1 миллиард 360 миллион теңгеге, яғни 103,0 пайызға орындалды.

​Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты өнеркәсіп саласында 2023 жылы 11 миллиард 108,8 миллион теңгенiң өнімі өндіріліпті. Өнеркәсіптің басымды саласы өңдеу өнеркәсібінде 8 миллиард 100,8 миллион теңгенің өнімі өндірілген. ​Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 465,0 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар болса, олардың 13-і келісімшарт бойынша және 19-ы лицензиямен жұмыс атқарып жатыр.

​Өңдеу өнеркәсібінде 8,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Ауданда тамақ өнімдерін өндіру саласында екі өндіріс орны жұмыс істейді. Өнім көлемі 549,6 миллион теңгеге жеткізілді. «Тұран» шаруа қожалығы сүт өнімдерін шығарса, «Яссы Құс» шаруа қожалығы жұмыртқа өндіреді. Өзге де бейметалл минералдық өнімдерін өндіру саласында 8 өндіріс орны жұмыс істейді. Өнім көлемі 5,4 миллиард теңге құрады.

​Бөлім басшысының айтуынша, бүгінгі таңда «Нұр-Строй ЛТД» ЖШС-не тиесілі кірпіш зауытының жұмысы уақытша тоқтап тұр. Алдағы уақытта өндіріс орнын іске қосу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде екен. Ауданда құрылыс саласында «Бинэкс» ЖШС күйдірілген кіріпші шығарады. «Әзірет Жол» ЖШС, «Яссы құрылыс» ЖШС, «Тас жол» ЖШС асфальт төсейді. «Ныш-Ер» ЖШС стандартты құрылыс кіріпшінін шығаруға бейімделген. «Фахри Стройбетон» ЖШС, «Досан-Ата» ЖШС, «Euro Beton STD» ЖШС тауарлы бетон өндіреді.

Сауран ауданында соңғы жылдары жиһаз өндіру саласында өнім көлемі 752 миллион теңге, ең ірілерін атап айтсақ, «Так Мебель» ЖШС, «DIVALUX» ЖШС, ЖК «Хабибулла Ата», ЖК «SEM-BRAND» жиһаздарын қазақстандық тұрғындар ғана емес, алыс-жақын шетелдердің зор сұранысына ие. Олардың бірқатары республикалық және халықаралық көрмелерде топ жарып жүр.

Сонымен қатар Сауран ауданында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2023 жылы 34,6 миллиард теңгені құрады. Нақты көлем индексі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 129,1% орындалған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,6 миллиард теңгеге өскен. Оның ішінде, республикалық бюджет 7,5 миллиард теңге, жергілікті бюджет есебінен 4,2 миллиард теңге, меншік қаражат есебінен 22,3 миллиард теңгені құрады. 2023 жылы жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 8 инвестициялық жоба іске асырылып, 496 жаңа жұмыс орны ашылды.

Іске асырылған жобалардың ең ірілеріне ерекше тоқталып кетуге болады. Үшқайық ауылдық округінен «Иманқұл ата» шаруа қожалығы – балық шаруашылығын дамытуға 600 миллион теңге жұмсады. Осылайша он жұмыс орны ашылды. Қарашық ауылынан «Тұран» шаруа қожалығы – мектеп құрылысы, жобаның құны – 1440,0 миллион теңге бөлді. Онда 30 адам жұмыспен қамтылды. Шаға ауылынан «БНК АГРО» ЖШС сүт тауарлы ферма құрылысы және өндіру ғимарат құрылысын бастап кетті. Жобаның құны 840,0 миллион теңгені тұрады. Ескі Иқан ауылынан «Tемір ата» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңын салуда. Жобаның құны 450,0 миллион теңге тұрады.

Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер «Sauran Plast» қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірістік кешенін құрылысын бастады. Жобаның құны – 675 миллион теңге тұрады. Ескі Иқан ауылынан жеке кәсіпкер «Абдусаттаров» — Сапар орталығын баттандырды. Бұл жобаның құны – 97 миллион теңге тұрады. Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер «Байжанова» — техникалық және жол сервисі орталығының құрылысын жүргізуде. Жобаның құны – 150,0 миллион теңге болады. Иассы ауылдық округінен жеке кәсіпке «ӨЗЕН» — демалыс аймағы бөлініп, жобаның құны 101 миллион теңгеге бағаланып отыр.

​Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакировтың мәліметінше, 2024 жылы 37,0 миллиард теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олар арқылы 849 жұмыс орыны ашылады. Мәселен, Шаға ауылынан «Turkistan Fruit» ЖШС 400 гектарға қара өріктен жеміс шырынын тікелей сығу өндірісін жүзеге асырады. Жоба құны 8,5 миллиард теңге тұрады. Жобаның жүзеге асу мерзімі 2022-2026 жылдарға жоспарланған. Шорнақ ауылынан ЖК «Sauran Plast» қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қалтасын шығаратын өндірістік кешенін бастайды. Жоба құны 500 миллион теңге тұрады. Өндіріс іске қосылған кезде 15 адам жұмыспен қамтылады. Шыпан ауылынан ЖК «ASIABRAND» отбасылық, тұрмыстық жиһаз жасау өнеркәсібін бастайды. Жоба құны 800 миллион теңгеге жоспарланып отыр. Өндіріс жұмысын бастаған кезде 20 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылатын болады. Теке ауылынан ЖК «ND PLAST TURAN» тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жобасына 300 миллион теңге жұмсамақ. Шойтөбе ауылынан «ІDEAL TURKESTAN» ЖШС жұмсақ жиһаз өнеркәсібіне 500 миллион теңге жұмсап, 50 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Бостандық ауылынан «Ныш Ер» ЖШС демалыс орны және қонақ үй құрылысын бастайды. Жоба құны 2,2 миллиард теңге тұрады. Еңбекші Диқан ауылынан ЖК «ӨЗЕН» демалыс орнын салмақ. Жоба құны 350,0 миллион теңге болады. Жобас іске асқан кезде 35 жұмыс орны ашылады. Қаражон ауылынан ЖК «Ердаулет» демалыс орнын бастамақ. Жоба құны 350 миллион теңге тұрады. Демалыс орны іске кіріскен кезде 85 адам жұмыс орындарымен қамтылады. Шорнақ ауылынан «Sayazhai» ЖШС жол бойындағы «Бауырсақ» қызмет көрсету орталығын ашты. Жоба құны 424 миллион теңге тұрады. Мұндай 20 адам жұмыспен қамтылған. Абай ауылынан «SAKETAU Resort» ЖШС отбасылық демалыс орнын бастамақ. Жоба құны 150 миллион теңге тұрады. Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС  20 МВт күн электр станциясының құрылысын бастайды. Жоба құны 8 миллиард теңге тұрады.

Естеріңізде болса, былтыр жыл соңына таман мемлекттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған аудан кәсіпкерлерінің алғашқы бизнес- форумы өтті. Бизнес-форумның негізгі мақсаты – алыс-жақын шетел және отандық инвесторларды тарту есебінен тиісті салалар бойынша өнеркәсіптік және туристік аймаққа айналдыру. Ауданның оған толықтай әлеуеті жетеді. Өңірде қазба байлықтары, ауыл шаруашылығы өнімдері, туризм саласының оңтайлылығымен бірге шығарылған өнімдерді саудалайтын кең көлемдегі нарық та қалыптасқан.

Кәсіптерін дамытуды көздеген азаматтарға ыңғайлы жағдай жасайтын Шаға ауылдық округінен 30 гектар аумаққа индустриалды аймақ және Оранғай ауылдық округінен 365 гектар аумаққа арнайы экономикалық аймақ құрылуда. Форумда аудан кәсіпкерлерінің басын қосып, тоғыз жолдың торабында орналасқан Сауран ауданының потенциялын тиімді пайдалану тетігі ұсынылды. Форумға жиналған кәсіпкерлер бұл басқосу ауданның өсіп-өркендеу сатысындағы маңызды оқиға екенін айтты.

Форум аясында аудан әкімдігі мен кәсіпкерлік ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірқатар кәсіпкерлермен меморандумға отырды. Сонымен қатар ауданда кәсіпкерлік кеңесі құрылады. Бауырлас қалалардағы кәсіпкерлермен де меморандум түзілетін болады.

Ауданға инвесторларды тарту арқылы жеңіл, тау-кен, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібін, туризм кластерін дамыту арқылы аудан экономикасын көтеруді көздеп отыр.

Айтпақшы, Сауран ауданында өткен бизнес форумда Өзбекстан елінен келген кәсіпкерлер ауданда жүзім өсіруді жоспарлап отыр. Шетелдік кәсіпкерлер жүзім кәсібіне 3,5 миллиард теңге инвестиция салмақ. Форум аясында өзбекстандық қонақтар жүзім өсірудің тиімділігін кеңінен түсіндіріп өтті. Аудан климатына қолайлы жүзімнің төрт түрімен таныстырды. Қазақстанда жүзімді өсіріп, алыс-жақын шетелдерге экспорттаудың да тиімділігін айтты.

Біршама жылдар бұрын ауданға қарасты Ескі Иқан ауыл округінде мыңдаған гектар алқапқа жүзімнің 12 түрі өсірілген. Өзбекстандық кәсіпкер жүзімді заман талабына сай плантацияда өсіруді қолға алмақ. Жоба іске асырылса, аудан жүзім алқабына айналмақ. Бизнес форум аясында Сауран ауданының әкімдігі мен шетелдік кәсіпкер арасында меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, инвесторлық жоба 2024-2029 жылдарға жоспарланған.

Кәсіпкерлік демекші, жуырда облыс прокуратурасының бастамасымен Сауран ауданының прокуратурасында «Kazakh Invest» ҰК АҚ және «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, инвесторлардың қатысуымен «Инвест-Керуен» тақырыбында кездесу өткен-ді. Басты мақсат — инвесторларға, бизнеске қолдау. Бұл ретте бірқатар мәселелер бойынша хаттамалық шешім түзіліп, құзыретті органдарға тапсырмалар берілді, барысы бақылауда. Ары қарай прокуратура қызметкерлері «IDEAL TURKESTAN» ЖШС-не барып, жиһаз жасау жобасымен танысқан болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin