Түркістан облысы: Сауран ауданында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары ұйымдастырылды

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында арнайы мобильдік топ Үшқайық ауылдық округіне қарасты елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Топ мүшелері «Амангелді», «А.Үсенов» және «С.Қожанов» атындағы мектептердің оқушылары және мұғалімдерімен кездесті. Кездесу барысында құқықтық мәдениет, тәртіп пен жауапкершілік, жат діни ағымдардан сақтану жөнінде кеңінен айтылды.

Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, прокуратура, полиция, жастар ресурстық орталығы мен ішкі саясат мамандары қатысты.

Айта кетейік, мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген құрмет пен азаматтық жауапкершілік қалыптастыруға ықпал етеді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin