Бүгін Сауран ауданындағы мәдениет үйінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Жаңа Қазақстан — Екінші Республиканы құрудағы мемлекеттік модельді және саяси мәдениетті жаңарту мәселелері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Бұл жөнінде Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конференцияның мақсаты облыс көлеміндегі сала мамандары мен ғалымдардан мемлекеттіміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, саяси бағыттары мен даму белестерінің тарихын баяндай отырып, жаңа Қазақстанның мемлекеттік модельді және саяси мәдениетті жаңарту бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларды зиялы қауым өкілдері мен көпшілікке кеңінен таныстыру және насихаттау болып табылады.
Конференцияда Сауран ауданының құрылған бір жылдығына орайластырып, «Сауран ауданының тарихи мәдени құндылықтары мен туристік әлеуеті және тілге қатысты кейбір мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Ж.Бекмұрзаев, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Б.Бейсембаев, ауданның зиялы қауымы тағы да басқа қонақтар қатысты.
— 25 қазан — Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сонымен қатар, бүгінгі шарада «Сауран ауданының тарихи мәдени құндылықтары мен туристік әлеуеті және тілге қатысты кейбір мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағының тұсауы кесіліп, өз оқырмандарына жол тартқалы отыр. Бұл жинаққа тарихшылар, өлкетанушылар, тіл, филология, шығыстану, мәдениеттану, туризм, музей және мәдениет саласының білікті қызметкерлерінің ғылыми мақалалары еніп отыр, — деді аудан әкімі Ғани Құрмашұлы.
Бұдан соң шара «Жаңа Қазақстан — Екінші Республиканы құрудағы мемлекеттік модельді және саяси мәдениетті жаңарту мәселелері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысымен жалғасты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан, тиімді мемлекетке айналдырамыз» дегені — жұртшылықтың есінде. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1995 жылы жаңа Конституция бекіп, осы уақытқа дейін 4 рет өзгертіліпті. Нәтижесінде, Президент шексіз билікке ие болып, басқа тетіктер тежеуші күштен айырылған. Бәрін тек Президент қана шешетін жағдайға жетті. Басқаны былай қойғанда, ауыл әкімінің ісіне дейін өзі араласып отыратын. Мұны суперпрезиденттік басқару жүйесі деп атайды. Ендігі уақытта бұл ескірді. Себебі елде әралуан көзқарастағы азаматтық қоғам қалыптастыруға құлшыныс пайда болды. Қазақ қоғамының талабы мен талғамы өзгерген. Не істеу керек? Бірінші сатыдан екінші сатыға өтпей болмайды. Әрине ол қадам дамудың жаңа сатысына, халықтың игілігіне жұмыс істеуге тиіс.
Сонымен Екінші Республика деген не? Бұл халықтық билікке құлаш ұру. Қазақстанның 1993 жылғы тұңғыш Конституциясы бойынша біз парламенттік республикаға айналуымыз керек-ті. Бірақ биліктің ол моделі арада екі жарым жыл уақыт өткенде алынып тасталып, еліміз парламенттік басқару жүйесінен президенттік басқару жүйесіне ауысты. Мемлекет басшысы негізгі саяси тұлғаға айналып шыға келді. Осы конституция арада 27 жыл өткенде түбегейлі өзгертілді. Онда биліктің негізгі қайнар көзі халыққа бұрылады.
Мұнда:
Суперпрезиденттік басқару жүйесінен президенттік республикаға көшу;
Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу;
Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру;
Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту;
Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру қарастырылған. Бұлардың бәрі бір жүйеге топтасқанда елде азаматтық қоғамның біртұтас моделі шыға келері сөзсіз. Яғни биліктің бұқараға бетбұрыс кезеңі басталды. Мәселен, Президент билігі кезінде саяси партияны басқармақ былай тұрсын, оған мүше де бола алмайды. Ол үшін Ата Заңның 43-бабына жаңадан тармақ қосылады. Президент қана емес, Жоғарғы сот пен Конституциялық соттың және өзге де соттардың судьялары мен төрағалары, Жоғары аудиторлық палата мен Орталық сайлау комиссиясының төрағалары және мүшелері партияға жоламайды.
Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға, тіпті квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымды иеленуге тыйым салынады. Бұл да заңмен бекітілді. Дипломатиялық әлем институтының сарапшысы Альберто Тюркстра «бұл — жақсы жаңалық, тың өзгеріс. Себебі демократиясы дамыған Еуропа елдерінің өзінде мұндай демократиялық өзгеріс болған емес. Туған-туыстың билікке шоғырлануы Бельгияда белең алған. Мәселен, Бельгияның қазіргі премьер-министрі Александр Де Кроның әкесі кезінде парламенттің төрағасы болды. Сөйтіп, баласын билікке әкелді. Еуропалық кеңестің төрағасы Шарль Мишельдің отбасын алсақ, Луи Мишель, Метю Мишель, әкесі Бельгияның бұрынғы сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Ұлы Шарль Мишель Бельгияның премьер-министрі болып еді. Қазір Еуропалық кеңестің төрағасы. Оның інісі Метю Мишель елдің цифрлы технологияны дамыту жөніндегі бас хатшысы. Яғни мұндада Еуропа елдерінде кейбір шенеуніктер отбасы мүшелерімен жоғары қызметте істейді. Мұндай тамыр-таныстық, туыстық қатаң сынға ұшырауда», — дейді.
Қабылданған Ата Заң бойынша Жоғары сот кеңесі құрамының мүшелерін және төрағасын Президент Сенатпен келісіп қана қоя алады. Конституциялық соттың төрағасы да Сенатпен келісіледі. Бұрын мұның бәрін тек Президент қана тағайындап келген. Тіпті Конституциялық сот деген атымен болмағаны белгілі. Қысқасы, бұл былай, жаңа Конституцияның талабы бойынша президент мықты вертикальді жүйенің сақталуына кепіл болып тұрған: партияның құрамынан шығады. Екінші, жақын туыстары лауазымды билікке келе алмайды. Үшіншіден, Мемлекет басшысының Сенаттағы квотасы үштен бірге азаяды. Төртіншіден, Жоғары сот кеңесін жасақтау құқынан айырылады. Бесіншіден, облыстар мен республикалық маңызы бар үш қаланың әкімдерін қоспағанда, қалған қала, аудан әкімдерін жұмыстан босата алмайды. Есесіне өкілді биліктің, яғни Парламент пен мәслихаттардың құзыры кеңейеді.
Жаңа Қазақстан. Екінші республика. Бұдан былайғы өмірімізде өзгеріс болатынын әйгілейтін осы бір тұжырымдар әрбір отандасымыздың жүрегінде сенім алауын тұтатып, көңіл көкжиегін кеңітіп кететіні анық.
Бәріміз алдағы күннен алақай жаңалық күтіп, қоғам дамуының соны соқпағына, ізгілікті мемлекет құруға аяқ басқандаймыз. Бұл бағытта қолға алынған шаралар, игі бастамалар сол үміт отын үрлей түскендей. Алайда өткен 30 жыл бойы орныққан жүйені, қалыптасқан көзқарасты бір демде өзгерте алмасымыз тағы белгілі. Ол үшін жалпы қоғамды, жекелеген сала қызметкерлерін, қажет десеңіз әрбір адамды жаңаша ойлауға, өзгеше түйсінуге тәрбиелеу қажет. Осы орайда «Қасіретті қаңтар» деп ат беріліп, айдар тағылған оқиға қоғам санасында қопарылыс жасап кеткені анық.
Болған іс болды, бояуы сіңді! Енді айдай әлемге айғай сап аттандасаң да, ер-тоқымыңды бауырыңа алып туласаң да еш нәрсе өзгерте алмайсың. Алдағы міндет – елімізді осындай жағдайға алып келген оқиғаның себебін анықтап, келешекте қайталанбауы үшін әрекет жасау болмақ. Сөзіміздің басында айтқан «Жаңа Қазақстан», «Екінші республика» деген тұжырымдар осы оқиғалардан кейін айналымға енгенін естен шығармайық.
«Шөлмек мың күнде сынбайды, бір күнде сынады» — дейді халық нақылы. Біздің пайымдауымызша, халықтың жаппай шеруге шығуының тамыры — тереңде. Және ол бір күннің немесе бір жылдың нәтижесі емес, тәуелсіздік алғалы елімізде орын алған олқылықтар мен жіберілген қателіктердің салдары деп ұққан жөн. «Сонда неден жаңылдық, қай жерде шалыс бастық?» – деген сауал алдымызда менмұндалап шыға келетіні ақиқат. Жалпы, әлемдегі толқулар мен төңкерістердің негізінде ең алдымен қоғамдағы әділетсіздік пен биліктің озбырлығы жататыны белгілі. Бізде осының екеуі де орын алды деп айтуға негіз бар.
Тереңге бармай-ақ, көп жылдар бойы көзге көрініп, көңілге қонақтап қалған қарапайым ғана мысалдарға жүгініп көрейікші.
Бұл ең алдымен қоғамды жайлаған жең ұшынан жалғасу мен жемқорлық, парақорлыққа қатысты. Біз нені көріп келдік? «Қазақстан экономикасының локомативі» деп жүрген құрылыс саласын алайықшы. Құрылысқа мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыны кімдер иеленіп келді? Дұрыс айтасыз, ең алдымен қолында билігі барларға бұйырды. Тендерге қойылған қаржының белгілі бір бөлігі оны ойнатушылардың қалтасында қалатын. «Белгілі бөлігі» деуіміздің себебі, әр аймақта әрқалай. Құдайға қарағандары 10 пайызына ортақтасса, қайсыбір жерлерде 20 пайызға дейін иеленетінін жұртшылық жақсы біледі. Лақап аты «Господин 30» делінетін өңір басшысын да көрдік. Сонда белгілі бір нысанды салуға бөлінген қаржының 30 пайызы тендер ойнатушының үлесінде қалып, қалған 70 пайызы құрылысқа жұмсалады деп ойласаңыздар – қателесесіздер.
Оны ұтып алған, қолында қаламынан басқа ешқандай техникасы бола бермейтін адам өзіне тиесілі үлесін алғаннан кейін нысанды «субчик» деп аталатын үшінші адамға беріп, өзі пайдасын шытырлатып санап, шырт түкіріп кете барады. Үшіншісі де адам ғой. Ал, құрылыс кезінде қолды болатын қаражатты қайда қоясыз?! Ең соңында сапасы күмәнді, құны арзан материалдармен салынған үйлер бой көтеретін. Пайдалануға берілмей жатып құлаған, адам тұруға жарамсыз деп танылған көпқабатты үйлер, міне, осындай қылмысты жүйенің жемісі. Бұл жерде жалақысы бала-шағасының ішіп-жеміне де жетпейтін жұмыстан бас тартып, көшеде қаңғып қалған азаматтардың мұң-зарын да қоса кеткен орынды.
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының қомақты бөлігін құрайтын әрі стратегиялық маңызы зор салмақты сала. 30 жыл бойы мұнда жүргізілген түрлі эксперименттер мен реформалар еш нәтиже бермегенін байқау үшін сарапшы болудың қажеті жоқ. Оны еліміздің бүгінге дейін агроөнеркәсіп өнімдерінің экспортына тәуелді екенін айтсақ та жеткілікті. Жұмыс істеп тұрған ұжымдық құрылымнан бас тартып, ауылды жекешелендіру жалпы халықты кедейлендіріп, жекелеген адамдардың жер иеленуші алпауытқа айналуына әкеліп соққанын көріп отырмыз. Бүгінде шаруа адамдары ірі шаруашылықты былай қойып, азын-аулақ малын бағатын жер таба алмай сенделуде. Саланың тамырына қан жүргізу мақсатында жасалынып жатқан көптеген шаралар нәтиже берер емес. Себебі, мемлекеттік субсидиялар нақтылы тұтынушы шаруа адамдарына жетпей, орта жолда қолды болып кетіп жатыр. Үлкен қаражат кімдерге, қандай жолмен бұйырып жатқанын анықтау онша қиынға соға қоймас деп ойлаймын. Өткен жылғы қуаңшылық кезінде ауыл шаруашылығына көмек ретінде бөлінген ақшаны жымқырып, істі болған Ақмола облысы сала басшыларының іс-әрекеті басқа өлкелерге де ортақ схема.
Халықтың тегеурінді қарсылығына жолықпағанда жеріміз де шетелдіктерге сатылып, қазақтар өз елінде «квартирант» бола жаздағаны да өтірік емес. Бұл сатқындық саясатты кімдер және не үшін ойластырғанын білу үшін көріпкел болудың қажеті жоқ шығар?! Өндірушілер мен тұтынушылардың арасында бағаның шарықтап өсуі, түк істемей шаш етектен пайдаға кенеліп жүрген делдалдардың қызметін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Орда» базарындағы былық арқылы көрсетіп берді.
Экономикамызды шикізатқа тәуелділіктен құтқару үшін индустриализация жүргізу керек деп ұрандатқанымызға 30 жыл болды. Ал біз тіс шұқитын жаңқаға дейін Қытайдан алып келеміз. Өнеркәсіп саласында Елбасының қатысуымен салтанатты түрде ашылған ірі жобалардың жұмыс істеп тұрғандары некен-саяқ. Іс бітті, қу кетті. Құрдымға құйылған қаржыны іздеген, қылмыскерлерді жазаға тартқан ешкім болған жоқ. Жемқорлыққа жетелейтін жүйеден еш жақсылық күтуге болмайтынын жұртшылық әлдеқашан түсініп болған.
Көп жылдар бойы Қазақстанда, құзырлы органдардың мәліметінше парақорлардың тізімін дәрігерлер мен мұғалімдер бастап келді. Иә, ата-аналардан түрлі шараларға ақша жинау, науқастарды емдегендері үшін қолүздік алу етек алған кезеңдердің болғаны рас. Алайда аталған салалар өзгелердің жанында жіп есе алмайтынын халық көріп отыр емес пе?! Орыста: «Что охраняю – то имею!» деген сөз бар. Яғни, елімізде кімдердің пара алу мүмкіндіктері көбірек?!
Ертеректе полицияға жұмысқа тұрған жас лейтенанттармен бейресми жағдайда сұхбаттасқанымыз бар. Күштік құрылымдағы қызметі өздері ойлағандай болмай шыққанына налыған жігіттер бір сәт ашыла сөйлеген. «Бізге қылмысты ашу мүлдем тиімсіз, – деген еді сонда. – Себебі, қылмысты әшкерелегеніміз үшін біз сыйақы да, шен де алмаймыз. Шеніміз өсу үшін жоғарыдағыларға ақша беруге міндеттіміз. Сондықтан құқық бұзғандарды ақшаға босатып, оны басшылармен бөлісуге мәжбүр боламыз. Сонда ғана шеніміз бен қызметіміздің жоғарылайтынына кепілдік беріледі!» Естіген құлақта жазық жоқ!
Бұл сөздердің қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтау қиын екенін түсінемін. Алайда, есірткі саудасымен айналысатын сығандардың тұратын жері, аты-жөні белгілі бола тұра, олардың жауапқа тартылмайтынын көргенде амалсыз иланасың. Кешкісін тұтқындалған саудагердің таңертең босап шыққанын көзіміз көрген. «Қорғас ісі» деп аталатын әйгілі сот процесінде жауапқа тартылып, жазасын алған 45 адамның екеуі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковниктері болғанын кезінде жазған болатынмын. Соңынан осы «Қорғас» бекеті кімнің иелігіне өткенін де шыққыр көзіміз көрді!
Қаңтар оқиғасы кезінде өкілеттілігі шексіз ҰҚК басшысының «Отанына опасыздық жасады» деген айыппен тұтқындалуы шектен шыққан сорақылық емей немене?! «Ет бұзылса тұз себеміз, тұз бұзылса не себеміз?!» деген мәтел осындай шарасыздықтан айтылған болар, сірә. Және бұл полиция мен ҰҚК-ге ғана емес, күштік құрылымдардың бәріне қатысты екеніне ешкім шек келтірмейді. Оны қасіретті қаңтар тағы бір айғақтап берді.
Еліміздегі жоғары билік халықпен байланысын мүлдем үзіп алды деген пікір бар. Бұл – ақиқат! 30 жыл бойы жоғары билікте санаулы ғана адамдардың бір креслодан екіншісіне ауысып жүруін немен түсіндіруге болады?! Қазір осы үрдіске тосқауыл қою әрекеті басталғандай. Дегенмен, биліктің үш тармағынан да ежелден таныс есімдерді көріп келеміз. Олардың білім-біліктілігі, атқарып отырған қызметіне адалдығы мен лайықтылығы өз алдына бөлек әңгіме. Соның ішінде көпшілікті аса алаңдататыны, билік мемлекетті құраушы ұлттың тіліне – қазақ тіліне менсінбеушілік танытты. Құжаттардың барлығы орыс тілінде әзірленіп, қазақшасы «Яндекс» аудармасы арқылы жүргізіледі. Және оны ешкім оқымайды да. Бұл қарапайым халықтың қитығына тимей қайтсін.
«Жаңа Қазақстан» құру жолында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы күнге дейін орын алып келген бірталай былықтың бетін ашып, тәртіп пен әділеттіктің үстемдік алуына ықпал ететін нақты қадамдарға барды. Атын атамағанымен, былықтың барлығы бір адамның төңірегіне барып топтасатыны ақиқат. Еліміздегі байлықтың 50 пайыздан астамын иеленіп отырған 162 адамның кімдер екені халыққа әлдеқашан мәлім болған. Жә, онымен құзырлы мекемелер айналыссын. Ал біз, қарапайым халық, жылдар бойы көріп отырдық емес пе?!
Бүгіндері ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жабырқау жүйені, қытымыр қоғамды өзгертіп, жаңа өмірдің тамырына қан жүгіртуге әрекет жасалып жатыр. Конституциядағы өзгерістер, кезектен тыс Президент сайлауы осы бағыттағы әрекеттер екені анық. Дегенмен, жоғарыда айтылған өмір-тірлігіміз бен ой-санамызда төңкеріс жасамай, алға қойған мақсатымызға жете алмасымыз тағы да белгілі.
Ол үшін бір ғана Мемлекет басшысы емес, барша қазақстандықтардың ерік-жігер мен мақсат-мүддесін жұмылдыру қажет. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының осы бағыттағы жұмыстары әзірге көптің көңілінен шығады. Сөз бен уәде жеткілікті. Енді оны орындау керек. Ақырын күтейік.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
ISIR 042 significantly inhibited colony formation and the expression of stemness related genes of pancreatic cancer cells priligy amazon canada To determine the extent to which thymically derived Tregs contributed to this early response during tumorigenesis, we predepleted FoxP3 thymic Tregs in the input TRP 1 T cell population by DT treatment prior to adoptive transfer on day 16 Fig
I’m impressed, I have to admit. Seldom do I encounter a blog that’s
both equally educative and engaging, and without a doubt, you have hit the nail on the head.
The problem is something not enough men and
women are speaking intelligently about. Now i’m very happy I found this
in my search for something relating to this.
http://sanoactive.com/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=10191
Appreciate this post. Let me try it out.
you’re really a good webmaster. The website
loading velocity is incredible. It kind of feels
that you’re doing any unique trick. Moreover, The contents are masterwork.
you have performed a fantastic task on this subject!
Amazing issues here. I’m very happy to peer your article.
Thanks so much and I’m having a look forward to contact
you. Will you please drop me a e-mail?
I blog frequently and I really thank you for
your information. Your article has really peaked
my interest. I’m going to take a note of your site and keep checking for new information about
once a week. I opted in for your Feed too.
Good day! I could have sworn I’ve been to this site before but after browsing through
some of the post I realized it’s new to me.
Anyways, I’m definitely delighted I found it and I’ll be bookmarking
and checking back often!
Greetings from Idaho! I’m bored at work so I
decided to check out your website on my iphone during lunch break.
I really like the information you present here and can’t wait
to take a look when I get home. I’m amazed at how quick your
blog loaded on my phone .. I’m not even using WIFI, just 3G ..
Anyways, amazing blog!
You can definitely see your enthusiasm in the article you write.
The sector hopes for more passionate writers like you who are not afraid to mention how
they believe. All the time follow your heart.
Pretty great post. I just stumbled upon your blog and wished to mention that I have truly loved browsing your blog posts.
In any case I’ll be subscribing in your feed and I hope you
write once more very soon!
I have read so many articles or reviews on the
topic of the blogger lovers except this paragraph is genuinely a good article, keep it up.
Hello, its fastidious piece of writing on the topic of media
print, we all be familiar with media is a fantastic source of facts.
Attractive component to content. I just stumbled upon your website and in accession capital to claim that
I get actually loved account your weblog posts. Anyway I
will be subscribing on your feeds or even I success you access persistently fast.
You are so cool! I don’t believe I’ve read anything like
that before. So good to find another person with a few genuine thoughts on this
subject. Really.. thanks for starting this up. This web site
is something that’s needed on the web, someone with some originality!
Hi there i am kavin, its my first time to commenting
anywhere, when i read this article i thought i could also make comment due to this brilliant article.
Thanks a bunch for sharing this with all folks you really recognise what you are
talking approximately! Bookmarked. Please additionally visit my web site =).
We may have a link alternate contract between us
Hi there, I enjoy reading through your post. I wanted to write a little comment to
support you.
I’m very happy to find this great site. I want to to thank you for your time for this wonderful read!!
I definitely appreciated every bit of it and I have you
book-marked to look at new things on your web site.
Hi there to every one, the contents present at this site are really amazing for people knowledge,
well, keep up the good work fellows.
Very nice post. I just stumbled upon your blog
and wanted to say that I’ve truly enjoyed browsing your blog posts.
In any case I’ll be subscribing to your feed and
I hope you write again soon!
Why users still use to read news papers when in this technological
world the whole thing is presented on web?
Having read this I thought it was very informative.
I appreciate you taking the time and effort to put this short article
together. I once again find myself spending a significant amount of time both reading and commenting.
But so what, it was still worth it!
https://qqljh1234.gabia.io/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=67805
http://rbc2020.kr/board/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=37112