Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, арнайы шара болып өтті. Жиынға аудандық мешіт имамдары, ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Құрышбаев 18 қазан – Рухани келісім күні 1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші әлемдік конгресі өткенін, сол кезде конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім, яғни қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау жөнінде манифест қабылданғанын жеткізді. Міне, сол 1992 жылдан бастап, 18 қазан — Рухани келісім күні ретінде аталып өтіліп келеді. 1992 жылдан бері мерекеленген атаулы күннің маңызы зор. Өйткені, 40 конфессия мен 130 ұлт өкілі тұратын еліміз үшін рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны бөлек. Жиын барысында мешіт имамдарымен еркін форматта пікір алмасып, олардың ұсыныс пікірлері тыңдалды. Жиын соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Құрышбаев бір топ имамға аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды.
Айта өтейік, қасиетті кітабымыз Құранда бірлік туралы бірнеше жерде баяндалған. Соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де барша адамзаттың ауызбіршілігін уағыздаған. Жаратушы Иеміз «Әли Имран» сүресінде: «…Бөлінбеңдер», деп әмір етсе, Оның Елшісі: «…Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», деп, жамағатты, барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген.
Халқымыздың би-шешендері мен ақын-жыраулары да әрқашан өсиетті сөздері мен ғибратты толғауларында, өлең-жырларында өзара келісімді насихаттаған. Майқы бидің: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» — деген нақыл сөзі — қанша ғасыр өтсе де ұрпаққа өнеге.
Елімізде қалыптасқан дінаралық татулық, ұлтаралық келісім – ширек ғасырға татитын тәуелсіз еліміздің жеткен басты жетістіктерінің бірі.
Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқасында жеттік. Елдің әлеуметтік-экомикалық көрсеткіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел басқарған парасатты басшылар қашан да бірлік пен татулыққа аса мән берген.
Күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ топырағына бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама.
Аллаға шүкір, біз әлмисақтан бері мұсылманбыз. VIIІ ғасырда Орталық Азияға, оның ішінде қазақ топырағына жеткен Ислам сол дәуірден бері халқымыздың жүрер жолы, мемлекетіміздің рухани тірегі болып келеді.
Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымдарды білдіреді. Алла тағаланың өзінің соңғы елшісін жіберудегі мақсаты қасиетті Құранның «Әнбия» сүресінің 107-аятында былайша баяндалады: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік».
Расында, біз кешегі аумалы заманда қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азаттықтың ақ таңын атырған халықпыз. Сондықтан да тәуелсіздік, бірлік, бейбітшілік, татулық – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз.
Ата-бабаларымыздың асқақ арманы мен өр рухының, иманға берік мұсылмандығының арқасында келген тәуелсіздік – Алланың бізге берген сыйы һәм нығметі. Жаратушы Раббымызға сансыз шүкірлер айтамыз, егемендігімізбен бірге дініміз де өркендеп, елімізде еңселі мешіттер мен медреселер бой көтерді, әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, экономикамыз даму үстінде. Ендеше, халықтың әл-ауқатын бұдан әрі көтеру үшін бізге ең әуелі бірлік ауадай қажет. Өйткені бейбітшілік – біздің бақытымыз бен баға жетпес байлығымыз.
Қазіргідей алмағайып заманда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау – өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, діндер арасындағы үнқатысуды дамыту – бүкіл әлемдік жауапкершілік. Тәуелсіз Қазақстан діннің қоғамдағы маңызды рөлін ескеріп, әр үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізуге ұйытқы болды. «Заман күнде өзгереді, ал дініміз – мәңгілік», деген қанатты сөздің шеңберінде әлемдік дәстүрлі дін көшбасшыларын бір үстел басына жинап, ортақ мақсаттар туралы салиқалы сөз айтуға мүмкіндік туғызды.
Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді. Олай болса, біз таза діни істерден өзге осындай ұлы мұраттарды да нысана етуіміз керек. Өйткені адам баласы қайырлы да ізгі амалдарымен ғана Жаратушыға жақындайды. Қасиетті Құранда: «Бір-бірлеріңе ізгі істерде, тақуалықта көмектесіңдер. Күнә жасауға, дұшпандыққа жәрдемші болмаңдар…» делінген. («Маида» сүресі, 2-аят).
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: «Береке мен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, татулық пен келісім – біздің басты байлығымыз», – деген болатын.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Hey excellent website! Does running a blog such as this take
a lot of work? I’ve absolutely no knowledge of programming but
I was hoping to start my own blog soon. Anyway, if you have any recommendations or tips for new blog owners please share.
I understand this is off topic but I simply had to ask.
Appreciate it!