Түркістан облысы: Сауран ауданында тазалық сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынды

Сауран ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тазалық сақтамаған тұрғындарға айыпұл салынып, рейдтік шаралар жүргізілді. «Тазалық – денсаулық кепілі» деп халқымыз бекер айтпаған. Тазалық жоқ жерде құт-береке де болмайды. Әр саналы азамат өзі тұратын жерді таза, көрікті болуына үлес қосуы керек. Соңғы жылдары көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөлініп, ағаштар отырғызылып, гүлдер егілуде.

Жыл сайын көктем мезгілі келісімен сенбiлiктер ұйымдастырылып, күл-қоқысты тазарту жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Аудан аумағын тазалау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды шығару және бейқисап өскен шөптерді ретке келтіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Айталық, ауылды таза ұстау жағына келгенде, кемшін тұстарымыз жоқ емес, бар. Мәселен, ауылды аралап көрсеңіз, әр жерде тау-тау үйілген иесіз күл-қоқыстарды көресіз. Ауылдың сұрқын қашырған бұл қоқыстар өздігінен жиналған жоқ, әрине. Оған өзіміз себепшіміз. Ал, оны тазартуға келгенде дәрменсізбіз. Ол жұмысты жергілікті атқарушы биліктің мойнына арта саламыз. Шынында, ауыл бәрімізге ортақ. Ауасын, суын бәріміз бірдей пайдаланамыз. Сондықтан да бұл мәселеге бәріміз де жауаптымыз деп түсінген абзал.

Естеріңізде болса, аудан орталығындағы мәдениет үйінде Шорнақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тазалық мәселесін көтеріп, тазалық сақтамаған тұрғындарға полиция қызметкерлері арқылы айыпұл салынып, рейдтік шаралар тұрақты жүргізілетінін жеткізген-ді. Сонымен қатар, аудан орталығындағы мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерін тазалық жұмыстарына әрдайым бейжай қарайтынын айтып сынға алған. Алдағы уақытта тазалық жұмыстарына салғырт қараған бюджеттік мекеме басшыларына тиісті шара көрілетінін жеткізді.

“Тазалық — денсаулық кепілі” деп халқымыз бекер айтпаған. Тазалық жоқ жерде құт-береке де болмайды. Әр саналы азамат өзі тұратын жерді таза, көрікті болуына үлес қосуы керек. Айталық, ауылды таза ұстау жағына келгенде, кемшін тұстарымыз жоқ емес, бар. Мәселен, ауылды аралап көрсеңіз, әр жерде тау-тау үйілген иесіз күл-қоқыстарды көресіз. Ауылдың сұрқын қашырған бұл қоқыстар өздігінен жиналған жоқ, әрине. Оған өзіміз себепшіміз. Ал, оны тазартуға келгенде дәрменсізбіз. Ол жұмысты жергілікті атқарушы биліктің мойнына арта саламыз. Шынында, аудан орталығы бәрімізге ортақ. Ауасын, суын бәріміз бірдей пайдаланамыз. Сондықтан да бұл мәселеге бәріміз де жауаптымыз деп түсінген абзал.

Кездесуде Шорнақ ауылдық округінің әкімі Бердалы Баймұратов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов ауыл тұрғындарын тазалық мәдениетін қалыптастыруға атсалысып, «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып, аудан орталығын көркейтуге, жасыл желекке айналдыру бағытында жұмыс істеуге шақырды.

Сауран ауданында экологиялық акция аясында көгалдандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Аудан тұрғындары өз аулалары мен көше бойларынан бастап тазалық және көгалдандыру жұмыстарын атқаруда. Шараға аудандағы жастардан бастап, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар да өз үлестерін қосып жатыр.

Сенбіліктер аясында аудандағы 14 көше тазаланып, 3 аялдама сырланды. Сондай-ақ, саябақтар және скверлер ретке келтіріліп, 1,5 шақырым өзендер мен бұлақтардың арналары тазаланды. Одан бөлек, 200-ге жуық көшет отырғызылып, 14 дана жол белгісі жаңартылды. Аталған жұмыстарға 12 ауыл округтен 200-ге жуық адам атсалысқан. Бұдан бөлек, 4 техника жұмылдырылып, 31 тонна қоқыс қалдықтары шығарылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталып, 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталды.

Өңір басшысы Дархан Сатыбалды белсенді демалыс саябағына ағаш отырғызып, «Таза Қазақстан» шарасына қолдау білдірді. Отаншылдық — тазалықтан басталатынын айтып, ағаш егіп, туған жердің тазалығын сақтау, табиғатын қорғау әрбір адамның міндеті екенін жеткізді және бұл бастаманы Түркістан облысы Сауран ауданының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, қолдап жұмысты бастап кетті.

“Табиғат — ел байлығы” демекші, мемлекет дамуы үшін табиғатқа деген құрмет болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау арқылы Отанға деген патриоттық сезім оянады. Сондықтан, біз өз ортамызды, көшемізді, ауылымызды таза ұстау мақсатында «Таза өлке» апталығына аудан әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәдениет үйіне қарасты Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Достық» этно фольклорлық ансамблінің қызметкерлері белсене атсалысты. Шара барысында көше бойы қоқыстардан тазартылып, көшеттер егілді.

Өңірімізде белсенді түрді өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында тындырымды істер атқарылуда. «Таза өлке» апталығына сәйкес аудан тұрғындары өз аулалары мен көше бойларын абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Жалпыхалықтық экоакцияға жас отбасылар мен қазыналы қаряларымыз және мүмкіндігі шектеулі азаматтарда өз үлестерін қосуда.

Атап өтетін болсақ, аудан орталығы Шорнақ аулында орналасқан орталық аллея мен тұрғын үй іргелеріне ағаш көшеттерін отырғызуда. Кішіге үлгі болған көгалдандыру жұмысына қатысқан азаматтар қоршаған ортаның қалыптасуына өз үлестерін қосуда.

Егде тартқан қариялар тәрбиенің тал бесіктен берілетіндігін көрсетіп, қос немересімен ағаш көшеттерін отырғызды. Қоғамда өзінің орны бар екендігін дәлелдеген мүмкіндігі шектеулі азаматта саялы саябақтың бой көтеруіне ықпал жасады. Акция барысында жастарды отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу жолдары көрсетілді.

Мұнан өзге Сауран ауданы білім бөліміне қарасты «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасы «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында сенбілік жасап, көшеттер отырғызды. Экологиялық акцияда тәрбиешілер мен ата-аналар және тәтті бүлдіршіндеріміз қатысып, тал егіп, су құйып, табиғатты аялаудың маңыздылығын үйренді.

Жалпы, бақшада тазалық жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Ата-аналар тарапынан балабақшаның тазалығына әрдайым мән беріліп, қақпадан кіргеннен бастап, байқайтындарын жеткізуде. Сонымен бірге, тәрбиешілер бүлдіршіндерге санитарлық тазалық, көшеге қоқыс тастамау мақсатында түрақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұратындықтарын айтты.

Назар аударар тағы бір жайт, тазалық жұмыстарында мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлер өздеріне бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Сонымен қатар, сенбілік барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар тазаланды.

Шара барысында аудан аумағындағы барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынды. Аудан орталығындағы «Даңқ» саябағының аумағын абаттандыру, тал егу, сырлау, әктеу және тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыстарына аудан жастары мен белсенді еріктілер қатысып, саябақтың ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш эко акция аясында сенбілік жұмыстары тек орталықтарда ғана емес барлық округтерде, елді мекендерде ай соңына дейін жалғасын табатын болады.

Иә, қызу тазалық жұмыстарына 12 ауыл округтегі барлық мекемеден 200-ге жуық қызметкер бір кісідей атсалысты. Әр ұжым өздеріне бөлінген аумақтарға, көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ауылдың кіре беріс аймағынан, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасынан 31 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Оған 4 техника жұмылдырылды.

Сенбілікте елді мекендерде жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштардың түбін әктеу, қураған ағаштарды бұтау, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары қолға алынды. Ескірген қоршауларды қайта сырлау жұмыстары да жүргізілді. Акция аясында сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті.

Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Белсенді демалыс саябағына ағаш отырғызып, «Таза Қазақстан» шарасына қолдау білдірді. Жаңа акцияны қолдау жөнінде өз үндеуін жариялады. Экологиялық акцияға қатысқан жастармен жүздесіп, пікір алмасты. Отаншылдық – тазалықтан басталатынын айтып, ағаш егіп, туған жердің тазалығын сақтау, табиғатын қорғау әрбір адамның міндеті екенін жеткізді.

«Бүгін біз қоғам үшін маңызды экологиялық іс-шарада кездесіп тұрмыз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдады. Өйткені, өңірімізде белсенді, отаншыл азаматтар өте көп. Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» акциясын бастадық. Осыған байланысты өткен аптадан бері аудан, қалаларда тазалық, көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Бұл – бір айлық науқан емес. Мақсатымыз – тазалық сақтау, ағаш, гүл егуді өмірлік дағдыға айналдыру. Осы салаға жауапты басқармаларға, аудан, қала әкімдеріне, коммуналдық мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Арнайы техникалар, ресурстар бөлінді. Біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістанымызды одан сайын түрлендіре түсеміз! Оған мүмкіндігіміз жетеді», – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Республикалық акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.

«Табиғат — ел байлығы» демекші, мемлекет дамуы үшін табиғатқа деген құрмет болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау арқылы Отанға деген патриоттық сезім оянады. Сондықтан, біз өз ортамызды, көшемізді, ауылымызды, қаламызды таза ұстауымыз керек. Арықтарды тазалап, бұлақ көздерін ашу – міндетіміз! Осы бағытта жұдырықтай жұмылып жұмыс істейміз деп сенемін! Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2021-2025 жылдар аралығында өңіріміздегі 800-ден астам елді мекенді көгалдандыру үшін 4 миллионнан астам көшет егу көзделген. Қазір жұмыстар жүруде. Биылдың өзінде 1 миллионнан астам көшет егілуде. Таулар да, ормандар да, өзен-көлдер де, байтақ дала да, ауылдар да, қалалар да – біздікі. Осы байлығымызға жанашырлықпен қарайық! Көшесінің тазалығына қарап, азаматын, халқын танисың. Ендеше, барша Түркістан өңірінің тұрғындарын осы акцияны қолдауға шақырамын! Бірлік пен еңбектің арқасында Түркістанымызды жасыл аймаққа айналдырайық!» — деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

«Таза өлке» науқаны басталғалы бері облыста 1500 көше және 33 мыңнан астам аяқжол тазаланып, 850 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ 140 мыңнан астам ағаш әктеліп, 138 мыңға жуық көшет отырғызылды. Бұдан бөлек 275 саябақ және сквер, 192 дана балалар және спорт алаңшалары тазаланды. Бұл іс-шараларға 279 техника және 15 мыңнан астам адам қатысты.

10 сәуір мен 11 мамыр аралығында Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» науқаны өтеді. Әр аптаға арнайы ат беріліп, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылады. Облыстың барлық ауданын және қалаларын қамтитын науқанға облыстың әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

Сауран ауданының орталығындағы саябаққа «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған бастамаға аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен «Жасыл Сауран», «Сауран Су» мекемесінің қызметкерлері, ерікті жастар, тұрғындар өз белсенділіктерін көрсетті.

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес. Жыл сайын жаңадан ағаш отырғызу жұмыстары ерте көктем мезгілінде басталып, қара күзге дейін жалғасады. Бүгінгі акцияға шыққан азаматтар тал отырғызу шарасына белсене қатысып, осы күні аудан бір еңбек майданына айналғандай болды.

Ауданның осылай көрейіп жатқанын көріп ауыл тұрғындары ыстық ықыластарын білдіріп жатыр. Аудан әкімі бас болып, төңіректің тазалығына мән беріп, оны халық болып жалғастырып жатқаны, әрине, сүйсінерлік жәйт. Әсіресе, қаланы, ауыл-аймақты көгалдандыруға көп көңіл бөліп, соған бар күшті салу керек. Осы күні акция аясында 3 гектар жерге 2000 түп көшет отырғызылып, оған 50-ден астам адам қатысты.

Рас, кей-кейде табиғаттың тосын сыйлары, көктем-жаз айларында бастау алып, тұрғындары әбігерге салып жатады. Жауын-шашынның шамадан тыс жаууы су арнасының асып шығуына әкеліп соғады. Осындай жағдай Үшқайық ауылдық округінде орын алған болатын. Табиғаттың тосын мінезінен екі-үш үй ауласына ағын су кіріп, тұрғын үйлерге кері әсерін еткен.

Бұл жағдай бойынша әкімдік жедел назарға алып, келтірілген ақаулар аудан әкімі тапсырмасына сәйкес, ретке келтіріліп жатыр. Атап өтетін болсақ, тұрғын үй іргелері қатайтылып, арнайы шағал тастармен бекітілуде. Аталған ауылдық округ тұрғындарының қайырымдылығы мен ұйымшылдығының арқасында 75 адамның күшімен тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ауылдық округе арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қазіргі таңда аймақты ретке келтіріп, тазалау жұмыстары қатар жүргізілуде. Бұл шараға екі техника бөлініп, шағал тас 252 текше метр, қалпына келтіру үшін 4 тонна цемент пен 3 тонна метал, әктеу-сырлауға 600 келі әк жеткізілді.

Жалпы, Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауында тұрғанын да атап өткен лазым.

Игі бастамаға Кентау қаласы да белсенділік танытуда. Қазіргі таңда қаладағы аллеяларды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері тазаланып, сырланып, жарықшамдар қалпына келтірілді және талдардың түптері ағартылды. Қаланың кіреберіс келбетіне көрік беру мақсатында жерді өңдеп, жаңартып, қопсыту жұмыстары атқарылды. С.Сейфуллин көшесіне 5 мың дана раушан гүлі отырғызылды. Одан бөлек, көше қиылыстарына, аллеялар мен саябақтарға 20 мың дана раушан гүлін және 40 мың дана біржылдық гүлдер отырғызу жоспарлануда. Абай даңғылы бойындағы К.Жұмаділов атындағы аллеяға шырша, қарағаш көшеттері отырғызылды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тарапынан 8500 түп қарағаш көшеттері үлестіріліп, «Жасыл аймақ» учаскесіне отырғызу жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар Сауран ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына кірісті. Аудан бойынша көгалдандыру, ағаштардың түбін қопсыту, отырғызу орындарын дайындау, сырт келбетін көріктендіру бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда. Наурыз айында Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің ішкі көшелерінің бойы мен іскерлік аумақтарға 25 мың түп қарағаш пен үйеңкі отырғызылды. Сонымен қатар Шорнақ мешітінің 3,5 гектар аумағына 1000 түп жеміс ағашы егілді. Алдағы уақытта тағы 26 мың түп ағаш көшетін егу жоспарлануда.

Созақ ауданы тұрғындары да республикалық акцияға жергілікті әкімдікке қарасты жауапты мекемелердің қызметкерлерімен бірге белсенді қатысуда. Бүгінде аудан орталығындағы «Абай» және «Тәуелсіздік» саябақтарына 2000-ға жуық көшет егілсе, Шолаққорған – Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағына жаңадан егілген тал көшеттерінің саны 4000-ға жуықтады. Мұнда жаңадан егілген тал көшеттерін шарбақпен қоршау, тамшылатып суару қондырғысын орнату шаралары жүргізілуде. Аумағы 10 шақырымды құрайтын «Жасыл белдеу» аймағында бүгінге дейін егілген көшеттердің саны он мыңнан асты.

Айта кетейік, науқан 5 аптаға созылады. 6 сәуірден басталған игі шара 11 мамырға дейін жалғасын табады. Одан кейін осы жұмыстарды дағдыға айналдыру көзделген. Әр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаттары бар. 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» апталығы өтсе, 13-20 сәуір аралығында – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығында – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін «Өнегелі ұрпақ» апталығы, 4 мамырдан 11 мамырға дейін «Мөлдір бұлақ» апталығы өтпек. Жұмыстар қарқынды алғасын табады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin