Түркістан облысы: Сауран ауданында трансформаторларды жөндеу цехы жұмыс істейді

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММнің ұйымдастыруымен Кентау қаласы мен Сауран ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Сапар аясында журналистер Жаңа Иқан ауыл округінде ашылған «Рамазан» ЖК трансформаторларды жөндеу цехының жұмысымен танысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Энергетикалық қуатты нығайту – мемлекетіміздің экономика саласының басым бөлігі. Оның ішінде трансформатор – электр-техникалық бұйымдар рыногының ең талапты және бәсекелі бөлігі. Кентау қаласындағы транформатор зауытының өнімдері өңірдің ғана емес, елдің мәртебесін көтеріп, өңір тұрғындарын өмір сапасын жақсартып жатқаны баршаға мәлім. Кентау қаласында 1959 жылы құрылған «Кентау трансформатор зауыты» Қазақстандағы трансформатор өндіретін жалғыз кәсіпорын. Жылына 10 мың трансформатор шығарады. Зауытта 3 цех бар.

Кәсіпорын өндірілген өнімнің 40 пайызын ТМД елдеріне экспорттаған. Зауыт өнімдерінің негізгі тұтынушыларының қатарында қазақстандық алпауыт мекемелер де бар.

«Кентау трансформатор зауыты» негізінде құрылған қазақ-неміс политехникалық колледжін кәсіпорын өз қажеттіліктері үшін кадрларды даярлау мақсатында ашқан.

Кәсіпорында мыңнан аса адам жұмыс істейді. Зауытта барлық қызметкерлерге қолайлы жағдай жасалып, жеңілдіктер де қарастырылған.

«Зауыттың басты қағидаларының бірі – өнімнің сапасы мен санын арттыру, инженердің потенциалын көтеру», — дейді техникалық бөлім басшысы Бауыржан Монтаев. Бұл – 700-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған Кентау қаласындағы негізгі ірі әрі қала құраушы кәсіпорын. Зауытта жалпы мақсаттағы және электрлендірілген теміржол көлігі үшін күштік трансформаторлар, сондай-ақ трансформаторлық қосалқы стансалар шығарылады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 20 мың өнім бірлігін құрайды, бұл ретте өнімнің 30%-ы экспортқа шығарылады.

Кентау қаласында орналасқан «Кентау трансформатор зауыты» энергия үнемдейтін техникаларды шығарады. Ал аталмыш зауыттан 5 елге жөнелтіледі. Олар: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады.
Ал Кентау трансформатор зауыты – электр энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешенін және тұрғын үй-коммуналдық секторын қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін, кең қолданысқа арналған трансформаторлық жабдықтарының жетекші қазақстандық өндірушісі. Зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Кәсіпорын сапалы трансформаторларды ғана емес, энергия үнемдейтін трансформаторларды шығарады.

«Кентау трансформатор зауыты« АҚ Электр энергетикасы, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешені, тұрғын үйкоммуналдық секторды қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін кең қолданылатын трансформатор жабдығының жетекші қазақстандық өндірушісі ретінде белгілі. «Кентау трансформатор зауыты« маркалы жабдық ТМД мен Орта Азияның барлық аумағында сенімді жұмыс істейді. Өткен жылдары зауыт өнімдерінің тізбесі 400-ден астам атауға жетті. «КТЗ« АҚ-ның негізгі стратегиясы нарыққа сапасы, бағасы, жеткізу шарттары және ұсынылатын сервис бойынша тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін үздік электротехникалық өнімді жеткізу болып табылады. Бүгінгі таңда зауыт отандық электр машиналарының көшбасшысы, трансформаторлық жабдықтардың жетекші өндірушісі болып табылады. «КТЗ« АҚ жаңғырту барысында КСРО заманындағы «шашыраңқы« өндірістік жабдықтардан құтылып, әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналатын жетекші батыс және еуропалық фирмалардың жаңа жоғары технологиялық жабдықтарына көшті. Жабдықты дайындау кезіндегі қазақстандық қамтудың үлесі 85% —ды құрайды. Трансформаторларды техникалық пайдаланудың ұсынылатын мерзімі — 25 жыл, бірақ іс жүзінде дұрыс пайдалану және уақтылы сервистік қызмет көрсету кезінде трансформатор 40-50 жыл үздіксіз жұмыс істейді. «КТЗ« АҚ базасында 2014 жылдан бастап политехникалық колледж табысты жұмыс істейді, онда студенттер зауыт өндірісінде өз білімдерін қолдана отырып, дуальды білім алады. Жыл сайын колледж 100-ден астам маман шығарады, олар кейіннен зауытта және «Alageum Electric« ХК БК-да жұмысқа орналасады.

Осы орайда, Сауран ауданындағы шағын ғана ауылдан трансформатор жөндеп, адал еңбегімен отбасын асырап отырған Ибата елді мекенінің тұрғыны, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жеке кәсіпкер Махсұд Тажибаев қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Балаларының осы салаға бейімділігін байқап, өзінің білгенін үйреткен әкесі Дадахан Тажибайұлы да көп жылдар бойы Ибатада электрик болып еңбек еткен. Енді балалары Махсұд, Махмұд, Мұхаммед әке жолымен электрик болып жұмыс істеп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүр.

2016 жылы ашылған цехта жұмыс өнімділігі мен тапсырысқа қарай ауыл тұрғындары еңбек етіп келеді. Кәсіпорында қуатты кернеу диапазонындағы трансформаторлардың қорабы құрастырылады. Жылына 60-тан аса трансформатор қалпына келтіріліп, қайта жасақталады. Сонымен қатар кәсіпорын жөндеуді қажет ететін, тозығы жеткен трансформаторларды жөндеумен айналысады. Бүгінде кәсіпорын өз өнімін өзге аудандар мен қалаларға шығара бастаған.

«Айына кемі 4-5 транформатор жөндейтін «Рамазан» ЖК-не тапсырыс берушілер көп. Елімізден бөлек, Ресейден де іздеп келетіндер бар. Олар негізінен Қазақстан электр желілері орталығының істен шыққан транформаторларға жаңа серпін береді. Әсіресе, өндіріс орындары шағын трансформаторларға қызығушылық танытады. Зауыттан әлдеқайда арзан өнімдерге сұраныс жоғары» — дейді Махсұд Дадаханұлы.

Кәсіпкердің айтуынша, аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпорын жұмысымен арнайы танысып, кәсіпкерге қолдау білдіретінін жеткізген.

Жалпы, Сауран «аудан» статусына ие болғаннан бастап инвестициялық әлеуеті көтеріліп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Жеке инвесторлардың аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызғушылығы артқан. Өткен жылы ауданға 34,6 миллиард теңге инвестиция тартылған болса, биыл инвестиция көлемін 42 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланған болатын.
Аудан әкімінің мәлімдеуінше, Сауран ауданы бойынша 2024-2025 жылдар аралығында жалпы құны 61,4 миллиард теңгені құрайтын 102 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі саласында 23 жоба жүзгеге аспақ. Оның ішінде, жиһаз жасау бағытында 12 цехті іске қосу жоспарланса, бүгінгі таңда 9 цех өз жұмысын бастап кетті. Жыл соңына дейін тағы 3 жиһаз жасау орны пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін, трансформатор құрастыру және жөндейтін, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бағытында, жаңбырлату қондырғыларын өндіретін, тері, мақта және мақта шитін өңдейтін, жылыжай жабдықтарын өндіретін, тігін цехтары мен өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын өндіретін кәсіпорын алдағы уақытта іске қосылады.

Демалыс аймағы және қоғамдық қызмет көрсету бойынша 22 нысан салу жоспарланып, 2 нысан іске қосылды. Қалған 20 нысан 2025 жылы аяқталады. Әлеуметтік салада кәсіпкерлер есебінен 15 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы саласында 41 жоба бар. Сy ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында 1051 гектарға жаңбырлатып және тамшылатып суару құрал-жабдығын орнату бойынша 5 жоба жоспарланып, орнатылды. Тамақ өнімдері бойынша 3 жобаны жүзеге асыру көзделсе, сүт тауарлы фермасы бойынша 3 жоба іске асырылмақ.
Ауданда мал шаруашылығын дамытуға ға ден қойылған. Бұл бағытта мал бордақылау және мал сою алаңдары мен құс фермасын салу, балық шаруашылығы мен мал азығын дайындайтын комбикорм цехын ашу жоспарда бар. Сонымен қатар 4 гектар жерге өнеркәсіптік жылыжай және 1,7 гектерға фермерлік жылыжай салу көзделіп отыр.
Қазіргі таңда осы аталған жобалар бойынша барлығы 39 жоба іске қосылып, 650 жаңа жұмыс орны ашылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin