Түркістан облысы: Сауран ауданында тәулігіне 30 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цех ашылды

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цехының ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат депутаты Абдурашид Жусипов, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық пен ауыл ақсақалдары қатысты.

«Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бұған дейін де өз кәсібін дөңгелетіп, жемісті жұмыс атқарып келеді. Аталмыш нысанның төрағасы Аброр Рысқұловтың айтуынша, қажетті құрал-жабдықтарды Қытай Халық Республикасынан алып келген. Бүгінгі таңда цехта 25-30 адам тұрақты жұмыс істейді. Жалпы цехтың көлемі 1 гектарды құрайды.

Қазіргі таңда онда 12 түрлі құрғақ құрылыс қоспалары дайындалып, нарыққа шығарылуда. Күніне 30 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруде. Ондағы артықшылық, нарық бағасынан әлдеқайда төмен, сапасы жоғары. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие болып, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттыруда. Өндіріс ошағы алдағы уақытта өнім көлемін 2 есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

About the Author: admin