Түркістан облысы: Сауран ауданында шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша семинар өтті

Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиевтың қатысуымен семинар-кеңес болып өтті. Семинарға Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті салалық басқармаларының мамандары, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты. Жиында Түркістан облысы бойынша департаменті Тіркелімдер басқармасының басшысы Р.Есбергенова күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, жиналысты жүргізіп отырды.

Семинардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша құрылымдық статистикасы басқармасының басшысы А.Шаңрақшиева, құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша құрылыс және инвестиция статистикасы басқармасының басшысы А.Хан, ауыл шаруашылығы статистикасының негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының бас маманы А.Калисаева баяндама жасады.

Сонымен бірге, өнеркәсіп статистикасы бойынша статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша өндіріс және қоршаған орта статистикасының бас маманы Р.Әбішова, респонденттердің алғашқы сатитстикалық деректерді ұсыну қағидаларын түсіндіру, әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамасын түсіндіру бойынша тіркелімдер басқармасының басшысы Р.Есбергенова хабарлап өтті.

Жиналысты қорытындылыған аудан әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша алдағы уақытта аудан көлемінде тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдеріне, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.

Айта өтейік, 2023 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 8 млрд. 999,0 млн. теңгені құрағанынан хабардармыз. Оның ішінде жергілікті кірістер жоспары 2 млрд. 390,4 млн. теңге көлемінде бекітілді. Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер 2023 жылдың 9 айының қорытындысымен 1 млрд. 777,9 млн. теңгені құрап, жоспар 116,5%-ға немесе 251,3 млн. теңгеге артығымен орындалыпты. Бюджеттің шығыстар бөлігінде есепті кезеңге (9 айға) жоспарланған 5 млрд. 805,3 млн. теңге 99,5 пайызға игерілген.

Ал ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ бойынша 2023 жылдың 7 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 30,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,5%-ға артқан (2021 жылдың 8 айында — 27,5 млрд. теңге). Оның ішінде салалар бойынша атап өтсек:

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 22,9 млрд. теңгені құрап отыр (2021 жылдың 8 айында — 21,0 млрд. теңге), нақты көлем индексі — 99,3%.

Өнеркәсіп саласында кәсіпорындар 5,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 млрд. теңгеге артты (2021 жылдың 8 айында — 4,4 млрд. теңге). Нақты көлем индексі — 107,3%.

Құрылыс жұмыстары 1,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,5%-ға артқан (2021 жылдың 8 айында — 1,5 млрд. теңге).

Өткізілген тауарлар көлемі 737,1 млн. теңгені құрады, өсім — 103,1%. (2021 жылдың 8 айында — 570,0 млн. теңге).

Сауран ауданы АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА басымдық беретін аудан саналады. Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137 гектар егістік жер игерілсе, ағымдағы жылға 42 200 гектар егістік жерді игеру тапсырмасы берілген екен. Бүгінгі күнге нақты 43 530,8 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 1 393,4 гектарға артығымен орындалды немесе 103,1%-ды құрады.

Есепті кезеңде аудандағы мал саны 751,1 мың бас, құс саны 160,0 мың басты құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4%-ға артты.

2022 жылы Сауран ауданына ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 6 млрд. 300 млн. теңге тапсырма берілсе, жыл қорытындысымен 7 млрд. 141 млн. теңге инвестиция тартылып, 113,4%-ға орындалды. Ал, 2023 жылға 11 млрд. 332 млн. теңге тапсырма беріліп, 7 айдың қорытындысымен 3 млрд. 960 млн. теңгеге орындалды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артып отыр.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта ірі шаруалар бойынша жалпы құны 4 млрд 468 млн. теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда:

— Үшқайық ауылдық округінде «Иманқұл ата» шаруа қожалығының балық шаруашылығын дамыту жобасы, жалпы инвестиция құны — 608,0 млн. теңге;

— Оранғай ауылдық округінде «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы, жалпы инвестиция құны — 2,56 млрд. теңге;

— Ескі Иқан ауылдық округінде «AgroFoodTrade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта майын өндіру цехы жобасы, жалпы инвестиция құны — 500,0 млн. теңге;

— Оранғай ауылдық округінде «БНК АГРО KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысының жобасы, жалпы инвестиция құны — 400,0 млн. теңге;

— Жібек жолы ауылдық округінде «Тәуекел Агро» шаруа қожалығының жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасы, жалпы инвестиция құны — 400,0 млн. теңге.

Сонымен қатар бүгінгі күнге «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 134 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 231,2 млн. теңгені құрайтын 41 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 169,3 млн. теңгені құрайтын 32 жоба, Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 94,9 млн. теңгені құрайтын 15 жоба, Майдантал ауылдық округі бойынша 51,0 млн.теңгені құрайтын 10 жоба несие комитеті тарапынан мақұлданған.

Қазіргі таңда мақұлданған, құны 261,0 млн. теңгені құрайтын 50 жоба «Ырыс МҚҰ» тарапынан қаржыландырылып, 38,5 млн. теңгені құрайтын 7 жобаның кепіл шартын тіркеу сатысындағы жұмыстары жүргізілуде.

Қаржыландырылған азаматтар бүгінгі таңда өзге облыстан сауынды сиыр және ірі қара мал сатып алу жұмыстарын жүргізуде.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда.

Су шаруашылығы бойынша Бабайқорған ауылдық округінде екі жоба іске асуда. Атап айтқанда:

— Сасықбұлақ су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың қайта құру жұмыстарына (8,67 шақырым) және Ақтөбе су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда (12,1 шақырым). Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджетке ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округіндегі «Қосқорған» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Майдантал ауылдық округіндегі «Майдантал» су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

КӘСІПКЕРЛІК және ИНВЕСТИЦИЯ хақында. Соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 млрд. теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өсті. (2021 жылы — 12,4 млрд. теңге, 2022 жылы — 25,9 млрд. теңге). Биылғы 7 айда инвестиция көлемі 15,7 млрд. теңгені құрады (жылдық жоспар — 30,1 млрд. теңге).

2023 жылға 14,4 млрд. теңгеге 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған (508 жұмыс орны). Жыл басынан 5,3 млрд. теңгеге 37 жоба іске қосылып, 149 жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылады (359 жұмыс орны).

Өнеркәсіпке тоқталсақ. 2023 жылдың қаңтар-шілде айында өнеркәсіп өнімінің көлемі           5 млрд. 491,1 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,3%-ды құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 3 млрд. 651,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,0 пайызға жеткен.

Биылғы жылы 7 айдың қорытындысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы арқылы, кәсіпкерлік субъектілерін 800,0 млн. теңгеге жуық жеңілдетілген 6%-дық несиемен 11 жоба қаржыландырылды.

Бірыңғай индустрияландыру картасы және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс орындарын іске қосу және сүйемелдеу бойынша қажетті шараларды қабылдануда. Соның бір дәлелі — өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылға жүзеге асырылуы жоспарланған «Sauran Plast» ЖК, жоба құны — 675 млн. теңгеге 15 жұмыс орнымен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуден полиэтилен пакет және құбыр өндірісі жобасына сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында І-ші кезеңі іске асырылды.

Шағын және орта бизнес те қанат жайып келеді. Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  6 901 жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 4 828-ге өсті (2021 жылы — 2073).

Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға артты.

Бөлшек сауда бойынша. Ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі — сауда-саттық қызметі. Есепті мерзімде аудан бойынша бөлшек сауда көрсеткіші 718,2 млн. теңгеге, яғни 103,1 пайызға орындалды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin