Сауран ауданында жеңіл өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Оның ішінде жиһаз өнімдерін шығаратын цехтардың қатары артып, бүгінде аудан тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында кәсібилік пен еңбекқорлық қасиетке ие адамдар құрметке лайық болуы тиіс екендігін айтып, оларға қолдау білдірген болатын. Осы орайда, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне үлес қосып жүрген ауыл азаматтарының шағын және орта бизнеспен айналысуына көптеген мүмкіндіктер қарастырылған.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев ауданға қарасты Иассы ауылдық округіне іссапармен барып, «SEM BRAND» жиһаз цехының ұжымымен кездесу өткізді. Кәсіпорынның жұмыс барысымен танысып, қызметкерлерге елде орын алып жатқан саяси өзгерістер жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуге облыстық мәслихат депутаты Насиба Атаева және аудандық мәслихат хатшысы Мейрамбек Күнпейсов те қатысты.
Аталған цех биыл іске қосылған. Заманауи технологиямен қамтамасыз етілген кәсіпорынның аумағы 3000 шаршы метрді құрайды. Жылына 80 мың орындық және 15 мың үстел өндіреді. Цех директоры Бабыр Шереханұлы ауданның 150 азаматын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Айтуынша, кәсіпорынды кеңейтіп мамандар санын 300-ге дейін арттыру жоспарда бар. Саурандық ұжымның өнімдері көрші Қырғызстан еліне экспортталады. Болашақта Түркия, Қытай және Ресей елдерімен қарым-қатынас орнату көзделуде. Атап өтерлік, кәсіпорын биыл тамыз айында Түркістан қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысты. 80-нен астам тауар өндірушілердің арасынан “Халыққа арналған үздік тауарлар” номинациясы бойынша жеңімпаз атанған.
Жиын барысында Б.Тәжібаев жұмысшылармен еркін пікірлесіп, мемлекет үшін маңызды оқиғалармен бөлісті. Шағын ауылда сапалы өнімдерді шығарумен айналысатын ұжымның еңбегіне ерекше тоқталып өтті.
– Таяуда ғана Астана қаласында «AMANAT» партиясының ХХIV Съезі өтті. Онда бірқатар мәселелер қаралып, партияның жаңа Саяси тұғырнамасы қабылданды. Тұғырнама өздеріңіз секілді қарапайым тұрғындардың талап-тілегі мен ел Президентінің реформалары негізінде әзірленді. Съезге республика бойынша 1200 адам қатысса, соның 65-ы Түркістан облысының азаматтары болды. Яғни сіздердің аманаттарыңызды арқалаған делегаттар, бүгінде сол шараның өзекті тұстарымен сіздермен бөлісу үстінде. Сол сапарда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Форумда Қ.К.Тоқаевты қолдауға арналған халықтық коалиция құрылып, құрамына біздің партиядан бастап бірқатар саяси ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер енді. 20 қараша күні ҚР Президент сайлауы өтетіні белгілі. Қазіргі таңда үміткерлер тіркелді. Саяси науқанда азаматтық белсенділіктеріңізді көрсетуге мүмкіндік туып отыр. Әсіресе өздеріңіз секілді еңбек адамдарының көзқарастары біз үшін өте маңызды, – деген Атқарушы хатшы жиынды қорытындылады.
Осы тұста еске салар жайт, 2022 жылдың 10 айында ауданда инвестиция көлемі 15,7 млрд. теңгеге орындалып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 168,5 пайызды құрады. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласы 2022 жылдың 10 айында көрсеткіші 6,8 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 79,8 пайызды құрады. Ал, өңдеу өнеркәсібінде 2022 жылдың 10 айында көрсеткіш 4,4 млрд теңгеге орындалды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 71,2 пайызды құрады.
Сонымен бірге, 2022 жылдың 10 айында шағын және орта бизнес 5371 субъектіге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 196,6 пайызды құрады. Сондай-ақ, ішкі сауда статистикасы бойынша, 2022 жылдың 10 айында көрсеткіш 940,9 млн. теңгеге орындалып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100,9 пайызды құрады.
Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 10 айындағы мәліметке сәйкес, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15,0 млн. теңге, АИО «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 млн. теңге және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250,0 млн. теңге несие алған. «Бизнес жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сауран ауданы Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370,0 млн. теңге несие алды.
Осы жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300,0 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орның қамтитын жоба іске қосылды (темірден жиһаз жасау 0,45 га).
Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан «GOLDEN Cotton» ЖШС кәсіпорны мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауытын іске қосылды (40 жаңа жұмыс орны).
Сондай-ақ Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600,0 млн. теңгені құрайтын 300 орынды жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» ЖШС және жоба құны 1 млрд. теңгені құрайтын 280 орынды жаңа мектеп «Жаңа Иқан» ЖШС-нің өз қаражасы есебінен пайдалануға берілді.
2023 жылға жоспарланған инвестициялық жобаларымыздың бірі азық-түлік белдеуін ұлғайту бойынша «TURKISTAN FRUIT» ЖШС инвестициялық жобасы, жоба құны 8 млрд. 533,0 млн. теңгеге «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына» енгізіліп, 2023 жылы ашылуы жоспарлануда (қара өрік егіп, оны өңдеп шырын шығарады, 400 га, 60 жаңа жұмыс орны ашылады).
Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округінен «Балмұздақ» ЖШС кәсіпорны, жоба құны 2,5 млрд. теңге болатын қойма құрылысы (100 жаңа жұмыс орны), Иассы ауылдық округінен «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорны, жоба құны 7,1 млрд. теңге күн сәулесінен энергия алатын құрылғылар орнату (20 жаңа жұмыс орны) және Шаға ауылдық округінен жеміс-жидек өнімдерін консервілейтін цех құрылысы, жоба құны 400,0 млн. теңге (15 жаңа жұмыс орны).
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Replica Sneaker jh518
Replica Sneakers Dirty White,Fake Shoes va891
discountshoesmart fa157
Fake Shoes,discountshoesmart zw806
Replica Sneakers xs032
replica shoes,
Fake Shoes ds252