Түркістан облысы: Сауран ауданында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

Сауран ауданы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен жастар саясатын жүзеге асыру, ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын ұғындыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ұлттық спорт — салауатты өмір бастауы» атты аудандық деңгейде сайыс ұйымдастырылды.

Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев пен «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, Бабайқорған ауылдық округінің әкімі Жасұлан Мыңтаев қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс 5 кезең бойынша өтті. Атап айтар болсақ, қошқар көтеру, садақ ату, аударыспақ, қазақша күрес, арқан тарту. Сайыс нәтижесінде 1-ші орынды – «Абай жастары» (Бабайқорған ауылдық округі), 2-ші орынды — Құмтүйін жастары (Қарашық ауылдық округі), 3-ші орынды Майдантал жастары (Майдантал ауылдық округі) өзара бөлісті. Сонымен бірге, ынталандыру сыйлығын қошқар көтеруде топ жарған Бақдәулет Жаңабаев иеленді. Жарыста топ жарып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin