Түркістан облысы: Сауран ауданында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу- жаттығу өткізілді

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік кіші жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын өрт қауіпті кезеңге дайындау мақсатында 2024 жылғы 16 мамырда «Өрт-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Сауран ауданының Үшқайық ауылдық округіндегі Жалаңтөс елді мекені аумағында практикалық жүзінде өткізілді.

Аталған оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органның 10 қызметкері және 1 арнайы техникасы қатысты. Сауран ауданы өрт сөндіру бекетінің 30 қызметкері мен 6 арнайы техникасы да қатысты.

Түркістан-Сырдария өңірлік табиғи паркінің 20 қызметкері мен 4 техникасы, жедел жәрдемнің 1 жеке құрамы және «Қазақтелеком» мекемесінің 5 жеке құрамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар командалық-штабтық оқу жаттығуға 20 ерікті өрт сөндіруші еріктілер қатысты.

Орайы келгенде айта өтейік, жолдардың бойындағы егістік алқаптарды және мал жайылым жерлерді өрттен сақтау мақсатында жыл сайын минералды жолақ жырту (опашка) жұмыстары жүргізілуде. Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында Бабайқорған ауылдық округі аумағына 23,4 қашықтық пен Жаңа Иқан ауылдық округінде 41 қашықтықта өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмысы атқарылды.

Сонымен қатар, аудан аумағына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Шомылуға тыйым салынады» белгілері орнатылды. Қалалық әкімдігімен бірлескен осы жұмыстардың барысында суға шомылу кезеңінде тұрғындарды ақпараттандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin