Түркістан облысы: Сауран ауданында 9 мыңға жуық гүл отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында 400 дана раушан және 8 500 дана бегоня, циния, ганцания және барқытгүл сынды гүл түрлері отырғызылды. Ауданда экоакцияға орай тазалық жұмыстарымен қатар әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетерлігі, өңірде акция басталғалы 117 көше бойы тазаланып, 24 саябақ пен аллеялар қалпына келтірілді. Екі мыңға тарта ретсіз өскен бұталар қырқылып, талдардың түптері әктелді. Одан бөлек, 42,7 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер реттелді. Көпірлердің, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың 11,3 шақырымға жуық арналары мен 32,1 шақырым ирригация жүйелері тазаланды. Сонымен бірге, 4 700-ге тарта көшет отырғызылып, 597,5 тонна қоқыс шығарылды.

Осы тұста атап өтер жайт, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Майдантал ауылдық округінде көгалдандыру мен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, эко акцияға өз үлестерін қосты.

Президент тапсырмасымен бастау алған экологиялық акция қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осыны ескерген Майдантал ауылдық округінің тұрғындары көгалдандыру үшін 500 түп ағаш көшеттерін отырғызды.

Сонымен қатар, тазалық жұмысына қатысушылар белгіленген аймақты қоқыстан тазартты. Тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, ретсіз өскен шөптер шабылды. Сондай-ақ, бейберекет өскен талдар қырқылып, әктелді.

Бұдан бөлек «Таза Қазақстан» республикалық эко акциясы аясында Сауран ауданы іскер әйелдер қауымдастығы аудан орталығына 1000 дана гүл отырғызды. Акцияға “Асыл қазына” әжелер тобы, Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері және ауданның кәсіпкер әйелдері қатысты.

Халықтың әлеуеті артқан сайын, аудан аумағы көркейіп келеді. Бүгінде ауылдық округтер «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында абаттандырылып, көгалдандыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылда. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Ескі Иқан ауылдық округіне арнайы барды. Онда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Ескі Иқан аумағында көшелер жөн­деліп, жарықтандырылып, инфрақұрылым жүйесі реттеліп келеді. Алдағы уақытта Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі. 20 мың халқы бар округтің орталық көшелерін көркейту бағытында межелі жұмыстар атқарылады.

Жалпы, Сауран ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Аудан көлемінде жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, ағаш көшеттерін егу жалғасуда.

Сонымен қатар, экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда. Оған ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, мәдени орталық өкілдері, аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысуда.

Сенбілікте 12 көше бойлары тазаланып, 46 ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. 1 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. Көпірлердің, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың 1 шақырымдық арналары тазаланды. 4 көп қабатты үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіре берістерді (подъезд) жиналды.

Сонымен қатар, 25 үйдің қасбеттері әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілсе, 1100-ге тарта көшет отырғызылды. 3 шақырымдық ирригация жүйелері қоқыс қалдықтарынан тазартылып, жол белгілері сырланды. Жалпы, сенбілік тазалық жұмыстарына 259 адам қатысып, 3 техника жұмылдырылды. Экологиялық акция алдағы уақытта да қарқын алып, өз жалғасын табатын болады.

Осы орайда Сауран ауданы ішкі саясат бөлімі және аудандық Жастар ресурсттық орталығы және жұмыспен қамту бөлімі бірлесе аудан орталығының белгіленген көше бойларында сенбілік пен тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сауран ауданының білім бөлімінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Қос мезгіл елді мекеніндегі жаңадан ашылған мектеп ауласына көшет отырғызды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ауданға қарасты барлық білім ошақтарында тал отырғызу шарасы өтті.

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес. Бұл тұрғыда білім бөліміне қарасты мектептер мен балабақшалар ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді қатысты.

Білім ошақтарының таза, әдемі, жасыл желекке оранып тұруы, оқушылардың білімге деген құлшынысын арттыратыны сөзсіз. Ауданның шырайын келтіріп, көшелердің көркін реттеу мен тазалық жұмыстарын жүргізу — аса маңызды қадам. Бұл үрдіс білім ошақтарында алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin