Бұл туралы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі М.Аширбековтің 2023 жылдың 9 айында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы атқарылған жұмыстары туралы есебінде айтылды.
Жібек жолы ауылдық округі 2 елді мекеннен құралған. Олар — Сауран және Ескі Сауран ауылдары. Жалпы халық саны келсек, 2532 адам тұрады. Оның ішінде: Сауран елді мекенінде ауыл тұрғыны – 1733 адам, Ескі Сауран елді мекені тұрғындары — 799 адам. Ұлттық құрамына бөлсек, қазақтар – 2489 адам, ал өзбек ұлтынан 43 адам тұрады.
Жібек жолы ауылдық округінің әкімі М.Аширбеков ә дегенде бюджеттің жайына тоқталды. Жібек жолы ауылы әкімі аппараты 2023 жылы барлық шығындарын өтеуге 91 миллион 256 мың теңгеге қаржыландырылып, оның ішінде 9 айында бекітілген 65 миллион 225 мың теңге толығымен игерілген.
Ауылдық округ әкімшілігі жалпы 10 штатпен жасақталған, оның ішінде 5-еуі — мемлекеттік қызметкер және 5 келісімшарт бойынша жұмыс атқаратын қызметкерлер да қарастырылған.
Коммуналдық шаруашылық саласы бойынша әкім бірқатар мәселерді тілге тиек етті. Ауылдық округке қарасты Сауран ауылының орталық көшелеріне жеңімпаз мердігер ЖК «Пожарная автоматика» тарапынан құны 1320000 теңге болатын 8 бақылау камерасы орнатылды. Сауран ауылының орталық көшесіне құны 1220500 теңгеге жеңімпаз мердігер ЖК «SANA» LED экран орнатып, пайдалануға берді.
Ескі Сауран елді мекеніндегі С.Ерімбетов көшесіне асфальт төсеу жұмыстарына мердігер «Тас жол» ЖШС жеңімпаз болып, құны 36 миллион теңгеге асфальт және тротуар төсеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың пайдалануына берді. Сауран елді мекенінде А.Оразбаева көшесіне аяқжол және жарықтандыру жұмыстарын «Жайлау-Агро ЖШС жеңімпаз болып ұтып алып, құны 12768000 теңгеге аяқжол және жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарының пайдалануына берді. Сауран елді мекеніндегі Б.Қонысов көшесіндегі жарық бағаналарын ағымдағы жөндеуге 935000 теңге бөлінді, жеңімпаз мердігер ЖК «Big Stroy Group» тиісті жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарының пайдалануына берді.
Салықтық түсімдерге ойыссақ, Жібек жолы ауылдық округі бойынша мүлік салығының жоспары – 404 000 теңге, орындалғаны — 229 000 теңге; Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем салығы жоспары — 250 000 теңге, орындалғаны — 8 600 теңге; Көлік салығы жоспары – 2 785 000 теңге, орындалғаны — 3 629 016 теңге; Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы жоспары – 950 000 теңге, орындалғаны — 733 000 теңге; Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер жоспары – 240 000 теңге, орындалғаны 1 271 000 теңге болды. Салыққа байланысты кеңірек мағлұматты төмендегі кестеге сыйдыруға тырыстық.
№ | Салық түрлері | Жылдық жоспар | 9 айдағы жоспар | 9 айда орындалғаны | % |
1 | Мүлік салығы | 404 000 | 229 000 | 255 640 | 111 |
2 | Көлік салығы | 2 785 000 | 1 365 000 | 3,629,016 | 265 |
3 | Жеке табыс салығы | 950 000 | 260 000 | 733 000 | 281 |
4 | Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер | 240 000 | 240 000 | 1 271 000 | 529 |
5 | Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем салығы жоспар | 250 000 | 0 | 8 600 |
Енді әлеуметтік сала бойынша бірер сөз. Ауылдық округте атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2023 жылы жалпы 8 отбасыдан құжат қабылданып (8 шартты, жалпы 57 адам), 8 отбасыға 2 285 970 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Жібек жолы ауылдық округі бойынша тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларыға көмек көрсетілді. Осы тұста демеушілік жасаған азаматтар туралы мәлімет бере кетсек, артық болмас. Ауылдық округ кәсіпкерлері бірігіп, тұрмысы төмен 4 отбасыға ақшалай, заттай, азық-түлікпен көмек көрсетті.
«Қамқорлық» бағдарламасы шеңберінде «Аруана» шаруа қожалығының төрағасы Ерғазы Жусупов 1 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Сауран ауданы әкімдігінің «кәсіпкерлік және туризм бөлімі» «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «Ырыс» МҚҰ-ның ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алған азаматтар жоқ.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылу үстінде. 2023 жылы жұмыспен қамту шараларына қатысушылардың арналған бағдарлама шеңберінде және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарының бөлінісі және орындалуы туралы айтар болсақ:
— Тұрақты жұмыс орны нақты – 12 адам.
— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту нақты – 2 адам.
— Жастар практикасы нақты – 3 адам.
— Қоғамдық жұмысқа нақты — 23 адам.
— Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша І-ші тоқсанда «Е-халық базасына» ПЭП арқылы 10 өтініш түсіп, 4 өтініштен бас тартылды, 6 өтінішке тағайындалып төленді. ІІ-ші тоқсанда 8 өтініш түсіп, 6 өтінішке тағайындалды. ІІI-ші тоқсанда 6 өтініш түсіп, 4 өтінішке тағайындалды.
— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жоспарының орындалуы бойынша РПН халық саны — 1560, сақтандырылғандар — 1319, пайызға шаққанда 84,6 пайызды құрады.
Жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру – 0.
Егін шаруашылығы саласына келсек, ауыл округінің жалпы ауыл шаруашылығы жері — 41232 гектар көлемінде. Оның ішінде:
- Суармалысы — 2060 гектар.
- Жайылымы — 33127 гектар.
- Шабындығы — 740 гектар.
- Басқа жерлері — 1546 гектар.
2023 жылы Жібек жолы ауылы бойынша 1478 гектар жерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдары толығымен игерілді. Нақтырақ айтсақ,
— Ескі жоңышқа – 194 гектар.
— Күздік бидай егу – 50 гектар.
— Жаңа жоңышқа – 106 гектар.
— Көкөніс – 115 гектар.
— Бақша –272 гектар.
— Сүрлемдік жүгері – 274 гектар.
— Дәндік жүгері – 45 гектар.
— Мақта – 100 гектар.
— Бау – 120 гектар.
— Жүзім – 20 гектар.
Азық-түлік белдеуі бойынша 300 гектар жерге жаңбырлатып суғару технологиясын орнату жұмыстары жүргізілу үстінде.
Жібек жолы ауылдық округіндегі шаруаларға көктемгі дала жұмыстары үшін бөлінген 120 тонна жанар-жағармайдың 110 тоннасы шаруаларға жеткізілді. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелеріне ауылдық округтен агроқұрылымдар өздерінің өнімдерін тұрақты түрде шығарып келеді.
Сонымен қатар мал шаруашылығы саласы бойынша да алға жылжу байқалады. Мысалы, ірі қара мал — 3866, қой — ешкі 34212, жылқы — 637, түйе — 654, құс 2707-ні құрап отыр.
Ал Жібек жолы ауылдық округі бойынша 2023 жылдың 9 айында жойылған ит және мысықтар туралы мәліметті кесте түрінде беріп отырмыз. |
||||
№ | Жойылған ит және мысықтар | Жоспар | Орындалғаны | |
1 | Ит | 105 | 70 | |
2 | Мысық | жоқ | жоқ | |
Барлығы | 105 | 70 |
Жібек жолы ауылдық округінің әкімі М.Аширбеков кәсіпкерлік және жұмыспен қамту мәселелерін де айналып өтпеді. Айталық, кәсіпкерлік және жұмыспен қамту саласында ауылдық округ бойынша 7 азық түлік дүкені, 59 шаруа қожалығы, 1 мешіт, 1 намазхана бар.
Жалпы, соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 млрд. теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өсті. (2021 жылы — 12,4 млрд теңге, 2022 жылы — 25,9 млрд теңге). Биылғы 9 айда инвестиция көлемі 22,3 млрд. теңгені құрады (жылдық жоспар — 30,4 млрд. теңге).
2023 жылға 14,4 млрд. теңгеге 59 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған (508 жұмыс орны). Жыл басынан 5,3 млрд. теңгеге 37 жоба іске қосылып, 149 жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін 22 инвестициялық жоба жүзеге асырылады (359 жұмыс орны). Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсек:
— «Ныш Ер» ЖШС-ның — Демалыс аймағы және қонақ үй салу жобасы (Оранғай елді мекені). Инвестициялық құны 1 млрд. теңге, 40 жаңа жұмыс орны құрылады. Нәтижесінде бюджетке жыл сайын қосымша 21,3 млн. теңге салықтар түседі деп күтілуде;
— «Sauran Plast» ЖК-ның — қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы (Шорнақ елді мекені). Инвестициялық құны 675 млн. теңге, 60 жаңа жұмыс орны құрылады, бюджетке қосымша 8,6 млн. теңге салықтар түседі;
— «Turkistan Fruit» ЖШС-ның — 400 га алаңда 2 кезеңнен тұратын бағбандық саласындағы тәжірбиелік аумағын құру, жеміс шырының тікелей сығу өндірісін ұйымдастыру және жеміс-жидек қойма құрылысын салу жобасы (Шаға елді мекені). Инвестициялық құны 8 млрд. 533 млн. теңге, 54 жаңа жұмыс орны құрылады, бюджетке қосымша 7,2 млн. теңге салықтар түседі;
— «Түркістан-Агро ХХІ» ЖШС-ның — 1200 бас сүт-тауар фермасын салу жобасы (Шаға елді мекені). Инвестициялық құны 9 млрд. 285,8 млн. теңге, 41 жаңа жұмыс орны құрылады, бюджетке қосымша 4,0 млн. теңге салықтар түседі;
Сонымен қатар Жібек жолы ауылдық округі бойынша егін шаруашылығы жақсы дамыған. Сол себепті шаруалар екі өнім алып, қазіргі таңда жиын-терім маусымы болып, егістіктеріндегі өнімдерін жинап алып, қалаларға және алыс-жақын шет елдерге шығаруда. Егіншілік демекші, Сауран ауданы жыл сайын ағын су тапшылығын сезінуде. Осыған сәйкес, ағын суды үнемдеу және тиімді пайдалану мақсатында, бірнеше жобалар іске асырылуда.
Атап айтқанда, Сасықбұлақ су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың қайта құру жұмыстарына (8,67 шақырым) және Ақтөбе су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда (12,1 шақырым).
Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округіндегі «Қосқорған» су қоймасын күрделі жөндеу жүргізуге және Майдантал ауылдық округіндегі «Майдантал» су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Ауыл округінде көркейту, көгалдандыру, санитарлық-тазалық жұмыстарының іс шаралары жасалып, бекітілген. Бекітілген іс-шараға сәйкес, елді мекеннің іші, ауыл сырты күл-қоқыстан тазартылды. Әр сенбілік сайын әкімшілік аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақылы қоғам қызметкерлер көше бойларын тазалап жатыр.
Ауыз толтырып айтатын тағы бір жайт, «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша екі елді мекенде 1560 түп ағаш көшеті отырылғызылды.
Бұдан бөлек Жібек жолы ауылдық округінің әкімі М.Аширбеков ауыл тұрғындарының арыз-өтініштеріне тоқталды. Оны кесте түрінде бердік.
2023 жылғы 9 айында жер мәселесімен келіп түскен арыз-өтініштер бойынша мәлімет | ||||||||||
Өті-ніш-тер саны
|
Жеке
Азамат-тардан келіп түскен өтініштер |
Заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер | Қанағаттан-дырылғаны | Қанағаттан-дырылмағаны | Өңдеуде тұрғаны | |||||
27 |
23 |
4 |
24 |
0 |
3 |
|||||
Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округ әкімі аппаратынде 2023 жылдың I-ші тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметпен де бөлісе кетсек.
№ | Көрсетілетін мемлекеттік қызмет атауы | Көрсету түрі | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Бас тарту | ||||
Жеке тұлға | Заңды тұлға | Жеке тұлға | Заңды тұлға | Жеке тұлға | Заңды тұлға | Жеке тұлға | Заңды тұлға | |||
1 | Елдімекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | — | — | — | — | — | — | — | |||
2 | Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
3 | Жер учаскесін алу үшін кезекке қою | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
4 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | 6 | 0 | 0 |
Ал Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округ әкімі аппараты 2023 жылдың II-ші тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет мынадай:
№ | Көрсетілетін мемлекеттік қызмет атауы | Көрсету түрі | Сәуір | Мамыр | Маусым | Бас тарту | ||||
Жеке тұлға | Заңды тұлға | Жеке тұлға | Заңды тұлға | Жеке тұлға | Заңды тұлға | Жеке тұлға | Заңды тұлға | |||
1 | Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
2 | Жер учаскесініңнысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
3 | Жер учаскесін алу үшін кезекке қою | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
4 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | 7 | 0 | 0 | 1 |
Сонымен қатар Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округ әкімі аппараты 2023 жылдың III-ші тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметті де қоса ұсынсақ.
№ | Көрсетілетін мемлекеттік қызмет атауы | Көрсетутүрі | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Бас тарту | ||||
Жеке тұлға | Заңдытұлға | Жеке тұлға | Заңдытұлға | Жеке тұлға | Заңды тұлға | Жеке тұлға | Заңдытұлға | |||
1 | Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
2 | Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
3 | Жер учаскесін алу үшін кезекке қою | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
4 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау | Тікелей | — | — | — | — | — | — | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | — | — | — | — | ||
Портал | 5 | 0 | 0 | 1 |
Жібек жолы ауылдық округінің әкімі М.Аширбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы да әңгіме қозғады. Сонымен, Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша іс-шара жоспары бекітілген. Бекітілген іс-шара бойынша ай сайын жиналыстар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» тақырыбында Сауран ауылы Б.Қонысов және А.Оразбаева көшелерінің қиылысындағы ЛЭД экранға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тиісті мәліметтер орналастырылды. 2023 жылы 15 сәуірде №7(66) «Сауран» газетіне «Жемқорлықпен күрес — азаматтық борышымыз» атты мақала, «Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіреді» тақырыбында ауыл әкімдігінің бас маманы Ж.Жуматаевтың мақаласы жарияланды.
Діни ахуал хақында не айтуға болады? Ауылда дінаралық қарым-қатынас қызметі — үнемі бақылауда және тиісті заңнамалар негізінде жұмыстар жүргізілуде, саяси ахуал тұрақты.
Ауылдық округте 1 мешіт, 1 намазхана бар. Кереғар діни ағымдар мен секталардың алдын алу мақсатында арнайы ауыл имамдарымен, учаскелік полициямен бірлесе түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Ауыл ақсақалдары кеңесі тарапынан ауылдың өзекті мәселері айтылып, шешу жолдары сала-сала бойынша талқыланып, үнемі хабардар етіліп отырады.
Өз кезегінде денсаулық саласы жайын да атпай өтуге болмас. Денсаулық сақтау қызметін ауылдағы Жібек жолы елді мекенінде дәрігерлік амбулатория және Ескі Сауран елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік тірек атқарады. Емхана 2010-2011 жылдары салынған. Жалпы жұмысшылар саны 12 адам, 1 жоғары білімді дәрігер және 8 орта буынды медициналық қызметкер және 3 әр түрлі жұмысшы қызмет істейді.
2023 жылдың 9 айында жалпы тіркелген халық саны – 1561 адам.
2023 жылы 9 айда туылған сәбилер саны – 34.
Қайтыс болғандар – 7.
Туберкулез – 1.
Бруцеллез – 0.
«Covid – 19» инфекциялық ауруымен ауырғандар – 0.
Білім беру саласы бойынша. Ауылдық округте білім беру саласы бойынша 2 мектеп жұмыс істейді. Сауран жалпы орта мектебінде мұғалімдер саны — 60, кіші қызметкерлер саны — 22, оқушылар саны — 376 оқушы. Ы.Алтынсарин шағын жинақталған орта мектебінде мұғалімдер саны — 42, кіші қызметкерлер саны — 17 және оқушылар саны – 150.
Бұл ретте білім беру деңгейі туралы ақпаратты кесте түрінде назарларыңызға ұсынғанды құп көрдік.
№ | Елді мекен атауы | Мектеп жасындағы балалардың жалпы саны | Мектеп бітірушілердің саны | Мектеп бітірушілері – мемлекеттік білім беру грантының иегерлері, саны | ЖОО-на түскен бітірушілерінің саны | ООО-на түскен мектеп бітірушілерінің саны |
1 | Сауран жалпы орта мектебі | 376 | 23 | 23(8) | 18 | 5 |
2 | Ы.Алтынсарин шағын жинақталған орта мектебінде | 150 | 8 | 8(4) | 1 | 3 |
Ал елді мекен мектептерінде білім алушы жастардың ұлттық құрамы бойынша ақпарат төмендегідей:
№ | Атауы | Оның ішінде ұлттық құрамы бойынша | |||||||
Қазақ | Орыс | Украин | Өзбек | Әзірбайжан | Татар | Шешен | басқалар | ||
Жалпы оқушылар саны |
526
|
— | — | —
|
— | — | — | — | |
1 | Сауран жалпы орта мектебі | 376 | — | — | — | — | — | — | — |
2 | Ы.Алтынсарин шағын жинақталған орта мектебінде | 150 | — | — | — | — | — | — | — |
Бұдан бөлек Жібек жолы ауылдық округінің әкімі М.Аширбеков Жібек жолы ауылдық округі бойынша қылмыс тіркелмегенін мақтанышпен жеткізді.
Әйткенмен ауылдағы құқық қорғау саласына жауапты қызметкер туралы мәліметті айтып өтті.
№ | Аты-жөні | Қызметі | Ұлты | Туған жылы | Мекенжайы, байланыс телефондары |
1 | Ашимбеков Дәурен Әбдіманапұлы | Сауран ауданы ЖПҚ учаскелік полиция иниспекторы | қазақ | 1981 | 87716166959 |
Әскер қатарына шақыру бойынша айта өтейік. 2023 жылғы көктемгі мерзімде 4 азамат әскер қатарына жіберіліпті. Күзгі мерзімді әскер қатарына қазіргі таңда 3 азамат әскер қатарына жіберілді, әскер қатарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жібек жолы ауылдық округінің әкімі М.Аширбеков сөзінің аяғында Жібек жолы ауылдық округі бойынша өзекті мәселелерді айтып өтті. Олар:
— Ескі Сауран елді мекеніне Батыс Қытай-Батыс Европа автомагистралынан елді мекенге бұрылатын бұрылыс ашу;
— Жібек жолы ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.