Бүгін Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев бастап, аудан әкімінің орынбасарлары Серік Садибаев пен Мақсат Таңғатаров Жүйнек, Қарашық, Шорнақ ауылдық округтерінің тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» — деп, тапсырма берген болатын. Осыған орай, аталған ауылдық округтерде өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, Жүйнек ауылдық округі бойынша ағын су тапшылығы, ауыз су мәселесі, электр жарығының нашарлығы, жаңа трансформаторлар орнату, электр бағаналарын жаңарту, Шекербұлақ елді мекеніндегі Абылайхан көшесін асфальттау, елді мекенде байланыстың нашарлығын, Жүйнек мектебіндегі жүргізіліп жатқын жылу қазандығының сапасыздығы, жаяу жүргінші жолдарын салу, (тротуар), көшелерді асфальттау, табиғи газ, қоқыс жәшіктерін орнату бойынша қордаланған өзекті мәселелер көтерілді.
Естеріңізде болса, жүйнектіктермен аудан басшысының биыл жыл басындағы кездесуі қаңтардың 24-інде өткен болатын. Сол тұста Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2022 жылы атқарған жұмыстары жөнінде және биылғы 2023 жылы атқаратын жұмыс жоспарлары туралы бекітілген кестеге сәйкес, Жүйнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездескен-ді. Жүйнек ауылдық округ тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды баяндап өткен болатын. Соның ішінде бюджет, коммуналдық салаға кеңінен тоқталған аудан әкімі құрылыс, ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтамасыз ету, жол, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар, көгалдандыру, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлерік және туризм, әлеуметтік, жер қатынастары, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салалары бойынша 12 ауылдық округте 2023 жылы жүзеге асыралатын жұмыстарға тоқталған.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, ауылдық округ тұрғындарына жер телімдерін беру мақсатында инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу, Шекербұлақ елді мекеніндегі Абылайхан көшесін асфальттау, электр бағаналарының тозығы жеткенін, осы елді мекендегі су мұнарасының насосы істемейтінін, егістік бойынша ағын су тапшы екенін, электр бағаналарының тозығы жеткенін, ауылдық округте бокс мектебіне спорт зал керектігін, ауыз су, табиғи газ мәселесі, медициналық пунктке күрделі жұмыс жүргізу, тағы да басқа көптеген мәселелер айтылды. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін, бұл бойынша тұрақты бақылауда болатынын жеткізген еді. Кездесуден соң аудан әкімі жеке қабылдау өткізіп, ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдаған. Жеке қабылдауға келген өтініштер бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін, бұл бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, алдағы уақытта шешілетінін жеткізген болатын.
Ауыл округі құрамында үш елді мекен бар. Онда 12 мыңға жуық халық тұрады. Халқы бейнеткеш. Диқаншылықпен айналысады. Диқанды алдымен ағын су мен жайылымды жер алаңдатады. Кездесуде көтерілген мәселе де осы. Мәселен Шекербұлақ елді мекенінде егістік егуге су жетіспейді деген тұрғынның сұрағына: «Қарнақ ауылдық округінде орналасқан «Ырмақ» су қоймасы «Тұран Су» мекемесінің теңгеріміне өткізілді. Алдағы уақытта су қоймаға ағын суды толық жинау мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізіліп, егістік жерге ағын су толық жететін болады. Қазіргі таңда, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленуде» деді мамандар. Игерілмей бос жатқан жайылымдық жерлерді алып, халыққа пайдалануға беру бойынша жұмыс жүргізуді сұранды. ҚР заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатқан және пайдаланылмай жатқан жерді анықтау мақсатында жұмысшы топ құрылды. Алдағы уақытта ауылдың жоғарғы жағындағы жайылым жерлерді бұзып түрлі ауыл шаруашылық дақылдарын егіп жатқан меншік иелері анықталып жатса шара көру үшін ҚР Жер кодексінің 148-бабына сәйкес Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаментіне жолданады. Демек жергілікті билік бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша қарқынды жұмыс істеп жатыр. Ауыз су мәселесі Қызылжол елді мекенінен келетін жолда су жетпей қалады, су мұнарасын Жүйнек ауылына қойып беруді сұрады. Елді мекенінің ауыз су мәселесін толығымен шешу мақсатында, 50 текше метр су мұнарасын орнатуға ақаулық актісі мен сметалық құжаттыры әзірленіп, тиісті басқармаға қаржыландыруға ұсынылды. Жалпы құны — 52,6 миллион теңге. Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап облыстық басқарманың пилоттық жобасына сәйкес, барлық ауыз су тарату мекемелері біріктірілетін болады. Сонымен қатар, Шекербұлақ елді мекенде су башнясы ауыстырылған болатын, алайда насосы қойылмай, мұнара толығымен аяқталмай қалып, қайта қалпына келтіруді сұрады. Нәтижесінде, мұнараларды толық іске қосу мақсатында, кезекті сессияға өтінім беріліп. 19,0 миллион теңге қаржы бөлінді. Аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы ️2023 жылы 24 қаңтардағы есепті кездесуінде ауылдағы маңызды 18 мәселе көтерілген. Мәселе — аудан әкімінің жіті бақылауында. Бұл кездесуде көтерілген мәселе де басшылық тарапынан назарға алынды. Тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Айта кетейік, өткен аптада Жүйнек ауылдық округінің әкімі жаңадан тағайындалған болатын. Жаңа әкімге артылар жауапкершілік үлкен. Алдымен ауылдың ішкі тұрақтылығын реттеп, жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру қажет.
Бұдан соң кезекті кездесу Қарашық ауылдық округінде өтті. Құмтүйін елді мекеніндегі диқандардың басты мәселесі егістік алқаптарына Жүйнек ауылдық округі тұрғынының жылқылары жайылып, мақта алқаптары шығынға ұшырағанын ашына жеткізді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тарапынан ағын судың жеткіліксіздігін, суға төлейтін электр жарығының қымбат екенін, шаруаларға ауырға соғып жатқанын, ауыз су, елді мекендердегі трансформаторлардың тозығы жеткенін, интернет байланысының нашарлығын, табиғи газ, көпірді жөндеу, Құмтүйін елді мекеніне кітапхана, мәдениет үйі салынса, ауылда тұрғындарының саны жыл санап артып келетінін, соған орай, учаскелік жер берілуін, балалар ойын алаңдарын салу қажеттегі туралы ұсыныс пікірлерін білдірді. Қарашықтық тұрғындардың тағы бір мәселесі елді мекен айналасындағы заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тоқтам салу керектігін жеткізді.
Жалпы, сәл ілгеріде Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Қарашық ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысқан болатын.
Қарашық елді мекенінде жеке кәсіпкер Хабибулла Азимовтың бастамасымен бой көтеріп жатқан 900 орындық заманауи Ясауи интелектуалды мектебінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Жеке кәсіпкердің айтуынша, құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Мектепте үш спорт зал, бассейн және жатақхана қарастырылған.
Бұдан соң аудан әкімі Қарашық елді мекенінің жоғарғы жағынан түсетін су қоймасына барды. Қосқорған су қоймасынан келетін ағын су жаз айында құрғап қалатындықтан Қарашық ауылының дихандары жыл сайын қиындық көріп отыр. Осыған байланысты ауылдық округ әкіміне ағын су мәселесін реттеу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Келесі кезекте нысанды аралау үшін әкім Қарашық ауылындағы жеке кәсіпкер Усан Умаровтардың отбасылық кәсібі — гүл өсіретін жылыжай жұмысымен тынысты. Кәсіпкердің гүлдерін бүгінде алыс-жақын облыстардан келіп үйлеріне, мемлекеттік ғимараттарға сатып алушылардың қарасы көп. Мұндағы жылыжайда отбасы бақыты гүліне көпшілік тарапынан сұраныс артқан. Кәсіпкер алдағы уақытта жылыжай аумағын ұлғайтып, кәсібін дөңгелетуді көздеп отыр.
Ал алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталсақ, Құмтүйін елді мекені бойынша 900 орындық мектеп құрылысына сыртқы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленуде. Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысында бағдаршам орнатылады. Қарашық елді мекенін электр желісімен қамтамасыз етіледі. Қарашық ауыл округіне 6 дана трансформатор орнатылады. Құмтиын ауылындағы Актанбаев көшесі орташа жөндеуден өтеді.
Тұрғындар тарапынан айтылған ең өзекті мәселенің бірі ауыл маңында жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату болатын. Мәселені тыңдаған аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы заң аясында шара көрілетінін айтқан. Сонымен қатар, су қоймасы салу, ауылды газбен қамту, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жарықтандыру сынды тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер айтылды. Аудан басшысы әр сұраққа жауап беріп, ең алдымен халықтың ұсыныстарын шешуге жұмыс істелетінін жеткізді.
«Қарашық елді мекенінің жоғары жағынан Оранғай ауылдық округінде орналасқан «Қосқорған» су қоймасы арықылы Қарашық өзінен ағын су келеді. Аталған су қойма — «Тұран су» ШЖҚ МКК-нің теңгерімінде. Көктем мезгілінде «Қосқорған» су қоймасында су көлемі толық жинақталған жағдайда ағын су үздіксіз беріледі. Алайда, ағымдағы жылы жауын-шашын, қардың аз болуына орай жаз мезгілінде өзен арнасында ағын су мөлшері азаюуы ықтимал. Осыған орай, Қарашық ауылды округі аумағынан сыйымдылығы 3,25 миллион текше метр көлемді құрайтын «Қарашық» су қоймасының құрылысын салу үшін салалық қорытынды әзірленіп, Түркістан облысы құрылыс басқармасына тиісті құжаттар жолданып, ұсыныс берілді», — дейді аудан әкімі. Тағы бір мәселе мәселе: Қарашық елді мекенінің тұрғындарының басты мәселесі ағын су, ауылдың жанынан қазылып жатқан карьерлердің кесірінен жер асты сулары тартылып жатыр. Сол мәселенің бірден-бір шешімі — ауылдың жанынан тоған салу. Осы мәселенің оң шешім шешіп беруін сұрайды. «Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінде орналасқан «Қарашық-1» кен орнынан құмды қиыршық тас қоспасын өндіруге арналған карьер, атауы «Kazak Construction Industry» АҚ-ы. Қарашық ауылдық округіндегі бос жатқан мемлекет меншігіндегі жер телімін мемлекеттік сәйкестендіру актісін алмай ҚР жер кодексінің талаптарын бұза пайдаланып отырғандығы анықталып, жер телімінің басында акті түзіліп, Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасына шара көру үшін жолданды. Нәтижесінде, зерделеу жұмыстары барысында аталмыш кен орынның №1 учаскесінде (8,5 гектар) учаскесінен тыс 35 202 текше метр пайдалы қазбаны өндіргені анықталды. Түркістан облысы жер инспекциясы басқармасы ҚР жер кодексінің 136 және 802 баптарына сай хаттама толтырылып, айыппұл түрінде әкімшілік шара (100 АЕК мөлшерінде) шара көрілді. Осы ретте, жоғарыда аталған кемшіліктерді заң аясында тиісті шаралар қолдану үшін, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы тарапынан Түркістан облысының экология департаментіне хат жолданды. Сонымен қатар, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында №1 н/қ бұйрығымен облысының әкімдігімен «Kazak Construction Industry» АҚ арасында түзілген 2005 жылғы 8 шілдедегі №191 келісімшарттың қолданысын уақытша тоқтатты. Көктем уақытында болатын жауын-шашын, қар сулары мен тасқын суларды тиімді пайдалану және суармалы жерлерді толығымен игеру үшін Қарашық ауылды округінен қосымша 1 су қоймасын салу мәселесі көптен бері туындауда. Су қоймасын салуға жер рельефі өте қолайлы. Жоғарыда айтылған мәселені ескере отырып, Қарашық ауылды округі аумағынан сыйымдылығы 3,25 миллион текше метр «Қарашық» су қоймасының құрылысын салу үшін салалық қорытынды әзірленіп, Түркістан облысы құрылыс басқармасына тиісті құжаттар жолданып, ұсыныс берілді». Сондай ақ тұрғындар: «Қарашық ауылының ішінен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолы түсерде, сол ауылдың ішінен көпір және мал өтетін өткел салынса екен» дейді. Осы мәселенің оң шешім шешіп беруін сұрайды. Бұл сұрақ бойынша, аудан әкімдігі тарапынан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хат жолданып, алдағы уақытта тұрғындарың өтініштері ескерілетіндігін мәлімдеді.
Су қоймасы демекші, Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады.
«Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталып, былтыр 2 нысан пайдалануға берілді. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салғанның арқасында жылына қосымша 34 миллион текше метр ағын су жеткізуге мүмкіндік пайда болды. Ал Түркістан магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы 60 миллион текше метр су үнемделді», — дейді өңір әкімі Дархан Сатыбалды.
Әкімнің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.
«Бұдан бөлек, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Өңірде каналдарды тазалау, жөндеу жұмыстары тұрақты жалғасып жатыр», -деген-ді Дархан Сатыбалды.
Халықпен кездесу барысында: «Қарашықтың әлеуеті жоғары. Орта және шағын кәсіп қарқынды дамыған. Бірақ бұған тоқмейілсінуге болмайды. Ауыл тұрғындарының жағдайын жасау біздің басты міндетіміз. Атқырылар шаруа көп. Алдымен ең өзекті деген мәселеге ден қоямыз», — деген болатын аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы.
Ал, Шорнақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесу аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Аудан орталығының тұрғындары тарапынан қордаланған мәселелердің қарасы көп болды. Енді тарқатып айтып өтсек. Кезінде тұрғын үйге берілген жерлердің заңсыз болуы, бүгінде ол жерлерге ауыл тұрғындары үй салып алған екен. Осыларды заңдастырып беруін сұранды.
Осы орайда Сауран ауданы бойынша жер қатынастары саласындағы 2023 жылғы 8 айдағы атқарылған жұмыстарға, дәлірегі, ауданда мақсатына сай пайдаланылмайтын және жер заңнамасын бұза пайдаланып жатқан жер учаскелерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстар барысына егжей-тегжей тоқтала өтейік.
Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында 15 жер пайдаланушы жалпы алаңы 2 808,4 гектар жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбай жатқандығы және жер заңнамасын бұза пайдаланып, Қазақстан Республикасы жер кодексінің 65,92,94-баптарының талаптарын сақтамағандығы, яғни жер учаскесін игерілмей жатқандығы анықталды. Анықталған жер учаскелері бойынша акт түзіліп, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне пайдалану және табысталу заңдылықтарына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге және жер учаскесің қайтаруға ықпал жасау үшін хаттар жолданған.
Сауран ауданына қарасты ауыл округтердің елді мекен шегінде өз бетінше тұрғын үй салып жер заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді заңдастыру барысы туралы айтсақ, Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде жалпы саны 1136 өз бетінше тұрғын үй салып пайдаланып жатқан жер учаскелері анықталып, 22 тиісті мекемеге шара көру үшін жолданып, 11 жер учаскесі заңдастырылуда.
2023 жылға жер қатынастары саласынан жер учаскесін сатудан аудандық, ауылдық округтер бойынша 303-101 төлем кодына түсетін түсімдерге келсек, 2023 жылғы 303-101 жер қатынастары саласынан жер учаскесін сатып алудан түсетін түсім жалпы қойылған жоспар 66 миллион 916 мың теңге, қазіргі уақытта 25 миллион 321 мың теңге бюджет есебіне түскен.
Жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықта (аукцион) сатылған жер учаскелері туралы да мәлімет бере кетсек. Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округі аумағынан «госреестр» сайтына 4 жер учаскесі ұсынылып, нысаналы мақсатына сай көп пәтерлі тұрғын үйлер 2023 жылы 12 қыркүйекте ойнатылып, 2022-2023 жылдары Үшқайық ауылдық округінен 7 жер учаскесі, Ескі Иқан ауылдық округінен 1 жер учаскесі ойнатылып, жалпы 18 920 666 теңге бюджеттің кірісіне енді.
Енді ортақ жайылым бойынша. Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар 126,9 гектарды құрайды. Оның ішінде: 48,5 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару арқылы, 78,4 мың гектар жер учаскесін меморандум арқылы қайтару жоспарланған. Орындалуына келсек, мемлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың гектар жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулысы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың гектар жер учаскесіне шаруа қожалығы иелерімен келісімшарт түзумен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы жоспар бойынша орындалғаны 121 903,57 мың гектар жер учаскесін құрады.
Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған.
Сонымен қатар, жергілікті әкімдік тарапынан жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа жалпы көлемі 891,06 гектар, жалпы саны 8 жер учаскесін қайтару туралы талап қою арыз жолданып, бүгінгі таңда сот өндірісінде қаралуда.
Сауран ауданы бойынша тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезетілік тәртібімен табыстау бойынша айтсақ. Сауран ауданы қарасты ауылдық округтерде жалпы саны 27 мың азамат тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тіркелген, бүгінгі таңда Үшқайық ауылдық округі, Нұртас ауылы аумағынан дайын бос алаңшалар қатарынан 15 жер учаскесі тұрғындарға табысталған.
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурспен табысталған жер учаскелері бойынша. 2023 жылы Сауран ауданы қарасты 9 ауылдық округтен жайылым жерлерді конкурспен табыстау бойынша жалпы саны 191 лот жарияланып, 191 жер, жалпы алаңы 1844 гектар жер учаскесі жалға берілген.
Одан бөлек, ауыз су, Шорнақ елді мекен жанындағы асфальт зауытты көшіру керектігін, жайылым жерлердің жоқтығын, қарттарға демалуға сауықтыру орнына жолдама берілсе, мазаратқа жер анықтап беру, ағын су, елді мекендерге скважина қазу, мазарат маңында қаңғыбас иттердің көптігін, оларды жою, табиғи газ, шаңырақ көтеріп жатқан жастардың көптігін айтып, аудан орталығына көпқабатты үйлердің қажеттігін жеткізді.
Жоғарыда аталған ауылдық округтердегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер жіпке тізілгендей бақылауға алынып, қажеттігіне қарай мерзімдері көрсетіліп, шешу жолдары қарастырылды. Сауран ауданы әкімінің орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалары бойынша көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Сонымен қатар, кездесулерге сол ауылдық округтерінен сайланған депуттаттар да арнайы қатысып, өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті. Аталмыш кездесу барлық ауылдық округтерінде өткізілетін болады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.