Бұл туралы Иассы ауылдық округінің әкімі С.Тұрметов 2023 жылғы 8 айда атқарылған жұмыстарын шолу барысында атап өтті.
Иассы ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ, есепті кезеңде Еңбекші Дихан және Шойтөбе елді мекендерінде халық саны 3108-ді құрайды. Оның ішінде: Еңбекші Диханда – 2741 адам (ер — 1433, әйел – 1308), Шойтөбеде 367 адам (ер — 155, әйел – 212) тұрады. Ұлттық құрамына келсек, қазақтардың үлесі – 1716, орыстардың үлесі — 3, өзбектердің үлесі — 1389. Экономикалық тұрғыда белсенді халық саны 1962 адамға жетіп отыр. Үй саны – 479. Оның ішінде Еңбекші Дихан ауылында — 417, Шойтөбе ауылында 62 түтін бар.
Сонымен қатар Иассы ауылдық округіне қарасты әлеуметтік қызмет нысандарына келсек, жалпы орта мектеп біреу, дәрігерлік амбулатория да жалғыз, фельдшерлік-акушерлік тірек — 1, дәріхана — 1, дәрігерлік бекет — 1, балабақша — 2, АТС бөлімшесі — 1, жылжымалы пошта қызметі — 1, сауда нүктелері — 8, ашық кіші футбол алаңы — 1, заңды тұлғалар — 3, жергілікті қауымдастық құрылған — 1, мешіт — 3, намазхана — 1 және 237 шаруа қожалығы, 1 жиһаз цехы халыққа қызмет көрсетуде.
Енді бюджет мәселесін қаузасақ, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекет басқаруындағы ауыл әкімшілігі 12,5 штатпен жасақталған. Оның ішінде 6 мемлекеттік қызметкер, 6,5 азаматтық және келісімшарт бойынша тартылатын қызметкер еңбек етеді.
Ағымдағы жылдың бюджеттік қаражаты 94 505,0 /мың/ теңге, төлемдер бойынша қаржы жоспары 55 695 /мың/ теңгені құрап, 2023 жылдың 1 тамызына бөлінген қаражат 100 % игерілді, басқаша айтсақ, жылдық қаражаттың 58,9 %-ы орындалды.
Аппарат қызметін қамтамасыз ету шығындары 12,5 штат бірліктерін ұстау еңбекақы қоры, өтемақы төлемдері, коммуналдық, қызметтік автокөліктің жүруін қамтамасыз ету, аппарат қызметкерлерін қажетті кеңселік – шаруа заттарымен қамтамасыз ету, елді мекендердің тазалығы, көгалдандыру, жергілікті деңгейде мәдени — спорттық іс шаралар өткізу шығындарына бағытталған.
Салықтық түсімдер туралы бірер сөз. Иассы ауылдық округі бойынша 2023 жылға салық түрлері бойынша түсімдер 6 миллион 313 мың теңгені құрап отыр. Яғни 8 айда орындалуы 3 миллион 618 мың теңгені құрап отыр, бұл дегеніңіз — жылдық жоспардың 75 пайызы орындалды деген сөз. Атап айтқанда, мүлік салығы жоспар 798,0 мың теңгеге жетіп, нақты – 716 мың теңге, 90 % орындалды. Жер салығы жоспары 100,0 мың теңге еді, нақты – 102 мың теңгеге жетіп, 102 % орындалды. Көлік салығы жоспары 798,0 мың теңге болса, нақты – 716 мың теңгені көрсетіп, 90 % орындалды. Жеке табыс салығы жоспары 950,0 мың теңгені төңіректеп, нақты — 1 миллион 327 мың теңгеге жетті, яғни 140 пайызға орындалды. Жер сатып алудан түскен қаражат 19 миллион 470 мың теңге мөлшерінде тұрақтады.
Әлеуметтік сала бойынша көрсеткіштер көңіл көншітеді. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы аясында 2023 жылы жұмыспен қамту шараларына қатысушылардың арналған бағдарлама шеңберінде және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарының бөлінісі және орындалуы туралы айтар болсақ:
— Жастар практикасы нақты – 15 адам.
— Қоғамдық жұмысқа нақты — 30 адам.
— Тұрақты жұмыс орны нақты — 46 адам.
— Өздігінше жұмыспен қамтылғандар – 66 адам.
— Жаңа жұмыс орындары — 10 адам.
— Грант нақты — 7 адам.
— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту – 4 адам.
Иассы ауылында тіркелген мүгедек бала саны — 4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Үйінде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері арнайы бекітілген, 4 мүгедек балаға арнаулы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіп отырады.
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2023 жылдың 8 айында 47 отбасыға 278 адамға 17 миллион 291 мың теңге төленді.
Ауыл округі бойынша аз қамтылған отбасыларға демеушілер есебінен киім-кешектермен және азық-түлікпен 28 отбасыға көмектер көрсетілді.
Ауыл шаруашылығы саласы Сауран ауданы үшін де, Иассы ауылдық округі үшін де маңызды бағыт болып табылады. Экономиканың драйвері десе де болады. Осы тұрғыдан алғанда, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарға сәйкес 1280 гектар суармалы жерді игеру межеленсе, ол көрсеткіш 1347 гектарды құрады. Яғни жоспар 104 пайызға артық орындалған. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін шаруаларға көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген 170 тонна жанар-жағармай берілген. 2023 жылы агроқұрылымдар арқылы жалпы құны 76,682 миллион теңге инвестиция тартылған. Жылыжайға келетін болсақ, Айгүл Қанжігіт 1 гектар лимон еккен. Акрам Исмаилов 0,15 гектарға қияр егіп, 5 тонна өнім алыпты. Ал Бахадир Тажиметов 0,20 гектарға қияр егіп, 6 тонна өнім алған. Мамаджан Зайнитдинов болса, 0,10 гектар алқапқа қияр егіп, 2,8 тонна өнім алды.
Мал шаруашылығы саласында да марқая айтатын жетістіктер бар. Округ көлеміндегі дерекқор базасына тіркелген ірі қара мал саны 6093 басқа жеткен бүгінде. Ал, уақ мал саны 48026 басты, жылқы 3137 басты құрап отыр. Иассы ауылдық округі аумағында 1500 гектар жайылым жер қажеттігі сезіліп отыр. Жалпы Сауран аудан бойынша жер көлемі – 721,7 мың гектар. 2022 жылы 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 51,3 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар артығымен орындалған.
2023 жылға жоспар 30 мың гектар белгіленген. Бүгінгі таңда 14 725 гектар жер ортақ жайылымға қайтарылды. Алдағы уақытта жайылым мәселесі толығымен шешілетін болады.
2023 жылы агроқұрылымдар мен жеке кәсіпкерлер арқылы жалпы құны 501 миллион теңге инвестиция тартылған.
Инвестиция демекші, кәсіпкерлік саласына да тоқтала кетсек. Ауылдық округ бойынша шағын және орта бизнес базалары төмендегідей: заңды тұлғалар — 3, шаруа қожалықтары — 237, сауда дүкені — 8, шаштараз — 1, авто жөндеу — 1, дәріхана — 1, тойхана — 2, дәмхана — 2.
2023 жылдың есепті кезеңінде 35 жеке кәсіпкер тіркелген. 8 кәсіпкер жеке дүкендері арқылы халыққа қызмет көрсетіп жатыр, 27 кәсіпкер және басқа кәсіп түрлерімен айналасуда.
Тағы бір атап өтер жайт, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 4 жеке кәсіпкер 20 миллион ақшалай несие алған екен.
Айта кету керек, соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 млрд. теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өсті. (2021 жылы — 12,4 млрд. теңге, 2022 жылы — 25,9 млрд. теңге). Биылғы 7 айда инвестиция көлемі 15,7 млрд. теңгені құрады (жылдық жоспар — 30,1 млрд. теңге).
2023 жылға 14,4 млрд. теңгеге 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған (508 жұмыс орны). Жыл басынан 5,3 млрд. теңгеге 37 жоба іске қосылып, 149 жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылады (359 жұмыс орны).
Өнеркәсіпке тоқталсақ. 2023 жылдың қаңтар-шілде айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 млрд. 491,1 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,3%-ды құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 3 млрд. 651,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,0 пайызға жеткен.
Биылғы 7 айдың қорытындысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы арқылы, кәсіпкерлік субъектілерін 800,0 млн. теңгеге жуық жеңілдетілген 6%-дық несиемен 11 жоба қаржыландырылды.
Бірыңғай индустрияландыру картасы және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс орындарын іске қосу және сүйемелдеу бойынша қажетті шараларды қабылдануда. Соның бір дәлелі — өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылға жүзеге асырылуы жоспарланған «Sauran Plast» ЖК, жоба құны — 675 млн. теңгеге 15 жұмыс орнымен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуден полиэтилен пакет және құбыр өндірісі жобасына сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында І-ші кезеңі іске асырылды.
Шағын және орта бизнес те қанат жайып келеді. Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 901 жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 4 828-ге өсті (2021 жылы — 2073).
Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға артты.
Бөлшек сауда бойынша. Ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі — сауда-саттық қызметі. Есепті мерзімде аудан бойынша бөлшек сауда көрсеткіші 718,2 млн. теңгеге, яғни 103,1 пайызға орындалды.
Өз кезегінде Иассы ауылдық округінің әкімі С.Тұрметов коммуналдық сала бойынша атқарылған бірқатар жұмыстарды санамалап берді.
- 1. Еңбекші Дихан елді мекені бойынша орталық алаңын қоршау жұмыстары үшін 13 миллион 947 мың теңгеге сметалық құжаттары дайындалып, Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жарияланып, 8 миллион 230 мың теңгеге бағалық ұсыныс сұранысы бойынша анықталған ЖК «IT-Қызмет» мердігері арқылы жұмыстар жүргізілген. Шілде айында жұмыстар толығымен аяқталған.
- Иассы ауылына қарасты елді мекен ішкі көшелері бойынша 2021-2023 жылдарға кешенді даму жоспарына сәйкес, Еңбекші Дихан елді мекеніндегі Оспан ата көшесін жарықтандыру жұмыстары бойынша 3 миллион 130 мың теңгеге локальдық сметалар жасалып, Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жарияланып, 1 миллион 940 мың теңгеге бағалық ұсыныс сұранысы бойынша анықталған ЖК «Sardar» мердігері арқылы жұмыстар жүргізіліпті. Маусым айында жұмыстар толығымен аяқталды.
- Иассы ауылына қарасты елді мекен ішкі көшелері бойынша 2021-2023 жылдарға кешенді даму жоспарына сәйкес, Еңбекші Дихан елді мекеніндегі М.Саркулов көшесін жарықтандыру жұмыстары бойынша 5 миллион 251 мың теңгеге локальдық сметалар жасалып, Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жарияланып, 2 миллион 775 мың теңгеге бағалық ұсыныс сұранысы бойынша анықталған ЖК «Мега Сервис» мердігері арқылы жұмыстар жүргізілген. Шілде айында жұмыстар толығымен аяқталды.
- Иассы ауылына қарасты елді мекен ішкі көшелері бойынша 2021-2023 жылдарға кешенді даму жоспарына сәйкес, Еңбекші Дихан елді мекенінің Аллаш ата көшесін жарықтандыру жұмыстары бойынша 3 миллион 130 мың теңгеге локальдық сметалар жасалып, Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жарияланып, 1 миллион 665 мың теңгеге бағалық ұсыныс сұранысы бойынша анықталған ЖК «Мега Сервис» мердігері арқылы жұмыстар жүргізіліпті. Шілде айында жұмыстар толығымен аяқталды.
- Иассы ауылдық округіндегі Еңбекші Дихан ауылына қарасты мазараттарды коммуналдық меншікке алу үшін құжаттары рәсімделді.
- 6. Еңбекші Дихан елді мекенінің «Жастар» учаскесіндегі 198 тұрғын үйді ауыз су жүйесіне қосу үшін дайын болған сәулет-жоспарлау тапсырмасына қажетті қаражатты сұрау. Аудан әкімінің 2021 жылғы 2 қарашада №99 қаулысы қабылданып, сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп жатыр. Одан әрі ағымдағы жылда дайын болған сәулет-жоспарлау тапсырмасының сметалық құжаттары мақұлданып, бекітілген жағдайда бюджеттен қаржы қаражат бөлдіруге өтінім жіберіледі деп жоспарлануда.
- Иассы ауылдық округінің Еңбекші Дихан ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарын және жобалау жұмыстарын жүргізу нысанына 23 351 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттама мердігер «Жамбылагрогазпроект» ЖШС тарапынан әзірленіп жатыр.
- Иассы ауылдық округінің Еңбекші Дихан ауылына 600 орындық мектеп құрылысына жер телімі белгіленіп, аудан әкімінің қаулысы шықты. Сыртқы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
- Жеке тұрғын үй салуға арналған жерлер бойынша ағымдағы жылға Шойтөбе ауылынан 52 гектар және 17 гектар 2 аумаққа оңтайландырылған сызбасы бекітілген аумақтан жаңадан тұрғын үй құрылысы үшін қалдырылған алаңдарға инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін тұрақты пайдалану құқығымен бекітіп беруге шешім шығару үшін аудандық жер комиссиясының қорытындысын алуға хат жолданып, Сауран аудандық жер комиссиясының 2022 жылғы 1 ақпандағы №2 хаттамасы шығып, Сауран аудандық жер кадастры бөлімімен мемлекеттік акт рәсімделу жұмыстары жүргізілуде.
Инфрақұрылым демекші, Сауран ауданы Иассы ауылдық округіне қарасты Ескі Шобанақ су арығын бетондау жұмыстарының сапасын тексеру мақсатында Иассы ауылдық округі әкімі С.Тұрметов, «Тұран су» МКК басшысының орынбасары, бас инженер Ү.Дүйсен, Сауран аудандық мәслихат депутаты, Сауран аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы А.Маткәрімұлы Иассы ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесу өткізіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Аталған ауылдық округінде өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан осы жоба бойынша көптеген мәселелер көтерілді. Атап айқанда қазіргі таңда өзекті болып отырған Ескі Шобанақ арығын бетондау жұмыстарының тоқтап қалғанына наразы екендіктерін білдірді. Бұдан бөлек Ескі Шобанақ арығының ауыл іші аралығын бетондалып жатқан арықтың екі жанына биіктігі 1 метр, енін 4 метр топырақпен толтырып, су тасқынын алдын алу шараларын ұйымдастырып беруін сұрады. Ауыл тұрғындары су тасқынын алдын алу мақсатында «Тұран су» МКК басшысының орынбасарына қырдан келетін тасқын суға 6 жерден шлюз қою керектігін жеткізді.
Бұл мәселенің өзекті болуы өздеріңізге белгілі күн суып келе жатыр, алдағы қыс-көктем мерзімдерінде су тасқының алдын алу мақсатында жасалған жұмыс барысында көмілген су қашыртқылары ауыл тұрғындарын алаңдатуда. Аталған жұмысқа қаржы бөлінбей қыс мерзіміне дейін үлгере алмай жатқан жағдайда, су тасқынын алдын алу шараларын жүргізіп үлгере алмайтынымызды, бұл жағдайда нақты бір жоспар қажет екенін жеткізілді. Кездесуде көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Ауыл басшысы әскер қатарына шақыру бойынша да тілге тиек етті. 2023 жылғы көктемгі мерзімде әскер қатарына шақырылған 85 азаматқа зерделеу жұмыстары жүргізіліп, хабарлама беріліпті. 39 шақырылушы — қазіргі таңда ЖОО-да және колледждерде оқуда, 18 шақырылушы — отбасы құрған азаматтар, әскер қатарына жататындар – 28. Оның ішінде: 8 шақырылушы — мектеп оқушылары, 12 шақырылушы — шетелде жұмыс істейтіндер, 1 шақырылушы әскери бөлімін оқып, әскери билет алған. 2 азамат медициналық сараптамадан өтіп, әскер қатарына жіберілген екен.
Жалпы құжат айналымына келсек, бұл тұрғыдағы құжат айналым жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Оны кесте түрінде ұсынып отырмыз.
2023 жылғы 8 айында келіп түскен арыз өтініштер бойынша мәлімет | ||||
Жеке азаматтардан келіп түскен өтініштер | Заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер | Қанағаттанды-рылғаны | Қанағаттанды-рылмағаны | Өңдеуде тұрғаны |
188 |
0 |
165 |
17 |
6 |
Иассы ауылдық округінің әкімі С.Тұрметов Иассы ауылдық округі бойынша өзекті мәселелерді де айналып өтпеді.
- Халық санының көбеюіне байланысты Сауран ауданының Иассы ауылдық округіндегі Еңбекші Дихан ауылының электр қуатымен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарын және жобалау жұмыстарын жүргізу нысанына 7,276 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттама мердігер «Redline Pro» ЖШС тарапынан әзірленіп жатыр. Бюджеттен қаржыландыруға ұсыну керек.
- Иассы ауылдық округіндегі Еңбекші Дихан ауылының орталық көшесі облыстық маңызы бар Шобанақ көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
- Түркістан-Кентау трассасы бойына Еңбекші Дихан ауылының тұсына жылдамдықты өлшейтін 2 камера орнату.
- Түркістан-Кентау тас жолындағы Түркістан қаласының соңғы аялдамасындағы №18 маршрутты Еңбекші Дихан ауылына дейін жүруін қамтамасыз ету.
- Иассы ауылдық округіндегі Еңбекші Дихан ауылының ауыз суы бойынша ауылдың жоғарғы жағына ауыз су фильтрін орнату.
- Еңбекші Дихан ауылының М.Айтметов және М.Тобағабылов, М.Камалов, А.Исаков көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін дайын болған сметалық құжаттарына қаржы бөлдіру.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.