Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев кезекті есепті кездесуін Майдантал ауыл округінің тұрғындарымен өткізіп, осылай деген болатын. Негізі тоқсан сайынғы әкімдердің халық алдындағы есеп беруі жұмыстарының жүйелілігін көрсетеді. Халық пен билік арасындағы ашықтықты негіздейді. Әкім алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар жобаларды баяндады. Майдантал ауыл округінде атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Енді нақтырақ тоқталайық. Ынталы елді мекенінде 900 орындық мектептің құрылысына сыртқы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлену үстінде. Майдантал ауыл округінде ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны тағы бар. Сонымен бірге Майдантал ауыл округіндегі қоқыс полигонының аумағына қоршау орнату жұмыстары да жүргізілуде. Ал Ынталы ауылындағы Жангелдин көшесіне жарық орнатылып жатыр. Оған қоса елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары ұдайы жүргізілуде екен.
— Халқымызда «Тірлік басқа болса да, тілек бір, бармақ басқа болса да, білек бір» деген сөз бар. Әкімдердің тұрғындар алдындағы есеп беруі жақсы дәстүрге айналды. Бұл – бірінші кезекте атқарушы билік пен халық арасындағы үнқатысуға құрылған шара. Сол себепті, мұндай кездесулерде біз өзіміздің атқарған жұмыстарымызға сіздер арқылы сын көзбен қарап, болашаққа жоспар жасауға мүмкіндік аламыз, — деді аудан басшысы.
Есептік кездесуде халық көкейіндегі маңызды мәселелер жан-жақты айтылды. Егістікке су баратын арықтар әбден тозған. Салдарынан егістікке су тиісті мөлшерде жетпейді. Тұрғындарды алаңдататын басты мәселе — осы. Арық-атыздарды жөндеу жұмыстары біртіндеп қолға алынып жатқандығын жеткізді аудан әкімі.
Соның нәтижесінде Сауран ауданындағы суармалы жерлердің көлемі артпақ. Мәселен, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекеніндегі «Ақтөбе» су қоймасынан егістікке баратын темір бетонды тас арықты жаңарту жұмыстары қолға алынды.
Аудандық құрылыс бөлімі шұғыл жұмысқа кірісті. Қазіргі таңда ФЛ-8 құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп, бюджеттен қаржы қаралу үстінде. Құжаттама дайындалып, сараптамаға тапсырылды. Мердігер мекеме – «МПК Проект» ЖШС. Сауран ауданы құрылыс және сәулет бөлімінің мәліметінше, құрылыс жұмыстарының болжамды құны 725,3 миллион теңге мөлшерінде бекітілген. Жұмыс толық аяқталғанда Бабайқорған ауылдық округінің Бабай, Игілік елді мекендерінің суармалы жерлеріне су барып, егістік көлемі артатын болады.
Сондай-ақ, Бабайқорған ауылдық округіне Үлгілі елді мекеніндегі «Сасық бұлақ» су қоймасынан егістікке баратын темір бетонды тас арыққа да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әбден тозығы жеткен бетон арықты реконструкцисына жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеуге қаржы қаралды. Тас арықтың жалпы ұзындығы 8,6 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме – «Казграждан стройпроект» ЖШС. Сауран ауданы құрылыс және сәулет бөлімінің мәліметінше, құрылыс жұмыстарының болжамды құны 419,5 миллион теңге көлемін құрап отыр.
Құжаттама әзірленіп, алдағы уақытта сараптамаға тапсырылады. Ағын су жүретін арықтар жаңартылса, егін шаруашылығы едәуір дамиды.
Осы тұста ерекше атап өтер жайт, Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталып, былтыр 2 нысан пайдалануға берілді. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салғанның арқасында жылына қосымша 34 миллион текше метр ағын су жеткізуге мүмкіндік пайда болды. Ал Түркістан магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы 60 миллион текше метр су үнемделгенін айтады сала мамандары. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, және бұл бағыттағы жұмыс жалғасын таба береді.
«Бұдан бөлек, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Өңірде каналдарды тазалау, жөндеу жұмыстары тұрақты жалғасып жатыр», -дейді Дархан Сатыбалды.
Жалпы, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының облыста су нысандарын басқаруды жетілдіру және дамыту жөнінде берген тапсырмаларына сәйкес, су нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Өзендер мен каналдардың табанын тазалау шараларына нақтырақ тоқталсақ, «Тұран су» кәсіпорнының басшысы Досхан Лесовтің сөзіне сенсек, биыл ұзындығы 679,6 шақырым болатын 187 каналды тазалау жоспары жүргізіледі. 15 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, 2023-2025 жылдары 106,7 шақырым канал темір бетонмен қапталып, су шығындарын азайтады. 13450 гектар суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету жақсарады. Оның ішінде ағымдағы жылы 32 шақырым каналды бетондау жұмыстарының бүгінгі күні 35%-ы орындалды.
– Төтенше жағдайлардың алдын-алу жұмыстары бойынша Арыс, Ақсу және Келес өзендеріндегі 20 қауіптілігі бар нысандағы жұмыстардың 4-еуі толық аяқталып, 11-інде жұмыстар атқарылуда. Бүгінде 11,2 шақырым өзен арнасын түзету және жаға бекіту жұмыстары жүргізіліп, 2 616 габиондық сеткалар орнатылды, 7 497 м3. қой тасы қаланды. Қалған 5 нысанды реттеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жұмыстар қараша айының екінші онкүндігінде аяқталады. Алдағы уақытта кәсіпорынды перспективалық дамыту жоспарына сәйкес, инвестициялық 4 жобаларды жүзеге асыру көзделуде. Атап айтқанда, кәсіпорынды техникалық жабдықтау бойынша 2024 жылға 10 экскаватор сатып алуды жоспарлап отырмыз. Суару жүйелеріне арналған параболалық лотоктар шығаратын өндірісін ашу. Тамшылатып суару технологиясына қажетті полиэтилендік құбыр өндірісін ашу. «Бөген» су қоймасына су электр станциясын салу жобасы. Су нысандары құрылыстарына жобалық сметалық құжаттама жасау қызметіне лицензия алуды қарастырудамыз, жаңа 10 жұмыс орны ашылады. Бұл қаржыны 30-40 пайызға үнемдеуге мүмкіндік беретін болады, – дейді Досхан Лесов.
Биыл шаруаларға 530 миллион текше метрден астам су беріліп, лимиттің 71% босатылды. «Бөген» су қоймасына өткен жылмен салыстырғанда 100 миллион текше метрге жуық немесе 20%-ға су аз келуіне қарамастан, су жеткізу қызметін тиімді ұйымдастыру нәтижесінде суару маусымы қалыпты деңгейде өткізілді. Қазіргі таңда «Бөген» су қоймасында 10,5 миллион текше метр, «Қосқорған» су қоймасында 1 миллион текше метрсу бар және Арыс өзенінен келіп жатқан су көлемі 9,5 метр/секундына. Арыс магистралды каналы арқылы «Бөген» су қоймасына жіберілуде. Аталмыш мекеме тарапынан суарылатын алқап көлемі 108,6 мың гектарды құрап отыр.
Мемлекет басшысының жаңа тарифтік саясатына көшу тапсырмасына сәйкес, кәсіпорынның 5 жылдық инвестициялық бағдарламасы әзірленіп, жаңа тарифтік смета уәкілетті органмен бекітілді. Нәтижесінде, 1 кезеңде жұмысшылардың жалақысы 30%-ға өседі және 2 канал күрделі жөндеуден өткізіледі. Облыс басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасының нәтижесінде аудандық меншіктегі 12 су қоймасы кәсіпорын теңгеріміне қабылданып, облыстық бюджеттен күтіп ұстау шығындары мен ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы сұралды.
Кәсіпорын меншігіндегі су нысандарына австралиялық «Рубикон» фирмасының бағдарламалық қамтамасыз етуімен электронды карта әзірленді. Барлық ақпараттар электронды картада көрсетілген, қажетті мәліметтерді кез келген стационарлық және мобильді құрылғыларда интернет арқылы алуға болады.
Айта кетейік, «Тұран су» мекемесінің негізгі қызметі – мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы мен құрылыс нысандарын күтіп ұстау, пайдалану, елді-мекендердің тыныс-тіршілігін ағын сумен қамтамасыз ету. Кәсіпорын 18 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистралды, 107 ішкі шаруа аралық каналдар, 3 өндірістік-техникалық базасы және 81 арнайы техникамен жабдықталған. Бәйдібек, Сауран, Отырар, Ордабасы, Сайрам аудандары мен Арыс, Кентау, және Түркістан қаласындағы 108,6 мың гектар алқапты суаруға қауқарлы.
Естеріңізде болса, биыл 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында су мәселесіне айрықша тоқталды.
«Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр.
Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін.
Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек.
Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер.
Шаруалар мен өнеркәсіп өкілдеріне суға қатысты сапалы сараптамалар мен болжамдар керек. Бұл талдаулар әр жылы және орта мерзімді кезеңде судың мөлшері қандай болатынын да қамтуы қажет. Сондықтан бәрін алдын ала жоспарлаған жөн.
Сондай-ақ ішкі су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды. Суды үнемдейтін технология өте баяу енгізілуде. Суды шақтап пайдалану мәдениеті де жоқ.
Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қажет.
Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек. Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек. Негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу.
Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет. Дегенмен біз дәл қазіргі жағдайда жаңа тариф саясатынан да аттап өте алмаймыз. Әбден ескірген инфрақұрылым әрең жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңа инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет, қазіргі нарықтың талабы. Суды нормативтен артық жұмсағандар оның ақысын жоғары тарифпен төлеуі керек. Бір сөзбен айтсақ, суды барынша үнемдеуіміз қажет. Оған қоса судың «көлеңкелі» нарығы түбірімен жойылуға тиіс.
Халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады.
Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалады. «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және басқа да негізгі компанияларда өзгеріс болады. Жалпы, осы саланың материалдық жағдайын жақсартып, кадр мәселесін шешу керек.
Су тапшылығының артуы – Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ мәселе. Суды үнемдеп пайдалану энергетика немесе көлік саласы сияқты аймақтағы ынтымақтастықтың тағы бір жаңа бағытына айналмақ. Үкіметке көрші елдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырамын» — деді Президент.
Түйіп айтсақ, Сауран ауданының Майдантал ауылында атқарылған жұмыстар аз емес. Жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Ауыл тұрғындарының бірлігі мығым болса, келешегі де кемел болатынын сөз еткен тұрғындар кездесуден тарқасты.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
She understands that these replicas are an excellent way to achieve a high-end look
without breaking the bank. Similarly, fashion icon Rihanna has
been seen rocking replica bags that perfectly mimic the original designs.
replica handbags online
replica bags online
LuxuryTastic
fake bags online
replica handbags
luxury tastic
replica handbags
replica handbags online
replica handbags
fake bags online
LuxuryTastic
fake bags online
replica handbags online
fake bags
replica handbags
fake bags online
replica handbags
LuxuryTastic
replica handbags online
fake bags online
LuxuryTastic
replica handbags online
replica bags
fake bags
luxury tastic
Replica Sneakers for women ku026
Reps Shoes,Replica Sneakers Dirty White mo842
Reps Shoes gk049
Replica Sneakers Dirty White,fake
jordans lk971
that s now marketed under various labels, including Absorica, Claravis, Amnesteem, and Zenatane priligy 30 mg