Бұл жөнінде 2023 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша Майдантал ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасында Майдантал ауылдық округінің әкімі Ж.Досболов мәлімдеді.
Ол ә дегенде экономика және қаржы мәселесіне ойысты. Айталық, Майдантал ауылдық округі әкімінің аппаратына 2023 жылға бөлінген қаржы 88520,0 мың теңгені құрапты, оның 2023 жылы 9 айға қаралғаны қаржы 44364,0 мың теңге болып отыр. Жаратылғаны — 44 364,0 теңге. Жіктеп көрсетсек, оның ішінде:
124001015 — Аппарат шығындары бағдарламасы бойынша аппарат қызметкерлері және техникалық персонал айлық жалақылары, салықтарға, жанар-жағар май, кеңсе тауарлары, 1 С бағдарламасына, электр қуатына барлығы 39 354,0 мың теңге жұмсалды.
124006015 — мәдени іс-шаралар бағдарламасына мәдени іс-шараға 200,0 мың теңге баға ұсыныстары конкурс өткізіліп, 98,8 мың теңгеге ЖК «Меразиков» жеңімпаз атанып, 8 наурыз мейрамына мәдени іс-шаралар өткізуге және сыйлықтар сатып алуға жұмсалды.
124008015 — Көшелерді жарықтандыру бағдарламасына 43 075,0 мың теңге қарастырылып, көше бойының жарықтандыру қызметі үшін 2512,0 мың теңге, оның 2488,0 мың теңгесіне баға ұсыныстары бойынша конкурс өткізіліп, ЖК «Handmade_Merei» Ынталы ауылына трансформатор орнатылды, 13440,0 мың теңгеге Қисық Шоқпарға трансформатор линиясымен «Таң Строй Сервис» ЖШС жарықтандыру жұмыстарын аяқтауда.
124009015 – Ауыл санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 500,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, 400,0 мың теңге ЖК «Санжар» жеңімпаз атанып, көшелердегі ретсіз төгілген кұл-қоқыстарды шығаруға жұмсалды.
124011015 — Ауылдарды көгалдандыру және абаттандыру бағдарламасы бойынша 1000,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, 1441,0 мың теңгеге ЖК «DIAMOND» жеңімпаз атанып, ЛЭД экран орнатылды.
124022012 — Мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары бағдарламасына 1590,0 мың теңге қаралған, 4 моноблок 2 принтерге бағалау конкурсы өтті.
124028015 — ауылдарда спорттық іс-шаралар өткізу бағдарламасына 300,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, 300,0 мың теңгеге ЖК «Дияс» жеңімпаз атанып, 22 наурыз мерекесіне арналған спорттық іс-шара өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Ынталы елді мекені Жангелдин көшесіне жарықтандыру жұмыстарына 14560,0 мың теңгеге ашық конкурс жарияланып, «Астана SMART PIUS» ЖШС тарапынан қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.
Ынталы-Егізқара елді мекені арасын құрайтын 35 шақырым жолдың 5 шақырымына тас төсеу жұмыстарын жүргізу. Сметалық құны 35000,0 мың теңгені құрайды.
Ынталы елді мекені жоғарғы бөлігінде орналасқан су мұнарасын іске қосу жұмыстары. Сметалық құны — 21000, 0 мың теңге. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тапсырыс беруші Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып табылады.
Майдантал ауылдық округіне қарасты 9 азық-түлік және 2 монша иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың құжатарын заңдастыруда. Майдантал ауылдық округі Ынталы және Қаражон елді мекені тұрғындары пайдаланып отырған 237 үйіргелік жер телімдерінің мемлекеттік актісінде көрсетілген жер көлемінен артық жер телімдерін қоршап алып, заңсыз пайдаланып жатқандығы зерделеніп анықталды. Ауылдық округ тұрғындарының шекті мөлшерден артық жер көлемін сатып алу негізінде түскен қаражат 2568000 теңге.
Майдантал ауылдық округінің әкімі Ж.Досболов салықтық түсімдер туралы да тарқатып айтты. 2023 жылдың 9 айында мүлік салығы 147 034 теңге, жер салығы 112 055 теңге, көлік салығы 3 215 246 миллион теңге мөлшерінде орындалған екен.
Ал МӘМС жүйесі бойынша өзектендірілген тұрғындар туралы ақпаратты төмендегі кестемен назарларыңызға ұсынып отырмыз.
№ |
Ауылдық округтердің аталуы |
«Сақтандыру» бойынша мәлімет | ||||||
Ха-лық саны (жалпы)
|
Емха-наға тіркел-ген халық саны -РПН
|
Оның ішінде | ||||||
Сақтандырылған санаттар | Сақтандырылмаған санаттар | |||||||
РПН
Саны |
% | РПН
Саны |
% | |||||
1 | Майдантал | 3306 | 2832 | 2351 | 83,0
|
481 | 17,86 | |
Кәсіпкерліктің тыныс-тіршілігіне тоқталсақ, ауылдық округ бойынша шағын және орта бизнес базалары төмендегідей: Заңды тұлғалар — 1, шаруа қожалықтары — 72, сауда дүкені — 7, кафе — 1, монша – 2.
Осы тұста атап өтер жайт, «ИС Жангир» ЖШС-і тарапынан 868 миллион теңге кәсіпкерлік мақсаттағы құрал-жабдықтар алуға инвестиция тартылды. Жалпы, 9 айда 947,4 миллион теңге инвестиция тартылған.
Айта өтейік, соңғы 2 жылда Сауран ауданының экономикасына 38,3 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өсті. (2021 жылы- 12,4 миллиард теңге, 2022 жылы — 25,9 миллиард теңге). Биылғы 9 айда инвестиция көлемі 22,3 миллиард теңгені құрады (жылдық жоспар — 30,4 миллиард теңге).
2023 жылға 14,4 миллиард теңгеге 59 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған (508 жұмыс орны). Жыл басынан 5,3 миллиард теңгеге 37 жоба іске қосылып, 149 жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін 22 инвестициялық жоба жүзеге асырылады (359 жұмыс орны). Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсек:
— «Ныш Ер» ЖШС-ның — Демалыс аймағы және қонақ үй салу жобасы (Оранғай елді мекені). Инвестициялық құны 1 миллиард теңге, 40 жаңа жұмыс орны құрылады. Нәтижесінде бюджетке жыл сайын қосымша 21,3 миллион теңге салықтар түседі деп күтілуде;
— «Sauran Plast» ЖК-ның — қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы (Шорнақ елді мекені). Инвестициялық құны 675 миллион теңге, 60 жаңа жұмыс орны құрылады, бюджетке қосымша 8,6 миллион теңге салықтар түседі;
— «Turkistan Fruit» ЖШС-ның — 400 гектар алаңда 2 кезеңнен тұратын бағбандық саласындағы тәжірбиелік аумағын құру, жеміс шырының тікелей сығу өндірісін ұйымдастыру және жеміс-жидек қойма құрылысын салу жобасы (Шаға елді мекені). Инвестициялық құны 8 миллиард 533 миллион теңге, 54 жаңа жұмыс орны құрылады, бюджетке қосымша 7,2 миллион теңге салықтар түседі;
— «Түркістан-Агро ХХІ» ЖШС-ның — 1200 бас сүт-тауар фермасын салу жобасы (Шаға елді мекені). Инвестициялық құны 9 миллиард 285,8 миллион теңге, 41 жаңа жұмыс орны құрылады, бюджетке қосымша 4,0 миллион теңге салықтар түседі.
Майдантал ауылдық округінде карьерлер тіркелмеген.
Майдантал ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Ынталы, Қаражон және Егізқара елді мекендерінен несие алуға 40 тұрғыннан өтініш түсіп, оның ішінде 24 өтінім «Ырыс» мекемесіне өткізілді. 16 өтінім мақұлданып, 11 азамат қазіргі таңда қаржыландырылды. Ауылдық округте «Сапа-СПК» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 27,600 миллион теңге несие мақұлданды.
Назар аударарлығы, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 2023 жылы республикалық бюджет қаражатынан 100 миллиард теңге бөлініп, 17 мың шағын несие беруге жоспарланған.
Бұл ауылда 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде бөлінген қаражаттың барлығы қаржыландыру жоспарына сәйкес облыс әкімдіктеріне аударылды. Айта кетейік, қаражат ауыл шаруашылығы, қаржы министрліктері мен облыс әкімдіктері арасында жасалатын үшжақты несие шартына сәйкес аударылады.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, 88,4 миллиард теңгенің 14 284 өтінімі қаралуда, 66,2 миллиард теңгенің 10 878 өтінімі мақұлданды; 53,6 миллиард теңгеге 8 761 шағын несие берілді. ШҚО-да (1,5 миллиард теңге), Қостанай (1,6 миллиард теңге) және Павлодар (1,5 миллиард теңге) облыстарында қаражат толық игерілді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2024 жылы 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру аясында 2024 жылы – 100 млрд теңге; 2025 жылы – 50 миллиард теңге; 2026 жылы – 50 миллиард теңге қарастырылған.
Бағдарламаны іске асыру тетігін жетілдіру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл аманаты» шеңберінде кредит берудің негізгі шарттары мен тәртібін регламенттейтін қағидалар жобасын әзірледі. Жалпы негізгі шарттар қолданыстағы жағдайларға ұқсас болып қалды, алайда бірқатар өзгерістер бар. Біріншіден, бағдарламаға қатысушылардың нақты тізімі анықталды.
Екіншіден, әрбір ауылдық округті несиелендірудің басым бағыттарын анықтау бойынша талаптар қарастырылған. Бұл ретте мал шаруашылығы бағыты бойынша бағдарламаға бөлінген қаражаттың 50% -ынан аспайтын лимит белгіленген.
Үшіншіден, жобаларды іріктеудің негізгі өлшемдері анықталды. Бұл шара шағын несиелендіруге арналған жобаларды сапалы іріктеуге мүмкіндік береді және қаражаттың қайтарымдылығын арттырады.
Жеңіл автокөлік сатып алуға шағын несие берілмейді; жақын туыстарының ауыл шаруашылығы жануарларын; ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде шағын несие беру қаражаты есебінен бұрын сатып алынған ауыл шаруашылығы жануарларын, сондай-ақ кейін жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды сатып алуға, тұрғын үйлерді салу немесе басқа да ғимараттарды салуға шағын несие берілмейді.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерінің несиелерді мақсатты пайдалану туралы есебін автоматтандыру және қарыз алушыға шағын несиелерді беру үшін АӨК-тегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп, бағдарлама бойынша шағын несиелеудің ақпараттық жүйесін құру жұмыстарын атқаруда.
Сонымен қатар Майдантал ауылдық округінің әкімі Ж.Досболов жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша да біраз ақпаратпен бөлісті.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. 2023 жылы I-ші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекке 36 азамат өтініш беріп, олардың ішінде 29 отбасыға тағайындалды. Ал III-ші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген азаматтар саны 24 азаматқа азайып, олардың ішінде 19 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Екі атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 2,5 пайыз несие алу үшін өтініш тастап, атаулы әлеуметтік көмектен бас тартылды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 50 азамат жұмыспен қамтылып, қазіргі таңда округте жұмыс істеп жүр.
Жастарды жұмысқа тарту негізінде Жастар практикасымен 8 жас маман Әйтеке би жалпы орта мектебінде және Майдантал ауылдық емханасында 1 жас маман жұмыс атқаруда.
Өз кезегінде әкім «Майдантал ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында ауылдық округ әкімінің бас маман заңгері А.Саргелтаев баяндама жасап, іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттің жүргізіп жатқан саясаты тақырыбында және сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік–құқықтық актілер туралы айтылып, тұрақты түрде жиналыстар өткізіліп, хаттама түзілетіндігін баяндады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын насихаттау мақсатында «Сыбайлас жемқорлық қарсы күрес» атты мақаланы «Сауран» газетіне жариялауға 2023 жылдың 07 ақпанында №1 / 4-10-02/56 санды хатпен ішкі саясат бөліміне жолданды. Ынталы елді мекені Қонаев көшесінің бойына билбордтарды құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің байланыс нөмірі көрсетілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыптағы 2х4 метрлік баннер орантылды» — дейді.
Мұнан соң Майдантал ауылдық округі бойынша 2023 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.
№
р/с |
Көрсетілетін қызметтердің атауы | Баламалы түрде көрсетілуі | Бас тарту | |||
Заң-ды тұлға | Жеке
тұлға |
Заңды тұлға | Жеке
тұлға |
|||
1 | Атаулы әлеуметтік көмек | Тікелей | — | 61 | — | 12 |
ХҚКО | — | — | — | — | ||
2 | Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру | Тікелей | — | — | — | |
ХҚКО | — | — | — | — | ||
3 | Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру | Тікелей | — | 1 | — | — |
ХҚКО | — | — | — | — | ||
4 | Жер учаскесін алу үшін кезекке қою | Тікелей | — | — | — | — |
Қызметтер саны | Тікелей –62 | ХҚКО –0 |
Есеп соңына қарай Майдантал ауылдық округінің әкімі Ж.Досболов Майдантал ауылдық округі бойынша өзекті мәселелер хақында сөз қозғады.
— Қаражон елді мекенінде интернет оптикалық интернет желісін орнату қажет.
— Бас жоспар жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу қажет (тұрғын үй жері кезегінде тұрған 256 азамат).
— Майдантал ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі ұялы байланыс интернет желісін жақсарту қажет.
— Майдантал ауылық округінің орталығы Ынталы елді мекенімен Қаражон елді мекені арасындағы 7 шақырым автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
— Майдантал ауыл округіндегі Ынталы елді мекеніне таудан келетін жер асты транзитке су құятын 5 шақырымды құрайтын тасарықты (лоток) күрделі жөндеуден өткізу қажет.
— Ауыл шаруашылығы егіс алқабына баратын тасарықты (лоток) күрделі жөндеуден өткізу қажет. Жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайды.
— Майдантал ауылдық округінің орталығы Ынталы елді мекенінің жоғарғы тау жақ бөлігінде берілген суармалы жерлерді қайтару. Қазіргі таңда осы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ортақ жайлымға кірген жайылымдық жерлер бойынша Сауран аудандық жер қатынастар бөліміне хат жолданған.
Жайылым демекші, Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында 15 жер пайдаланушы жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбай жатқандығы және Қазақстан Республикасы жер кодексінің 92-бабының талаптарына сәйкес сақтамағандығы, яғни жер учаскесін игерілмей жатқандығы анықталды. Анықталған жер учаскелері бойынша акт түзіліп, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне пайдалану және табысталу заңдылықтарына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге және жер учаскесін қайтаруға ықпал жасау үшін хаттар жолданған.
Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері тарапынан игерілмей және мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтап жергілікті атқарушы органдарға ұсыну жұмыстары мүлдем жүргізілмеді. Жоғарыда анықталған жер учаскелеріне қатысты заңбұзушылықтар Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан жүргізіліп, анықталды.
Тағы бір атап өтерлігі, Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар 126,9 гектар болатын. Оның ішінде: 48,5 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтару арқылы, 78,4 мың гектар жер учаскесі меморандум арқылы қайтару жоспарланған. Ал бүгінгі таңдағы жоспардың орындалуына келсек, емлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың гектар жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың гектар жер учаскесіне шаруа қожалығы иелерімен келісімшарт түзумен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы жоспар бойынша орындалғаны 121 260 мың гектар жер учаскесін құрады. Бүгінгі таңда 10 жер учаскесі бойынша сотқа талап арыз жолданып, 1 жер учаскесі жалпы алаңы 200,0 гектар жер телімі сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылды. Алдағы уақытта ҚР Жер кодексінің 82-ші бабына сәйкес, өз еркімен немесе сот арқылы мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары толығымен жүргізілетін болады.
Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған.
Сонымен қатар Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ситуациялық сызбаға сәйкес мемлекеттік арнайы жер қорының есебіндегі жалпы алаңы 40000 мың гектар жер учаскелері әр ауылдық округтің теңгеріміне бекітіп беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша Түркістан облысының жер ресурстар басқару департаменті тарапынан Сауран ауданына қойылған жоспарға сәйкес мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының қамтамасыз ету жоспары 2023 жылға 30,0 мың гектар қойылған.
Оның қазіргі күнгі орындалуына келсек, 14,8 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарлды, алдағы уақытта 16,2 мың гектарға әр ай бойынша қайтару жоспары бектілген.
Түркістан облысы жер қатынастары басқармасы тарапынан 2023 жылға елді мекендерді жайылыммен қамтамасыз ету бойынша жоспар 29,5 мың гектар қойылған.
Оның ішінде: 1-бағытқа 27,0 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланса, 2-бағытқа 2,5 мың гектар жер учаскесін ортақ жайылым қажеттілігінен төмендету межеленген.
Орындалуына келсек, 1-бағыт бойынша 10,2 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 2-бағыт бойынша 12,9 мың гектар жайылым жүктемесінен төмендетілді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Сауран ауданы әкімдігі тарапынан Сауран ауданына қарасты жер учаскелерін аймақтарға бөлу және жер учаскелерінің түзету коефициенттері, Сауран ауданы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №264, №67 бірлескен шешімі және Сауран ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы №65 шешімен бекітілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.