Сауран ауданы әкімінің орынбасарлары Мақсат Таңғатаров, Серік Садибаев, аудандық мәслихат депутаты Ерсұлтан Елеуов Шаға ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров Шаға ауылдық округі бойынша бүгінгі таңға атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, алдағы 2024 жылға аудандық бюджетке ауылдық округтегі өзекті мәселелерді енгізу бойынша ұсыныс пікірлер жүзеге асатынын жеткізді.
Шаға ауылдық округте өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Ауылдық округ тұрғындарының басты мәселесі табиғи газ, ауыз су мәселесін алға тартты. Бершін төбе елді мекеніне газ қашан қосылатынын, сол елді мекенге трансформатор орнату, аяқ жол, жарықтандыру, көшелерді асфальттау, спорт алаңшаларын салу керектігін атап өтті.
Қазақстанның 30 жылдығы елді мекеніне қоғамдық көлік бойынша 10 маршурттың жүргізуін, аялдама орнату, Жастар саябағы демалыс орнын, балалар ойын алаңшасын, мектеп салу, Молда Мұса мектебін күрделі жөндеуден өткізу, осы мектептің жылу мәселесі әлі күнге дейін шешілмегенін, жайылым мәселесі, ағын судың бағасы қымбаттап жатқанын тұрғындар кезек кезегімен айтып өтті. Ал, 1975 жылы салынған ескерткіштің айналасын абаттандыру, «Қазтелеком» тарапынан жүргізілген орындардың қақпақтары жабылмай кеткенін, ауыл орталығына халықтың өсуіне орай, емхана салу, тұрғын үйге үйіргелік жер берілуін, жарықтың жиі сөніп қалуына байланысты электр бағаналарын жаңарту, бейнебақылау камераларын орнату, жаңадан салынған №13 мектепте ауыз судың жоқтығын, Шаға елді мекеніндегі ауыз су ішуге жарамсыз екенін жеткізді.
Шаға ауыл округінің орталығы — Қазақстанның 30 жылдығы ауылы.
Елді мекендері — Шаға, Қазақстанның 30 жылдығы, Бершінтөбе, Шоқтас. Халық саны — 10448 адам.
Округтің жалпы жер көлемі — 63491 гектар. Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жері — 43617 гектар;
суармалы жері — 5293 гектар;
шабындық жері — 479 гектар; жайылымдық жері — 37845 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер мынадай:
№ | Елдімекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Ұсақ мал |
1 | Шаға | 35 | 250 | 633 | 1780 |
2 | Қазақстанның 30 жылдығы | 123 | 891 | 3692 | 26730 |
3 | Бершінтөбе | 3 | 114 | 1044 | 5757 |
4 | Шоқтас | 44 | 99 | 643 | 3757 |
Барлығы: | 205 | 1354 | 6012 | 38024 |
Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер былайша:
№ | Елді мекен | Ветеринариялық стан- циялар | Ұсақ малдарды шомылдыру орындары | Жасанды ұрықтандыру пунктері | Биотермия- лық
шұңқырлар |
1 | Шаға | — | — | 1 | — |
2 | Қазақстанның 30 жылдығы | 1 | 1 | — | — |
3 | Бершінтөбе | — | — | — | 1 |
Шоқтас | — | — | — | — | |
Барлығы: | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:
№ | Жайылым аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Жайылым аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескер- ту |
1 | Сәуір-мамыр | Тамыз-қазан |
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:
№ | Елді мекендер | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | ||||
Жылқы | Гектар нормасы | Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара | |||
1 | 2 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1 | Шаға | 250 | 9 | 2250 | 633 | |
2 | Қазақстанның 30 жылдығы |
891 |
9 |
8019 |
3692 | |
3 | Бершінтөбе | 114 | 9 | 1026 | 1044 | |
Шоқтас | 99 | 9 | 891 | 643 | ||
Барлығы: | 1354 | 9 | 12186 | 6012 |
Гектар нормасы | Қажетті жайылым, гектар | Ұсақ мал | Гектар нормасы | Қажетті жайылым, гектар |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
8 | 5064 | 1780 | 2 | 3560 |
8 | 29536 | 26730 | 2 | 53460 |
8 | 8352 | 5757 | 2 | 11514 |
8 | 5144 | 3757 | 2 | 7514 |
8 | 48096 | 38024 | 2 | 76048 |
Бұдан соң кезекті кездесу Үшқайық ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесуге Сауран ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, Серік Садибаев, аудандық мәслихат депутаты Серікбай Оразбеков, Үшқайық ауылдық округінің әкімі Мұхтар Шалаев қатысты.
Бұл ауылдық округіндегі тұрғындардың өзекті мәселесіне айналған ауыз су бойынша Сұлтанбек Қожанов пен Нұртас елді мекенінің тұрғындары жеткізді. Ауылдық округтердегі елді мекендерде интернет байланысының нашарлығын, С.Қожанов елді мекеніне тұрғын үйге жер берілуін, мал ішетін судың жоқтығын, Теке елді мекеніне трансформатор орнатуын, электр бағаналарын ауыстыруын, Нұртас елді мекеніне балалар ойын алаңын салу, С.Қожанов елді мекеніне қоғамдық көліктің қатынап жатқанын, алайда күніне 2 рет қатынаса деген ұсыныс пікірлерін білдірді.
Үшқайық ауыл округінің орталығы – Үшқайық ауылы.
Елді мекендері — Үшқайық, Теке, Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс. Халық саны — 6208 адам.
Округтің жалпы жер көлемі — 52821 гектар. Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жері — 47547 гектар;
суармалы жері — 5030 гектар;
шабындық жері — 256 гектар; жайылымдық жері — 42517 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер төмендегіше:
№ | Елді мекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Ұсақ мал |
1 | Теке | 152 | 1288 | 14620 | |
2 | Нұртас | — | 588 | 2318 | 10814 |
3 | С.Қожанов | 176 | 176 | 1369 | 9645 |
4 | Жалаңтөс | 381 | 270 | 1419 | 945 |
Барлығы: | 557 | 1186 | 6394 | 36024 |
Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер мынадай:
№ | Елді мекен | Ветеринариялық станциялар | Ұсақ малдарды шомылдыру орындары | Жасанды ұрықтандыру пунктері | Биотермия- лық шұңқырлар |
1 | Теке | 1 | 1 | 1 | — |
2 | Нұртас | — | 1 | 1 | — |
3 | С.Қожа- нов | — | — | — | — |
4 | — | — | — | — | |
Жа- лаңтөс | |||||
Барлы- ғы: | 1 | 2 | 2 | — | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:
№ | Жайылым аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Жайылым аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескер- ту |
1 | Сәуір-мамыр | Тамыз-қазан |
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:
№ | Елді мекен- дер | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | |||
Жылқы | Гектар нормасы | Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара | ||
1 | 2 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Теке | 152 | 9 | 1368 | 1288 |
2 | Нұртас | 588 | 9 | 5292 | 2318 |
3 | С.Қожанов | 176 | 9 | 1584 | 1369 |
4 | Жалаңтөс | 270 | 9 | 2430 | 1419 |
Барлығы: | 1186 | 9 | 10674 | 6394 |
Гектар нормасы | Қажетті жайылым, гектар | Ұсақ мал | Гектар нормасы | Қажетті жайылым, гектар |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
8 | 10304 | 14620 | 2 | 29240 |
8 | 18544 | 10814 | 2 | 21628 |
8 | 10952 | 9645 | 2 | 19290 |
8 | 1352 | 945 | 2 | 1890 |
8 | 41152 | 36024 | 2 | 67048 |
Жоғарыда аталған ауылдық округтердегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша әрбір сұраққа дер кезінде аудан әкімінің орынбасарлары және тиісті бөлім басшылары бақылауға алып, шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, кездесулерде сол ауылдық округтерінен сайланған депутаттар да өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.