Бұл туралы Сауран ауданы Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысғали Нұрғалиұлы Жұманов 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебінде айтып өтті.
Жалпы, Шаға ауылдық округінде 3 елді мекен бар. Олар: Қазақстанның ХХХ жылдығы, Шаға, Бершін төбе мекендері. Аталмыш ауылдардағы халық және түтін саны туралы мәліметтерді кесте түрінде төменде ұсынып отырмыз:
№ | Елді мекен атауы | Халық саны | Үй саны |
1 | Қазақстанның ХХХ жылдығы | 8542 | 1211 |
2 | Шаға | 1529 | 248 |
3 | Бершінтөбе | 1210 | 178 |
Барлығы: | 11281 | 1637 |
Ал тату-тәтті күн кешіп жатқан халықтың сандық ұлттық құрамын тарқата айтсақ, қазақтар – 6702 адам, өзбектер – 4534 адам, басқа ұлт өкілдері – 45 адам.
Жалпы, Шаға ауылдық округі әкімі аппараты 2023 жылғы 9 айда бекітілген жоспар негізінде жұмыс атқарды. Ауылдық округ әкімі аппаратында 15 қызметкер бар екен, оның ішінде 9-ы — мемлекеттік қызметкер, алтауы келісімшартпен жұмыс атқарады.
Р/С | Құжаттардың атауы | 2023 жыл 9 айда | |
1 | Ауылдық округ әкімі аппаратына мекемелерден келіп түскен кіріс құжаттар | 1820 | |
2 | Ауылдық округ әкімі аппаратынан мекемелерге жолданған шығыс құжаттар | 1530 | |
3 | Келіп түскен өтініштер | Жеке тұлғалардан | 247 |
Заңды тұлғалардан | 1 | ||
4 | Жеке қабылдауда болған азаматтар | — | |
5 | Ауылдық округ әкімінің қабылданған өкімдер | 91 | |
6 | Ауылдық округ әкімінің қабылданған шешімдер | 245 | |
7 | Тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілер | 2 | |
8 | Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық | Жоқ |
Мұнан соң Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысғали Жұманов жергілікті өзін-өзі басқару функциясын іске асыру жайын қозғады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, бөлінген қаржыны және басқа да түсімдерден түскен қаржыны игеру, кіріс-шығыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралып, қоғамдастық мүшелерімен келісілді» — дейді ол.
Қаржы дегеннен шығады, бюджет саласы бойынша Шаға ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жылы 9 айда аудандық бюджеттен 50192,0 мың теңге бөлінген екен. Оның 50192,0 мың теңгесі игеріліп, жоспар 100 пайызға орындалып отыр.
Бюджет мәселесі тілге оралғанда, салық туралы айтпай өтуге болмаса. Себебі қазына қоржыны осы салық есебінен қомпаяды. Сол себепті ауыл округi бойынша 2023 жылы салық түрлері бойынша 9 айда орындалуы туралы мәліметті төменде кесте түрінде ұсынып отырмыз:
№ | Салық түрі | Жоспар | Орындалуы | % |
І | Салықтың барлық түсімдері бойынша, оның ішінде: | 49964,0 | 75348,8 | 150,8 |
1 | Мүлік салығы | 150,0 | 405,0 | 270 |
2 | Жеке тұлғалардан алынатын жер салығы | 0 | 192,2 | |
3 | Көлік салығы | 4207,0 | 13510,0 | 321 |
4 | Бірыңғай жер салығы | 0 | 87,7 | |
5 | Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем (рента) | 0 | 65,1 | |
6 | Жалға беруден түсетін кірістер | 80 | 0 | 0 |
7 | Жер учаскелерін сатудан түскен қаржы | — | 17108,0 | |
8 | Ағымдағы нысаналы трансферт | 42057,0 | 42057,0 | 100 |
Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысғали Жұманов бұдан кейін ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге көшті. Айтуынша ауыл округінің жалпы ауыл шаруашылығы жері 63491 гектарды құрайды. Нақтылай түскенде, оның ішінде:
1. Суармалысы – 5230 гектар; | 4. Арнайы қоры – 16329 гектар; |
2. Жайылымдық жері – 37845 гектар; | 5. Су қоры – 227 гектар; |
3. Шабындық жері – 479 гектар; | 6. Елді мекен жері – 3381 гектар. |
«Ортақ жайылым үшін 14853,9 гектар жайылым жерлерді қайтару үшін жер телімдерінің тізімі аудандық жер қатынастары бөліміне ұсынылып, жергілікті «Сауран» газетіне тізімі жарияланды және аудан әкімінің тиісті қаулысы қабылданды. Қазіргі таңға облыстық жер кадастр бөлімімен жерге орналастыру жобасы дайындалуда» — дейді Ырысғали Нұрғалиұлы.
Орайы келгенде, Сауран ауданы бойынша ауылдық округтердегі, елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету жоспарының орындалу барысы туралы айтып өткенді құп көріп отырмыз. Сонымен…
Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар 126,9 гектар болатын. Оның ішінде: 48,5 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтару арқылы, 78,4 мың гектар жер учаскесі меморандум арқылы қайтару жоспарланған. Ал бүгінгі таңдағы жоспардың орындалуына келсек, емлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың гектар жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың гектар жер учаскесіне шаруа қожалығы иелерімен келісімшарт түзумен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы жоспар бойынша орындалғаны 121 260 мың гектар жер учаскесін құрады. Бүгінгі таңда 10 жер учаскесі бойынша сотқа талап арыз жолданып, 1 жер учаскесі жалпы алаңы 200,0 гектар жер телімі сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылды. Алдағы уақытта ҚР Жер кодексінің 82-ші бабына сәйкес, өз еркімен немесе сот арқылы мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары толығымен жүргізілетін болады.
Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған.
Сонымен қатар Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ситуациялық сызбаға сәйкес мемлекеттік арнайы жер қорының есебіндегі жалпы алаңы 40000 мың гектар жер учаскелері әр ауылдық округтің теңгеріміне бекітіп беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша Түркістан облысының жер ресурстар басқару департаменті тарапынан Сауран ауданына қойылған жоспарға сәйкес мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының қамтамасыз ету жоспары 2023 жылға 30,0 мың гектар қойылған.
Оның қазіргі күнгі орындалуына келсек, 14,8 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарлды, алдағы уақытта 16,2 мың гектарға әр ай бойынша қайтару жоспары бектілген.
Түркістан облысы жер қатынастары басқармасы тарапынан 2023 жылға елді мекендерді жайылыммен қамтамасыз ету бойынша жоспар 29,5 мың гектар қойылған.
Оның ішінде: 1-бағытқа 27,0 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланса, 2-бағытқа 2,5 мың гектар жер учаскесін ортақ жайылым қажеттілігінен төмендету межеленген.
Орындалуына келсек, 1-бағыт бойынша 10,2 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 2-бағыт бойынша 12,9 мың гектар жайылым жүктемесінен төмендетілді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Сауран ауданы әкімдігі тарапынан Сауран ауданына қарасты жер учаскелерін аймақтарға бөлу және жер учаскелерінің түзету коефициенттері, Сауран ауданы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №264, №67 бірлескен шешімі және Сауран ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы №65 шешімен бекітілді.
Қорыта айтқанда, Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында 15 жер пайдаланушы жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбай жатқандығы және Қазақстан Республикасы жер кодексінің 92-бабының талаптарына сәйкес сақтамағандығы, яғни жер учаскесін игерілмей жатқандығы анықталды. Анықталған жер учаскелері бойынша акт түзіліп, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне пайдалану және табысталу заңдылықтарына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге және жер учаскесін қайтаруға ықпал жасау үшін хаттар жолданған.
Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері тарапынан игерілмей және мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтап жергілікті атқарушы органдарға ұсыну жұмыстары мүлдем жүргізілмеді. Жоғарыда анықталған жер учаскелеріне қатысты заңбұзушылықтар Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан жүргізіліп, анықталды.
Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысғали Жұмановтың есебінен тағы бір ұққанымыз, ауылдық округте 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған екен. Ол туралы деректерді төменде кесте түрінде ұсындық.
№ | Кооператив атауы | Біріккен шаруа қожалығы | Жер көлемі гектар | Жаңбырлатып суару әдісі, гектар |
1 | Түркістан Агро ХХI | 80 | 1044 | 780 |
2 | Агро жетістік 2020 | 120 | 1332 | 300 |
3 | «Ордабасы құс» ЖШС «Ынтымақ» АӨК | 70 | 710 | 460 |
4 | Ақын Молда Мұса | 136 | 2144 | |
5 | СПК Сауран | 500 | ||
Барлығы | 406 | 5230 | 2040 |
Осы тұста 2023 жылдың 9 айында егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі туралы мәліметті де келтіре кеткен жөн.
Р/с | Дақыл атауы | Өлшем бірлігі | Егіс көлемі, гектар |
1 | Бидай | гектар | 552 |
2 | Дәндік жүгері | гектар | 605 |
Силос | |||
3 | Сүрлемдік жүгері | гектар | |
4 | Мақта | гектар | 755 |
5 | Бақша | гектар | 234 |
6 | Көкөніс | гектар | 190 |
7 | Ескі жоңышқа | гектар | 2364 |
8 | Жаңа жоңышқа | гектар | 90 |
Барлығы | 4790 | ||
9 | Жүзім | гектар | 25 |
10 | Бау | гектар | 240 |
11 | Жылыжай (2-айналым) | гектар | 2,4 |
Барлығы | 267,4 |
Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысғали Жұмановтың айтуынша, ауылдық округтің мал шаруашылығы саласында да қадау-қадау табыстар жетіп артылады. Ең әуелі 2023 жылғы 1 қазандағы мал басы туралы мәліметпен таныстырып алайық.
Мал түрі | 01.10.2023 жыл |
Қой-ешкі | 43904 |
Ірі қара | 5768 |
Түйе | 176 |
Жылқы | 1336 |
Құс басы | 9398 |
Ауыл округінде
— 1 мал өлексесін тастайтын орын және 1 қой тоғыту ваннасы бар екен.
— Арнайы бригада көмегімен 2023 жылғы 9 айда 263 қаңғыбас ит, мысық ауланды.
— «Мамлакат» шаруа қожалығында қазіргі күнге құны 206 миллион теңге тұратын 625 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Алаңда 625 бас ірі қара бордақыланды.
— Шаруа қожалығында құны 80 миллион теңге тұратын, тәулігіне 15-20 бас мал союға мүмкіндігі бар мал сою бекеті ашылып, 10 адам жұмыспен қамтылған.
— «Мамлакат» шаруа қожалығында құрама жем шығаратын цех жұмыс істеп тұр.
Дәл осы тұста үш жақты келісімшарты бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде де мағлұмат бере кетейік.
Үш жақты келісімшарты бойынша берілген тапсырма | Жоспар | орындалуы | пайыз | |
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, миллион теңге | 11 миллиард | 6 миллиард | 54,5 | |
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың өсімі, миллион теңге | 2 миллиард 400 миллион | 1 миллиард 920 миллион | 80,0 | |
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялар өсімі, миллион теңге | 55 | 55 | 100,0 | |
Егістік жердің игерілуі, гектар | 4543 | 4790 | 105,0 | |
1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру, гектар | 550 | 550 | 100,0 | |
Жылыжай салу, гектар | 1,3 | 1,3 | 100,0 | |
Тамшылатып суғару әдісін ендіру, гектар | 20 | 20 | 100,0 | |
Жаңбырлатып суғару әдісін ендіру, гектар | 500 | 500 | 100,0 | |
Қарқынды бау шаруашылығын дамыту, гектар | 15 | 15 | 100,0 | |
Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау, бірлік | 7 | 7 | 100,0 | |
Ет өндіру көлемін арттыру | 0,5 | 0,30 | 30,0 | |
Сүт өндіру көлемін арттыру | 2,8 | 2,9 | 101,0 | |
Жұмыртқа өндіру көлемін арттыру | 0,6 | 0,07 | 11,7 | |
Ірі қара мал басын ұлғайту (мың бас) | 6,3 | 6,36 | 101,0 | |
Уақ мал басын ұлғайту (мың бас) | 38,75 | 39,0 | 100,6 | |
Жылқы мал басын ұлғайту (мың бас) | 1,654 | 17 | 105 | |
Түйе мал басын ұлғайту (мың бас) | 0,16 | 0,19 | 104 | |
Құс басын ұлғайту (мың бас) | 9,125 | 9,2 | 101 |
Жалпы, осы жылдың 9 айында Сауран ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 66,2 миллиард теңгеге жетті, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,4%-ды құрады.
Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын өркендету мәселесіне ерекше тоқталды. Нақты бағыт-бағдар нұсқады.
«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз.
Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет.
Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек.
Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн.
Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек.
Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек.
Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал.
Қазір жаһандық бәсеке күшейіп тұр, тауар нарығында өзгеріс бар. Мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз керек. Жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды. Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұр. Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн.
Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді.
Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек.
Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз.
Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн.
Мемлекеттің баға реттеу мәселесіне шектен тыс араласуы агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені де шешу керек.
Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ахуалды тұрақтандыру ісінде қазіргіден де маңызды рөл атқаруға тиіс. Бұл мекеме қажет кезде интервенция жасап, бағаның өсімін тежеп отырады. Азық-түлік корпорациясы нарықтағы жекеменшік иелерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толыққанды желі құруына жәрдемдесуге тиіс» — деді Президент.
Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысғали Жұманов мән берген келесі сала кәсіпкерлік және жұмыспен қамту болды.
«Ауыл округі аумағында 2 дәріхана, 3 типтік жылыжай, үйіргелік жерде 11 жылыжай, 1 диірмен, 3 шлакоблок шығаратын цех жұмыс істейді. Шарбан Абдураймова 90 миллион теңгеге құрал-жабдықтар алып, ауыз су шығару цехын іске қосты. Одан басқа 25 сауда нүктесі, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы (3 монша, 2 бассейн), 2 автокөлік жөндеу шеберханасы және 3 автожуу бекеті, 3 қоғамдық тамақтану орны бар. Барлығы патентпен жұмыс істейді. Ауылдық округінде 1 наубайхана бар» — дейді ауыл әкімі.
Әлеуметтік сала бойынша айтсақ. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылып келеді екен. 2023 жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмекке 202 отбасыға сомасы 37 067511 теңге тағайындалыпты. Ауылда тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға демеушілер есебінен 22 отбасыға азық-түлікпен көмек берілген.
Сонымен қатар Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысғали Жұманов нәтижелі жұмыспен қамту туралы да сөз қозғады. Атқарылған жұмыстарды кестеге сыйдырып бергенді мақұл көрдік.
Р/с | Атауы | 2023 жылы 9 айда |
1 | Жастар практикасы | 48 |
2 | Ақылы қоғамдық жұмыс | 22 |
3 | Әлеуметтік жұмыс орындары | 20 |
4 | Алғашқы жұмыс орны | 7 |
5 | Күміс жас | 9 |
6 | Мемлекеттік грант | 2 |
7 | Шағын несие | 0 |
8 | Тұрақты жұмыс | 101 |
9 | Жаңа жұмыс орны | 13 |
10 | Бос жұмыс орындары | 88 |
11 | Мүмкіншілігішектеулі азаматтар жұмыспен қамтылуы | 11 |
Енді ауылдық округтегі білім беру саласы жайлы. Ауылдық округте 4 жалпы орта білім беру және 1 бастауыш мектебі орналасқан. Сонымен қатар, 2 жекеменшік бастауыш мектебі бар. Барлық мектептерде телефон және компьютер сыныптары бар. Бес мектеп интернетке қосылған. Мұғалімдер саны – 415, оқушылар саны – 2884.
Мектептердің бүгінгі жағдайы туралы деректерді білгіңіз келсе, төмендегі кестеге үңіліңіз:
Мектептер-
дің аты |
Типтік, ыңғайлас-
тырылған |
Салын-ған жылы | Телефон
мен қамтыл- ған |
Оқушылар
орнының саны |
Нақты оқитын
дары |
Молда Мұса | Типтік | 1984 | Бар | 1150 | 1458 |
Ә.Сығай | Типтік | 2021 | Бар | 300 | 623 |
Ташанақ | Типтік | 2014 | Бар | 300 | 517 |
Вахидов | Типтік | 1987 | Бар | 300 | 393 |
Бұдан бөлек Шаға ауылдық округінде 1 мемлекеттік және 3 жекеменшік балабақша жұмыс атқаруда. Балабақшаға балаларды тасымалдауды балабақша құрылтайшылары өздерінің жеке қойылған көліктері арқылы жүргізеді екен.
Денсаулық сақтау саласына келсек. Ауыл округі аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік тірек халыққа қызмет көрсетеді. Онда 8 жоғары білімді дәрігер, 33 орта білімді медицина қызметкері жұмыс істейді. 1 жедел жәрдем көлігі бар.
Шаға дәрігерлік амбулаториясы мекемесінде 2011 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шаға ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясында 15 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді.
Осы ретте жұқпалы ауруларға байланысты көрсеткіштерді кестеге сыйдырып көрсек:
Ауру атауы | 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткіші | 2023 жылғы 9 айдағы көрсеткіші |
Көрінген адам саны | 22490 | 23349 |
Күндізгі стационарда ем алған адам саны | 98 | 123 |
Флюорографиялық тексеруден өткен адам саны | 2495 | 2934 |
Ит тістеу | 6 | 14 |
Кене шағу | 8 | 7 |
Ішек ауруы | — | 8 |
Өкпе құрт ауруы | 5 | 3 |
Сарып (бруцеллез) | 1 | 1 |
Жалпы өлім | 28 | 22 |
Балалар өлімі (0-5 жас) | 3 | 1 |
Денсаулық сақтау мәселесі сөз болғанда, медицинадық сақтандыруды айналып өте алмайсыз. Сондықтан аз-кем ақпарат бере кетейік. Ауыл әкімінің айтуынша, Шаға ауылдық округі бойынша дәрігерлік амбулаторияға 8950 адам тіркелген.
— Сақтандырылғандар – 7362 адам, 79,3 %.
— Жаңадан сақтандырылғандар саны – 105 адам.
— Сақтандырылмағандар – 1588 адам, 20,7 %.
Байланыс саласына келсек, ауыл тұрғындарына 2 пошта бөлімшесі қызмет көрсетеді. 1 АТС бар.
Өз кезегінде Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысғали Жұманов әскер қатарына шақыру бойынша да мәлімет берді. Ауылдық округі бойынша 2023 жылы әскерге шақырылушылардың саны туралы мәлімет кесте түрінде беріліп отыр.
№ | Орындалу мерзімі | Барлық шақырылушылар-дың саны | Оның ішінде ОДС іріктелгені | Әскерге кеткені |
1 | 2023 жылы 9 айда | 360 | 12 | 13 |
Әскер қатарына шақырушылар туралы мәлімет мынадай:
Барлық шақырылушылар-дың саны | Оқуда оқып жүргендер | Үйленгендер | Шет елде немесе Қазақстан аумағында | Мүгедектер | Ауылда жүргендер |
360 | 204 | 61 | 38
|
6 | 51 |
Ауыл әкімі келесі кезекте мәдениет саласының жайын қозғады. Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында 2011 жылы ауылдық клуб ашылды. Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында және Шаға ауылында кітапхана бар. Барлық кітапхана қоры 28 мың кітапты құрайды. Ауылда ауыл әкімінің ұйымдастыруымен түрлі мәдени іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады екен.
№ | Мәліметтер | 2023 жыл 9 айда |
1 | Клуб | 1 |
Қызметкерлер саны | 2 | |
Өткізілгеніс-шаралар саны | 41 | |
2 | Кітапхана саны | 3 |
Қызметкерлер саны | 3 | |
3 | Өткізілген іс-шаралар | 17 |
Кітаптар саны | 28000 |
Спорт саласы бойынша не айтуға болады? «Төрт мектепте спорт залы бар. Мектептерде әртүрлі спорт үйірмелері бар. Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында жаздық стадион бар. 2017 жылы жеке кәсіпкер Д.Мирзараймов жабық спорт кешенін салып пайдалануға берді. 2021 жылы жеке кәсіпкер Ербол Арызкулов жабық спорт кешенін пайдалануға берді. Спорт кешендерінде күрестен және волейболдан үйірме жұмыстары ұйымдастырылған. Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Ауыл тұрғыны Молдаш Кемелбек дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды» — дейді ауыл әкімі Ырысғали Нұрғалиұлы.
Сөздің реті келгенде, ауыл басшысы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тындырылып жатқан тірліктерге тоқталды. 2023 жылдың 2 ақпан күні ауылдық округтің Шаға ауылында ауа райының жауын-шашынды болып, жерде тоң болуына байланысты су тасқыны орын алды. Аудандық төтенше жағдай басқармасының және аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен су тасқынының зардабын жою мақсатында тиісті жұмыс атқарылды. Тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғындарының тұрғын үйлерімен қора-жайларына төлемақы төленді. Келешекте су тасқынының алдын алу мақсатында Шаға ауылының үстіңгі жағынан қашыртқы канал қазу үшін карта жасалып, тиісті органдарға тапсырылыпты.
Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысғали Жұманов діни бірлестіктер туралы былай дейді: «Ауылдық округте 3 мешіт, 2 намазхана бар. Ауылдық округте діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша мешіт имамдары және учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен діни мәселері жөнінде және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тұрғындармен кездесулер өткізіліп тұрады».
Коммуналдық сала бойынша ауылдық округте біраз шаруаның атқарылғаны көрініп тұр. Мәселен, Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында жалпы ұзындығы 43 шақырым ауыз су құбырлары жүргізіліп, пайдалануға беріліп, қазіргі уақытта ауылға ауыз су тұрақты берілуде екен. Жаз айларында ауыз судан ауылдың төменгі жағына су берілуде біраз іркіліс бар. Алайда қазіргі уақытта ауызсу жетіспеушілігін реттеу мақсатында Алтынсарин көшесінің бас жағында орналасқан су ұңғымасын ауызсу магистраліне қосу жұмыстары жүргізілу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіпті. 2019 жылы Шаға және 2018 жылы Бершінтөбе ауылындағы жүргізілген ауыз су жүйесі пайдалануға берілген. Сенбіліктер өткізіліп, көшелер, алаңдар уақтылы тазаланып тұрады.
«Қазақстанның ХХХ жылдығы, Шаға және Бершінтөбе ауылдарына газ құбырлары тартылып пайдалануға берілді. Қазіргі күні тұрғын үйлерге газ құбырына қосу жұмыстары толық тартылып, іске қосылды. Биыл ауыл ішіндегі 6 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі, атап айтқанда, Молда Мұса, Аманкелді, Т.Рысқұлов, Новаи 1, 2 және С.Шакиров көшелеріне. Новаи 1 және С.Шакиров көшелеріне жарықтандыру жұмыстары толығымен жүргізіліп, іске қосылды. Ал Темірқорған көшесіне мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес мердігерлер анықталып, қазіргі уақытта асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Фурхат, Тағайлы ата, Жастар көшелеріне асфальттау жұмыстары толығымен бітіп, қолданысқа берілді. Бұл жұмыстардан бөлек Қазақстанның 30 жылдығы ауылына 4 дана трансформатор, Шаға ауылына 2 дана, Бершін төбе ауылына 2 дана трансформатор орнатылады» — дегенді ауыл әкімі ауыз толтырып жеткізді.
Өз кезегінде әкім ауыл округінде тіркелген қылмыс саны туралы мәліметпен де бөлісті.
№ | Қылмыс түрі | Жалпы қылмыс саны (ІІБ-учаске) | Қылмыстың ашылуы (ІІБ) |
2023 жылы 9 айда | 2023 жылы 9 айда | ||
1 | Барлығы: | 5 | 5 |
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 133 хаттама толтырылған. Қазіргі уақытта ауыл округі аумағында жұмыс істейтін кереғар діни ағымдар мен діни секталар жоқ. Жалпы алғанда, ауыл округі аумағында қоғамдық-саяси жағдай, ұлтаралық қарым-қатынас қалыпты жағдайда екен.
Есебінің соңына таман ауыл басшысы 2023 жылы IV тоқсанда атқарылатын іс-шара туралы да мәлімет беріп өтті. Сонымен, саусақ бүгіп санап отырыңыз.
- Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылы Абай, Ақан Сері, Қожанов көшесінің 6-қиылысы, Қожанов көшесінің 7-қиылысы, Майлықожан 1, Майлықожа 2 көшелеріне және Бершінтөбе ауылындағы Бершін көшесі, Шаға ауылындағы Мектеп көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізіледі.
- Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылы С.Қожанов көшесі бойына 3 аялдама орнатылады.
- Шаға ауылдық округі әкімі аппараты мемлкеттік мекемесінің ғимаратына табиғи газ жүйесі жүргізіледі.
Әкім Шаға ауылдық округі бойынша өзекті мәселелерді де бүгіп қалмады. Жік-жігімен айтып шықты.
Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылы бойынша:
— С.Қожанов көшесінің 6 қиылысына жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;
— Заңсыз салынған тұрғын үйлерді айыппұл салу жолымен құжаттандыру;
— Шаға ауылындағы қатты жауын-шашын салдарынан орын алған тасқын су әсерінен бұзылған Құмбұлақ және Түркістан көшелеріне жөндеу жұмыстары;
— Ауызсу мәселесін шешу жолында Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылына жаңадан су мұнарасын салу;
— Құдықшалардың бетін жабу;
— Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылынан балалар ойын алаңшасын салу;
— Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылының оралман халқы тұратын жақ бөлігінен 300 орындық мектеп салу;
— ауыл аумағына ауыл тыныштығын, тұрақтылығын қадағалау мақсатында бейне бақылауларын орнату;
— Молда Мұса мектебіне бейнебақылау орнату қажет;
— Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында орналасқан Молда Мұса және №13 Ә.Сығай атындағы жалпы орта мектептерінің жылу жүйесін газ жүйесіне қосу;
— бас жоспарға сәйкес тұрғын үй құрылысы үшін арналған жер телімдері елді мекен шебінде орналасқан 270 гектар жерлер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануда болуына байланысты елді мекен шебінде орналасқан қолданыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін Сауран ауданының арнайы қорына қайтару.
Ал Бершін төбе, Шаға ауылдары бойынша:
— Шаға ауылдық округі Бершінтөбе ауылы Ақынтоған көшесіне асфальттау;
— Бершінтөбе ауылынан ауыл тұрғындарына ауызсуды беруге су қорының аздығына байланысты қосымша құдық қазу қажеттілігі бар;
— Бершінтөбе ауылына ауызсу беретін құдықта мотор бұзылған, жаңа мотор алу;
— Бершінтөбе ауылына спорт алаңшасын салып беру;
— Шаға ауылындағы қатты жауын-шашын салдарынан орын алған тасқын су әсерінен бұзылған Құмбұлақ және Түркістан көшелеріне жөндеу жұмыстарын іске асыру қажет.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.